kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

МИФ - ?леміне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: МИФ –?леміне саяхат
Ма?саты: Жан – жа?ты, білімді, ?зіндік ой – тал?амы бар, ?абілетті жеке т?л?аны ?алыптастыру. О?ушыларды? д?ниетанымын ке?ейту, ой тол?ау ?абілеттерін дамытып, логикалы? біліктерін жетілдіру.
Жоспары:
І. Кіріспе б?лімі «МИФ» шоу
М - математика ?ылымдар патшасы
И - информатика а?параттар ?ылымы
Ф - физика таби?атты? патшасы

ІІ. Негізгі б?лім.
1-тур. «Логика»
2-тур. «Тауып ал»
3-тур. « ?ошемет»
ІІІ. ?орытынды.


?н: «Мереке»?ні

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«МИФ - ?леміне саяхат »


№235 орта мектеп










(Мектепішілік іс-шара)







Өткізгендер: Мырзаева М.С.



5-11 сыныптар











Қызылорда қаласы

2.02.2015 жыл





Тақырыбы: МИФ –әлеміне саяхат
Мақсаты: Жан – жақты, білімді, өзіндік ой – талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ой толғау қабілеттерін дамытып, логикалық біліктерін жетілдіру.
Жоспары:
І. Кіріспе бөлімі «МИФ» шоу
М - математика ғылымдар патшасы
И - информатика ақпараттар ғылымы
Ф - физика табиғаттың патшасы

ІІ. Негізгі бөлім.
1-тур. «Логика»
2-тур. «Тауып ал»
3-тур. « Қошемет»
ІІІ. Қорытынды.


Ән: «Мереке»әні


1-жүргізуші:


Уа, жараңдар!
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар.
Ғылымдардың ғылымы
Математика, физика информатика жайында
Бөлісейік! ортаға сап ойларды.
Жиылған мына балалар
Білім жолын қуғандар
Бәрің де
Білімді болып жан – жақты
Саналы болып салмақты
Шығамын деген биікке
Үлкен, үлкен арман бар.
Шындықты алғаш таратқан
Жыл күніңді санатқан
Тауып ғажап жаңалық
Жоқтан барды жаратқан
Есеп емей немене.
Білмегенді білгізген
Өлшеп киімді кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Есеп емей немене







2-жүргізуші:


Информатика әлемі
Қызығы мол ғой әдемі
Компьютердей құралды
Меңгердік қой кәделі.


1-жүргізуші:


Аттас заряд тебіледі
Аттас еместер келіседі
Ох! Бұл физика заңдылығы
Ендеше достар әрқашанда ақылдармен бөліседі.
Физика жақын туыс мына бізге
Қозғалыс, энергия, қуат, күш те
Біздерсіз есептелуі мүмкін емес


Ән: «Физика туралы жыр» Бақдәулеттің орындауында


2-жүргізуші:


Ақын жанды болмаса
Математик те бола алмас
Жақсы шумақ тумаса
Көңілге әсте қона алмас.
Бес жерде бесім жиырма бес
МИФ пенен басқа ғылым бір емес
Арғы жағын айтпаймын
Ойыңа салып өзің шеш.
Кездестік міне тағы да
Саласының білімнің
Сараптайық ендеше
Математика, информатика, физиканың қызығын.


Ән: «Математикамның тілі» Нұрбақыттың орындауында















1-жүргізуші:


«Интермедия» (бірі екіншісіне термометр ұсынады )


2-жүргізуші:


Мынау термометр ғой


1-жүргізуші:


Я, мен оны саған бердім ғой


2-жүргізуші:


(Таңданып ) Негее?



1-жүргізуші:


Соны білмедің бе? Ол былай ғой: термометрді саған бергенім
Жалындаған достар үшін
Намыс отын қайраған
Оттай ыстық жайнаған
Жанкүйерлер қызуын
Өлшей берсін дегенім ғой.


2-жүргізуші:


Құрметтеп «МИФ» ғылымдарын
Ширатайық ой – сананы
Бүгінгі «МИФ әлемі» атты кеште
Қашан да « Тапқыр бол!» деп ой салайық.
Бүгінде МИФ барлық жерде
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымдардың үйреніңдер
Достар зерделікпен меңгеріңдер.
Азаматтың ақыл – кенің ашқандар
Архимед, Ньютон, Әл – Фараби, Паскальдар
Гаусс, Евклид, Пифагор
Ом заңдылығы және бар.
Сусындаған өзің сынды ұстаздан
Ізгі мәңгі өшпейтін дастандар.
Бүгінгі кеш қызықты кеш
Көрермендер халайық
Ой түйсікті қорғап біз де
Көрініске назар салайық




1-жүргізуші:


Мұхтар Шахановтың «Арманда» поэмасынан көрініс.

Қатысушылар: автор, қария, бала Дойыл, бала Әбу, Әбу – Насыр – әл – Фараби.

ІІ. Негізгі бөлім.
Шақырамыз келіңдер!
Есеп – қисап, жұмбақ ойды шешуге
Күш, өнерді, жиып келіп, білімді
Жиып бәрін ойды ортаға салуда.


2-жүргізуші:


1 тур. «Логикалық сұрақтар»(бейнеролик арқылы 3 жұмбақ беру)


1-жүргізуші:

2 тур. Сұрақ-жауап


1-сұрақ. Қандай адам 60 жыл жасап, туған күнін тек 15 рет қана жасайды? (29 ақпанда туылған адам)


2-сұрақ. 10 шырақ жанып тұр, екеуін өшірді. Қанша шырақ қалады? (2 қалады. Қалғандары жанып кетеді)


3-сұрақ. Неге поездарда стоп-кран қызыл түсті, ал ұшақтарда – көк?(Ұшақтарда стоп-кран жоқ)


4-сұрақ. Астанаға бір кемпір бара жатты, алдынан екі шал шықты. Қанша адам Астанаға барды?(Бір кемпір)


5-сұрақ. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)

6-сұрақ. Сен оның артынан, ол сенен. Сен одан, ол сенен. Бұл не?(Көлеңке)

7- сұрақ. Қандай күш тастың көлденең түсуін өзгертеді?

(Ауырлық күші)


8-cұрақ: Компьютер қай кезде ұйықтайды? (Заставка)


9-сұрақ: 3 пән (математика, физика, информатика) бір-бірінсіз өмір сүре ала ма? (жоқ)


10-сұрақ: Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады. (5 бұрыш)

3-тур «Қошемет» (Комплимент)

1-жүргізуші:

Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің
Білім берген ұста деген қауымның
Бойға жинап қайрат, жігер, намысты
Бағындырып МИФ әлемін, ғарышты
Біз осы мектептің ұланымыз
Бар екпінмен самға алға, тек қана алға
Жаңа, жаңа асуларға.


Білім алып біздің орта мектепте
Бар білімді болашаққа арнаймыз
Желбіретіп, татулық пен достықты
Жеңіс туын биік ұстап самғаймыз.


Ән: Ғанидың орындауында


Кеш соңында қонақтарға сөз беріліп, қатысқан көрермендер марапатталады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
МИФ - ?леміне саяхат

Автор: Мырзаева Меруерт Сулейменовна

Дата: 04.02.2015

Номер свидетельства: 166968

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "МИФ ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(21) "mif-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "134457"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416750805"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Внеклассное мероприятие "Миф ?леміне саяхат" "
    ["seo_title"] => string(50) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-mif-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "166096"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422900078"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ертегі еліне саяхат. "
    ["seo_title"] => string(28) "iertieghi-ielinie-saiakhat-2"
    ["file_id"] => string(6) "241167"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1445188439"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства