kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тәуелсіздік-ел тілегі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Тәуелсіздік-ел тілегі" атты ашық тәрбие сағатында елімізді қорғаған,Отанымыз үшін шайқасқан, ерлікпен қаза тапқан батыр ұлдарымыз бен қыздарымыз туралы айтылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіздік-ел тілегі"»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік – ел тілегі»

Мақсаты:

1.Білімділік:Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерін айта отырып,оны мәңгі есте сақтау керек екендігін түсіндіру. 2.Дамытушылық: Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі,халқы үшін жастық өмірін қиған аға ұрпақтың ерлік істерімен таныстыру. 3.Тәрбиелік: Тәуелсіздікті бағалай білуге,ұлтжанды,елжанды болуға,елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға,үлгі ете білуге үйрету.

Көрнекілігі: суреттер: ҚР рәміздері,тақырып желісі бойынша слайд.

1-жүргізуші:Ассалаумағалейкум,халқым менің!

Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін

2-жүргізуші:Армысыздар,құрметті ұстаздар,ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағат-ты ұрпағы.Бүгін сіздерді «Тәуелсіздік –ел тілегі» атты тәрбие сағатымызды көруге шақырамыз.

Хор «Әнұран»

1-жүргізуші:Тарихымызда ерекше орны бар,халқымыздың қасіреті мен ар-намысына,сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға-бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Әр дәуірдің еркіне сай

Нарқы өзгерген алтынның

Айналайын,алтын әнім,

Жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді,

Ел болсақ деп талпындың.

2-жүргізуші:Иә.Бүгін Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 25 жыл,ал жел-тоқсан оқиғасына 30 жыл болды.1986 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылығын білдіріп,шеруге шықты.Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.

1-жүргізуші:Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді.Көптеген жастар түрмеге қамалды.Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді.Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп,шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула,лаула,Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

2-жүргізуші:Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды.Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.Желтоқсанда болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Ендігі кезек оқушыларда.Олар сіздерге өз өнерлерін көрсетеді.

1-оқушы

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеге өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты,бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

2-оқушы.

Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,

Соққыға мұндай,қасапқа қандай жан шыдар?

Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,

Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.

3-оқушы

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн



4-оқушы.

Желтоқсан-тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

5-оқушы

Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршынынан қиылған боздақтары

Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

6-оқушы.

Желтоқсан-қайсар ерлік,қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым

Тәуелсіздік билігі қолға қонған

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

«Жаса, Қазақстан!» әні Асылхан мен Қасымханның орындауында шырқалады.

Осы кезде слайд көрсетіледі.

7-оқушы

Желтоқсан-жадымызда жаралы күн

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң

Еркіндік,егемендік,елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.

8-оқушы

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырға.

Азаттық деген ұғымның Желтоқсан тұрар басында!

9-оқушы

Қыстырмады оны ешкім құлағына,

Қарамады көз жастың бұлауына

Темір жасақ тепкішін империя

Қантөгістің жол берді лаңына

Шаштан сүйрер жазықсыз бұрымдарды

Бет ауыздар бейнесіз жырымдалды

Көшелерге шығуға орын болмай

Түршіккенбіз көргенде қызыл қанды

Ұмыта алмас қазағым тылсыздарды

Тәуелсіздік табынар бүршік жарды

Желтоқсанның ызғары-ай дірдектеткен

Еске алам мен кешегі қыршындарды

10-оқушы

Жастық жырын желтоқсанда самғаттым

Бұлбұл құсым үнін асқақ сайраттың

Егеменді ел болып алдың бүгінде

Рухына бас иемін Қайраттың

Қан төгілді қара жерге қаншама

Қайғылы жай белгісі ғой баршаңа

Егеменді ел болып алдың бүгінде

Қуанышым менің мәңгі тарқама

11-оқушы

Жас арудың жанарында-Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында-Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында –Желтоқсан

Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастаған да-Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да –Желтоқсан

Хор «Желтоқсан желі»

1-жүргізуші.Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасы жайында көріністен үзінді.1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д.Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика Компар-тиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы міндетінен босатылды.Оның орныны Ресейден келген Г.В.КОлбин сайланды. Төтенше өткен Пленум 18 минутта аяқталды.

2-жүргізуші.Асығыс өткен пленум шешімі дүйім қазақ халқымен санаспаушынық болып табылады.Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.

Көрініс

Сахнаға екі студент шығады,бірі-жігіт,бірі-қыз.Қолдарында конспект дәптерлері бар.

Дильназ:Ершат,сен естідің бе?Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты дейді.

Ершат:Қойшы,рас айтасың ба? Кімнен естідің?

Дильназ:Кеше Куратор ағайдан естідім.Бүгін Брежнев алаңында көп адам жиналады.

Ершат: Неге? Неліктен?

Дильназ:Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді.Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді.Куратор ағай сол жаққа бармаңдар деп ескертті.

Ершат: Қой,біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас.Жүр кеттік!Тез барайық!

1-жүргізуші:Иә,аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттердің ойы халықтың құқтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді.Алайда оларды бір қолында шоқ-пары,бір қолында қалқаны бар қарулы,сақадай сай әскерлер қарсы алады.Үкімет үй-інде жастар шеруін қуғындау үшін астырсын «Құйын-1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты.Ал,алаңдағы жастар жайбарақат еді,алаңсыз еді.

Көрініс.Алаңда жастар жайбарақат.Қолдарында «Қазақ ежелден еркіндікті аңсаған,»

«Қазақстан-қазақтардікі» деген транспорттар бар.

Нұрдаулет:Қонаевты шақырыңдар!Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!

Қасымхан:Қазақстаннан адам табылмады ма?Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?

Айзада:Талап-тілекті айтамыз.Шықсын ортаға басшылар!

Прокурор:Балалар! УА,Балалар!Мен Республика прокурорымын.Тарқаңдар!Жатақтарыңа қайтыңдар!Ұят болды!Мен сендерге күш қолданам!Үйге қайтыңдар!

Осы кезде залда әскери команда беріледі

Залға сырттан қаруланған әскер адамдар-көктеп кіріп,алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды.Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйре-тіп,әкете бастайды.Бет аузы қан,ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас қазақ қызын екі әскери солдат сүйреп келді.Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына сөйлейді:

Айзада:-Әй,туғандар!Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай!Қосылыңдар біздің қатарға!Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпарымен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп есінен танып түседі.

1-жүргізуші:Міне,өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді.Тексере келе Ләззаттың да алаңда болғаны анықталды.

Міне,осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

2-жүргізуші:Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймайды.

1-жүргізуші:Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О,тәңірім бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

2-жүргізуші:

Таңғажайып атың да дәл табылды

Табылды да талай жұртқа танылды

Қазақ елі көкке жетті көк туың

Сен -тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі

Ән «Атамекен»

2-жүргізуші:Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік-ел тілегі» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"Тәуелсіздік-ел тілегі"

Автор: Касимова Арайлым Кубайдоллина

Дата: 11.05.2017

Номер свидетельства: 414389

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Т?уелсіздік-тілегім, елім деп со??ан ж?регім""
    ["seo_title"] => string(45) "tuielsizdiktilieghimielimdiepsokkanzhurieghim"
    ["file_id"] => string(6) "281433"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453533366"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Т?уелсіздік т??ыры биік болсын! "
    ["seo_title"] => string(33) "t-uielsizdik-tu-g-yry-biik-bolsyn"
    ["file_id"] => string(6) "175774"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424323990"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) ""Т?уелсіздік - ел т??ыры""
    ["seo_title"] => string(20) "tuielsizdikieltugyry"
    ["file_id"] => string(6) "319562"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460886119"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "«Т?уелсіздік-тірегім» атты т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(43) "t-uielsizdik-tirieghim-atty-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "178873"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424887006"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "«Т?уелсіздік – а?сап к?ткен елдігіміз!» мерекелік концерт "
    ["seo_title"] => string(62) "t-uielsizdik-an-sap-kutkien-ieldighimiz-mieriekielik-kontsiert"
    ["file_id"] => string(6) "171095"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423641687"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства