Сабақтың басы 2 мин 4 мин 1 мин | Оқушылармен сәлемдесу.Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Ыстық алақан» атты психологиялық тренинг өткізу.(Оқушылар алақандарын бір-біріне жақын ұстап, ыстық лебізін білдіреді). «Сұрақтарды қағып ал» әдісі арқылы оқушылар үй тапсырмасын қайталайды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қоржынға боялған асықтар салынады. Оқушылар қоржыннан алған асықтардың түсіне қарай топтастырылады. | Доп, стикер, қоржын, асықтар. |
Сабақтың ортасы 5 мин 5 мин 7 мин 7 мин 7 мин | - Бейне материал көру арқылы сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау; - Сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және жетістік критерийлерімен танысу. 1.Суретпен жұмыс/жеке жұмыс/. Суреттегі баланың іс- әрекетін дұрыс немесе бұрыс екенін көрсетеді, түсініктеме береді, салдарын жазады. Жағдай | Түсініктеме | Жағдай | Түсініктеме | | | | | | | | | | | | | | | | | Дискриптор: - Оқушылар суреттегі жағдайдың дұрыс немесе бұрыс екендігін ажырата алады; - Суреттегі жағдайды түсіндіреді; - Ережелерді сақтамау салдарын біледі. Жұптық бағалау. 2.Топпен жұмыс. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы сұрақтар беріледі. Әр топтағы оқушылар асықтың түсіне қарай берілген тақырыптарды постер арқылы қорғайды. І топ./қызыл/ Компьютер алдында ұзақ отыру ІІ топ./сары/ Көру қабілетіне тигізетін әсері ІІІ топ./жасыл/ Электромагниттік сәуленің зияны ІV топ. /көк/Нерв жүйесі мен психикаға әсері Дескриптор: Топтағы оқушылар адам ағзасына түрлі электронды құрылғылардың әсері туралы айтады. Электронды құрылғылардың зияны және қорғану тәсілдері туралы мысал келтіреді. Ережелерді сақтамау салдарынан болатын ауруларды біледі. Әр топ берілген сұрақтарды топ ішінде талқылайды. Әр топ өз жауаптарын басқа топтармен бөліседі. Оқушылар берілген сұрақтарды топ ішінде талқылап, оған жауап береді. Мұғалім оқушылардың сұрақтарға аудитория алдында жауап беруіне мүмкіндік береді. Жауаптарын басқа топтар бағалайды. Сыныпта өзін-өзі бағалау процессі жүргізіледі. 3.Практикалық жұмыс./шығармашылық тапсырма/ Оқушылар Power Point бағдарламасында «Компьютердің адам ағзасына кері әсері» тақырыбында презентация құрастырады. Дискриптор: Оқушылар файлдарды көшіреді, орналастырады және өзгертеді. Оқушылар Power Point бағдарламасында анимацияларды пайдаланып жұмыс жасай алады. Презентацияда компьютердің адам ағзасына кері әсері көрсетіледі. Презентацияда компьютердің адам ағзасына кері әсері, салдары, қорғану тәсілдері толық қамтылады. Бағалау критерийне сәйкес топтар бірін-бірін смайлик арқылы бағалайды. Сергіту: Көз жаттығулары. 4."Жас тілші" әдісі. Бұл әдіс бойынша бір оқушы тілші рольіне ене отырып, бүгінгі сабаққа қатысты сұрақтарды оқушыларға сұхбат ретінде қояды. Оқушылар сұраққа жауап береді. Не себепті компьютерде ұзақ отыратын адам остехондроз ауруына шалдығады? Компьютер алдында көп уақыт отыру көз ауруына шалдықтырады. Неліктен? Неге компьютерде көп жұмыс жасайтын адамда жүйке және жүрек аурулары пайда болады? Компьютерді ережесіз қолданудың зиянын біле тұра сақтамайтын адамға не айтуға болады? «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау. | А 4 қағазы, маркер, слайд интерактивті тақта, суреттер, плакат. https://www.youtube.com/watc h?v=L64IsRkj_vg https://www.youtube.com/ watch?v=iNIRN2_wv0U Информатика оқулығы. 8 сынып. Арман ПВ баспасы. Үлестірме материалдар Жалғастыруға дайынмын -түсінемін, бәрін емес -түсінбедім, қайталау қажет микрофон, ойыншық камера |
Қабілеті жоғары оқушылар: Топта ұйымдастыру жұмыстарын алады; Шығармашылық жұмыс орындау барысында есте сақтау қабілеті арқылы барлық дискрипторға сәйкес талаптарды орындайды; «Жас тілші» сұхбатында өз ойын дәлелдер арқылы жеткізеді; Қосымша тапсырма ретінде «Өркениетті қоғамды компьютерсіз елестете аласыз ба?» тақырыбына эссе жазу беріледі. Қабілеті орта оқушылар: Қабілеті төмен оқушылар: беру арқылы жеке оқушылардың қабілеттері, білім дағдылары, сыныпта меңгерілген жалпы білім сапасы анықталады. | Ынталандыру, қолдау көрсету. Оқушылар өзара жұппен бағалау жүргізеді. Әр оқушы сабақ барысында берген жауаптарына немесе істеген тапсырмаларына смайликтер беру арқылы бағаланады. Сабақтың соңында жиналған смайликтер ол оқушының алған білімі. «Алма ағашы» әдісі арқылы оқушылармен кері байланыс орнатылады. | Көңіл аудару керек: 1) Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі. 2) Оқушылардың омыртқа жотасының қалыпта ұстауы және көз гигиенасы. 3) Сергіту сәті. |