Пәні: Информатика
Сыныбы: 9а сынып - 20.12.2016
Сабақтың тақырыбы: Массив. Бірөлшемді массивтер.
Мақсаты: Оқушыларға бірөлшемді массивтер ұғымымен таныстыру және олармен есептер шығаруды түсіндіру.
Міндеттері:
Оқушыларға массив және бірөлшемді массив ұғымы мен, массивтің элементтерін енгізуді және шығаруды, бірөлшемді массивтерге Pascal программалау тілінде программа құра білуге үйрету.
Ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеп, еркін айтуға дағдыландыру.
Эстетикалық талғамын молайтуға, терең ойланып, шапшаң әрекет жасауға, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту технологиясы: сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың әдісі: “кір жаятын жіп”, “ойлан, бірік, бөліс”
Сабақтың құрал-жабдықтары:
Құралдар: интерактивті тақта, дербес компьютер.
Көрнекіліктер: слайд, флипчарт, қима қағаздары, себет, постер, маркер, желім.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, математика
Күтілетін нәтиже:
Бірөлшемді массивтер туралы түсінік алады;
Pascal бағдарламасында бірөлшемді массивтерді енгізеді және шығарады.
Бірөлшемді массивтермен Pascal бағдарламасында есептер шығара алады;
Ақпараттық сауаттылығы жоғары жеке тұлға қалыптасады.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Сабақты қорыту.
V. Үй тапсырмасы.
VІ. Бағалау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі /2 мин./
Оқушылармен амандасып, оқу құралдарын түгелдеу.
Конфеттерді таңдап, олардың түрлеріне байланысты integer, real тобына топтастыру. Топ басшыларын сайлау.
Итермелеу сатысы. Үйге берілген 2-есепті топ басшылар дәптерлерінен қарап шығады.
V-ның мәнін есептейтін программа құр.
Program Esep;
Uses crt;
Var S, K: real;
Begin
S:=0;
For k:=1 to 20 Do
S:=S+K;
Write (‘S=’, S);
End.
S-тің мәнін есептeйтін программа құр.
Program Esep;
uses crt;
var S1, S2, S, T: real;
K, N: integer;
begin
readln (T);
S1:=0; S2:=0;
for K:=3 to 18 do
S1:=K*K+T;
for N:=6 to 12 do
S2:=N-T;
writeln (’ S=’, S1+ S2);
end.
Үй тапсырмасын қорыту:
«Кір жаятын жіп» әдісі арқылы тексеру. Қима қағаздары таратылады да, есепті реттілікпен жіпке іледі. Есепті тексеріп, қорытынды жасау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (10 мин.)
Конструкциялау сатысы
Қызығушылықты ояту.
Суреттер себетінен сурет бөліктерін алып, құрастырады. «Expo 2017» және «Тәуелсіздікке 25 жыл» суреті құрастырылуы керек, топтар бір-біріне көрсетеді.
Program Esep;
uses crt;
var m:ARRAY[1..10] of integer;
i: integer; s:real;
begin
for i:=1 to 10 do
Begin
Write(‘Массив’,і, ‘элементін енгізіңдер’);
Readln(m[i]);
End;
for i:=1 to 10 do
s:=s+m[i];
write ( ‘Массив элементтерінің қосындысы =‘,s);
readln;
end.
«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі бойынша суреттің екінші жағындағы есепке көңіл бөліп талқылайды, бір-біріне баяндайды.
«Өкіл» талқылау құралы
Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді.
Оқушылардың ойын тыңдап болған соң, жаңа сабақты түсіндіру.
Массив. Бірөлшемді массивтер
Массив - бұл бір атаумен (жиым идентификаторы) белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны. Массивтердің негізгі параметрлеріне оның типі (сандық, символдық, логикалық), өлшемі (бірөлшемді, екіөлшемді т.с.с) және көлемі (жиымдардың әрбір өлшемдегі элементтерінің саны) жатады.
Массив сипаттау үшін array of сөз тіркесі қолданылады.
Оның жазылу пішімі:
type = array[] of ;
var : ;
мұндағы array (массив),of (-дан,-ден,-тан,-тен)-түйінді сөздер;
[]-real, integer базалық типтерінен өзге кез келген стандартты тип, яғни индекстің типі ретінде шектеулі саналатын, логикалық және литерлік типтер пайданылады; - құраушылар (элементтер) типі, яғни Паскаль тілінде пайдалануға болатын массив элементтерінің типі.
Массив элементтеріне қол жеткізу үшін оның индексі пайдаланылады. Индекс элементтің қай жерде тұрғанын анықтайды. Индекс өрнек, айнымалы немесе тұрақты түрінде берілуі мүмкін.
Массив типтер бөлігінде көрсетілмей, бірден айнымалылар бөлігінде былай да анықтала береді:
var :array [ индекс типі] of
[];
Мысалдар:
type
Klass =(K1,K2,K3,K4);
Znak =array[1..255] of char;
Var
M1:Znak; {Znak типі типтер бөлігінде анықталған}
M2:array [1..60] of integer;{М2 массивті тікелей сипаттау}
M3:array[1..4]of Klass;
Mas:array [1..4] of integer;
Lit:array [char] of real;
Ogr:array [5..15] of char;
Bol:array[boolean] of integer;
A:array[1..5] of real;
Aj:array[қаңтар,...,желтоқсан] of integer;
Нақты сандар кестесін қарастыр:
I | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
N[i] | 2 | 3.2 | -7.11 | 0 | 91 | -75 | 0 | 0.05 | -9.81 |
Мұндағы N [i] – массив элементі, i – массив элементтердің реттік номері яғни индексі.
Мысалы: n[2]= 3.2 , n[4..6]= 0, 91,- 75.
Массив элементтерін енгізу
BEGIN
for i:=1 to n do
begin
write(i,’-элементті енгіз ‘);
readln(А[i]);
end;
Массив элементтерін экранға шығару
For i:=1 to n do
write (A[i],’’:2);
Оқушыларға талқылауға берілген бірөлшемді массив элементтерінің қосындысын шығаратын есептің программасын интерактивті тақтадан Pascal бағдарламасына салып нәтижесін шығарып көрсету.
Постермен жұмыс:
1 топқа -5 элементтен тұратын бірөлшемді массив элементтерінің көбейтіндісін есептейтін программа құрыңыз.
Program Esep;
uses crt;
var m:ARRAY[1..10] of integer;
i: integer; s:real;
begin
for i:=1 to 10 do
Begin
Write(‘Массив’,і, ‘элементін енгізіңдер’);
Readln(m[i]);
End;
for i:=1 to 10 do
s:=s*m[i];
write ( ‘Массив элементтерінің қөбейтіндісін =‘,s);
readln;
end.
2 топқа-5 бүтін саннан тұратын тізбектің арифметикалық ортасын табатын программа құралық.
PROGRAM ORTA;
Var
X:array [1..5] of integer;
I:integer;
S:real;
Begin
S:=0;
Writeln(‘бос орын арқылы 5 сан енгізіңдер:’);
For i:=1 to 5 do
Begin
Read(x);
S:=s+x;
End;
S:=s/5;
Writeln(‘s=’,s:5:2);
End.
Тапсырма: /компьютермен жұмыс/ /10 мин./
Деңгейлік тапсырмалар
А деңгейі
Берілген А=[ 5 9 7 -8 6 -14 2] массивын енгізіп, осы А массивын керісінше A=[2 -14 6 -8 7 9 5] шығаратын программа құру қажет.
В деңгейі
Берілген С=[ 1 2 3 4 5 6] массивын енгізіп, оның әр элементтерін квадраттау керек. Нәтижесінде С=[ 1 4 9 16 25 36] шығаратын программа құру қажет.
С деңгейі
Берілген A=[ 4 4 4 4 4 4] және B=[5 5 5 5 5 5] массивтерін енгізіп, А және В массив элементтерінің қосындысын табу керек. Нәтижесінде С=[ 9 9 9 9 9 9 ] массивын шығаратын программа құру қажет.
Нұсқалау сатысы
Компьютерге терілген программаны қарап шығып, сауатты жазғанына көңіл бөліп, нәтижесін талқылау.
Сергіту сәті. «Қатені тап...» ойыны /7 мин./
Берілген есепті шығарады, бірақ осы есепті постерде қатемен орындап, топтар жұмыстарымен бір-бірімен алмасып, қателерін тауып, жұмыстарын қорғайды.
1-ші топқа есеп: Берілген С=[ 1 2 3 4 5 6] массивын енгізіп, оның әр элементтерін 4-ке арттыру керек. Нәтижесінде С=[ 10 9 8 7 6 5 ] массивын керісінше шығаратын программа құру қажет.
2-ші топқа есеп: Берілген A=[ 4 4 4 4 4 4] және B=[ 2 2 2 2 2 2 ] массивтерін енгізіп, В массивының әр элементтерін 1-ге арттыру керек, содан соң А және В массив элементтерінің көбейтіндісін табу керек. Нәтижесінде С=[ 12 12 12 12 12 12 ] массивын шығаратын программа құру қажет.
ІV. Сабақты қорыту. /3 мин./
Массив қандай сөзбен сипатталады?
а) while; b) for; c) repeat; d) array*
Массивтің дұрыс жазылуын көрсет:
а) a: array [1..10] of Integer;* b) array a: [1.] of Integer;
c) array a: [1..10] of Integer; d) a: [1..10] of Integer;
Массив берілген а:array [1..5] of real. Массив элементтерінің мәні:
-3 2.7 5.3 -2.8 5 а[3] элементтің мәні нешеге тең?
а) 5.3;* b) -3; c) 2.7; d)5.
А:array[1..40] of real жиымы элементтерін пернетақтадан енгізу программасының үзіндісі
а) for i:=1 to 40 do read(a[i]); b) for i:=1 to 20 do read(a[n]);
c) for i:=1 to 40 do; d) for i:=1 to 100 do read(a);
Программаны орындауда экранға қандай нәтиже шығады?
begin
for i:=1 to 5 do
s:=s+m[i];
а) 15;* b) 55; c) 30; d) 75.
А:array[1..40] of real жиымы элементтерінің көбейтіндісін табатын программаның үзіндісі
а) for i:=1 to 40 do S:=S+1; b) for i:=1 to 40 do S:=S*a[i];*
c) for i:=1 to 4 do S:=S+1;; d) for i:=1 to 40 do;
Массив өлшеміне қарай түрлері?
а) бірөлшемді, екіөлшемді және т.с.с.;*
b) шартты соңынан тексеретін массив;
c) бір өлшемді массив;
d) екі өлшемді массив.
Программа үзіндісі не есептеп жатыр?
for i:=1 to 5 do S:=S+a[i]; s:=s/5;
а) Массив элементтерінің қосындысын; b) Массив элементтерінің арифметикалық ортасын;* c) Массив элементтерінің бөліндісін; d) Массив элементтерін шығарып жатыр.
www.kahoot.it сайтында тест жұмысын орындау.
V. Үй тапсырмасын беру. /1 мин./
5.3-тақырып.
10 элементтен тұратын бірөлшемді массив элементтерін өсу бойынша реттеу.
VI. Бағалау /2 мин./
Бағалау критерийі
Дәптер жағдайы – 1 ұпай
Есепті шығаруы – 2 ұпай
Тақырыпты меңгеруі – 1 ұпай
Өз көзқарасын айтуы, оны дәлелдей білуі – 2 ұпай
Постермен жұмысқа қатысуы – 1 ұпай
Тапсырманы орындауы – 2 ұпай
Тест жұмысы – 10 ұпай
Техника қауіпсіздік ережесін сақтауы – 1 ұпай
Бағалау шкаласы: /барлығы: 20 ұпай/
20-17 ұпай - «5» баға 16-13 ұпай - «4» баға 12-9 ұпай - «3» баға
№ | Аты-жөні | Үй жұмысы | Тақырыпты меңгеруі – 1 ұпай | Өз көзқарасын айтуы, оны дәлелдей білуі - 2 ұпай | Постермен жұмысқа қатысуы – 2 ұпай | Тапс. орындауы –3 ұпай | Тест жұмысы- 8 ұпай | Техника қауіпсіздік ережесін сақтауы – 1 ұпай | Қорытынды |
Дәптер жағдайы- 1 ұпай | Есе пті шығаруы – 2 ұпай |
Ұпай | Баға |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
Рефлексия