kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Внеклассное мероприятие "Миф ?леміне саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  «МИФ ?леміне  саяхат»
Ма?саты: 
• Мектеп к?лемінде ?йымдастырыл?ан апталы?ты? негізгі ма?саты – м?мкіндігінше мектепті? барлы? о?ушыларын белсенді ?атыстыру; 
• О?ушыларды? ойлау ?абілеті мен математикалы? ?абілеттерін арттыру; 
• Математика п?ні бойынша білімдерін тере?дету; 
• Математика?а, физика ж?не информатика?а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру; 

Апталы??а  5,6,7,8,9,10 сынып  о?ушылары ?атысады. 
??рал –жабды?тар: Математиктерді? на?ыл с?здер жазыл?ан плакаттар, зал шарлармен безендірілген. 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие "Миф ?леміне саяхат" »

Тақырыбы:  «МИФ әлеміне саяхат»
Мақсаты: 
• Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру; 
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру; 
• Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету; 
• Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру; 

Апталыққа 5,6,7,8,9,10 сынып оқушылары қатысады. 
Құрал –жабдықтар: Математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар, зал шарлармен безендірілген. 
Барысы: 
Ашылу әуені ойнайды. 
1- Жүргізуші 
-Уа, халайық, халайық, 
Бәріңе жар салайық. 
Бүгінгі кеш төрінде 
Дарындылар елінде 
Тапқыштардың тілінде, 
Есеп шешіп, жарысып 
Жұмбақ шешіп аңдысып 
2- Жүргізуші 
Шабыт тасып шалқысып, 
Есеппенен ән салысып. 
Көңілді кеш жасайық 
Жұмбақ шерді шашайық 
Ат салысып аянбай 
Бар өнерге басайық 
1-жүргізуші 
Асып әсте саспайық 
Батыл қадам бастайық 
Еркіңді билеп барынша 
Жарыста сірә, қалыспа 
Кеш қызығын ей, достар. 
Осылайша шабытпен 
Кәне енді бастайық. 
2-жүргізуші 
Мұнда қызық табылар 
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар. 
Айтыс, тартыс тағы бар 
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ. 
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ. 
О-о-ой, бір қызық кеш болар, 
Өздеріңмен бес болар. 
1-жүргізуші. 
Барлықтарыңызды математика пән апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! 
2-жүргізуші: Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық. 
ПӘН БОЛЫП КИІНГЕН 3 ОҚУШЫ ШЫҒЫП, ТАҚПАҚТАР ОҚИДЫ. 
«Информатиктер» тобы! 
Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым! 
Құтқарып ауыр бейнеттен 
Техниканы үйреткен 
Роботтай – адамды 
Тіл бітіріп сөйлеткен 
Компьютер емей немене 
Білмегенді білдірген 
Өлшеп киім кигізген 
Барлық істі атқарып 
Пайдасын елге тигізген 
Компьютер емей немене 
Бәріңіз маған қараңыз! 
Ойынымызды бастайық 
Алуан түрлі ойларды 
Ортамызға тастайық. 
Информатика пәнінен 
Көрсетіп біздер батырлық 
Ой толғалық жүйелі 
Таңдайымызға татырлық 
«Физиктер» тобы 
Уа, халайық, халайық! 
Бәріңе жар салайық! 
Бүгінгі кеш төрінде, 
Физика елінде, 
Физика тілінде, 
Есеп шешіп жарысып, 
Жұмбақ шешіп аңдысып… 
Шабыттасып шалқысып, 
Есеппен ән салысып. 
Көңілді кеш жасайық, 
Жұмбақ шерді шашайық. 
Ат салысып аянбай, 
Бар өнерге басайық. 
«Математиктер» тобы 
Ғылымдардың патшасы атанған, 
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған, 
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа! 
Жасықтан емессің сен қаталдансың 
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін 
Нағыз пән математика атанғансың 
Жас достар, 
Мұны жақсы ұғайық 
Математика ғылымы 
Құрметтеуге лайық 
Дүниедегі құбылыстың мәніне 
Табиғаттың, қозғалыстың бәрінде 
Мүмкін емес есептерсіз түсіну 
Есебіңіз дүние кілті әлі де. 
2-Жүргізуші: Құрметті көрермендер, математика, физика және информатика пәндерін сүйіп оқитын оқушыларға құрмет көрсетейік! 
1-Жүргізуші: Құрметті көрермендер, осыған орай назарларыңызға «Математикалық ертегі» ұсынамыз. Қарсы алыңыздар! 
Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты. Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпты. Сонда: 
- Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе? 
- Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер соның бәрі маған жыныма тиеді. 
-Сен ше? 
- Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика сабағы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және есептерден басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады. 
Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді. 
Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді. 
- Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау сандар қайда қашып кеткен? Бүгін нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой. 
- Балаларым, айналайындар, тұрыңдар! 
- А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды. 
- Сендер, математика сабағын жақсы көрмегендіктен сандардың бәрі қашып кетті., ертең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амалымыз жоқ,- деп әжесі қайғырады. 
Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен. 
- Сәлеметсіз бе? – деп қария амандасады. 
- Сізде математиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім? 
- Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды. 
- Сағат неше болды?- деп сұрайды. 
- Сағат, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды. 
- А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткен. Осы математика әлемінің заңы бойынша мына есептерді шығарсаңдар ғана сандар қайтып келеді? 
(Көрермендерге сұрақ) 
2-Жүргізуші: Ал, балалар көмектесейік пе? Мынадай сұрақтарға жауап берейік: 
1. Кері сандардың көбейтіндісі? (оң сан) 
2. Кішкене ғана саусаққа ұқсайды ма білмеймін. Сақтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Флэшка) 
3. Бір шоколадты 100теңгеге сатып алып, ал 1,5 шоколадты неше теңгеге аламыз? (200 т) 
4. Сәуленің 2 қуыршағы, 3 алмасы,1шоколады,2 апельсині,5 шабдалысы және 1 велосипеді бар. Сәуленің қанша жемісі бар? (10), 
5. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см) 
6. Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында,біреуі екіншісінің арасында және үшеуі қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (3 үйрек) 
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең) 
8. 17 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан) 
9. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет) 

10. Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүйіткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел пойыз түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді. (электр пойызында түтін болмайды


Жұмбақтар

Қарама –қарсы қабырғалары
Паралель боп қосылған
Оқыңызшы аталуын
Параллель, грамм сөзі қосылған (параллелограм)


Үлкен, кіші сандар арасына
Таңбаларды қойған кезде
Алынады қандай өрнек
Білейікші оны біз де (теңсіздік)


Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)

Көп болса асықпайсың,
Мезетте қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)


Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньюонға ол келеді. (Күш)


5. Біз, біз, біз едік,
Бірегей жарқын қыз едік.
Тамашада көп болдық-
Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз)


«Шебер қолдар» суретшілер сайысы.
3 топтан бір оқушыдан шықсын. Сайысымыздың шарты бойынша сендерге қазір әр түрлі фигуралар сурттері көрсетіледі. Оларға қарап, естеріңе сақтап алуға 1 минут уақыт беріледі. Содан соң бұл сурет жабылады. Суреттегі фигураларды рет – ретімен салып шығуларың керек. Бастайық!


Кейін сандардың бәрі былай деп оралады: 
Бір дегенім- бесік, 
Шықтым содан өсіп. 
Екі- дегенім елім, 
Далам, тауым, көгім 
Үш дегенім- үміт 
Үміт артар жігіт. 
Төр дегенім- төзім, 
Төзе білем өзім. 
Бес- дегенім бақыт 
Бағалайтын уақыт. 
Алты деген- ақыл, 
Тыңдағаның мақұл 
Жеті деген- жалау, 
Жүректегі алау. 
Сегіз деген- сөзім 
Серт беретін кезім 
Тоғыз деген тоқтау, 
Елдің жоғын жоқтау. 
Он- дегенім Отан 
Қорға соны ботам. 


2-жүргізуші 
Жиналған ылғи дарындар, 
Жүректе от, көздерінде жалын бар. 
Фигуралар тобын халайық, 
Қол соғып қарсы алайық. 
Үшбұрыш: 
Мен үшбұрышпын, 
Ылғи үштен түрамын. 
Үш қабырға, үш төбе, 
Үш бұрын болып құрамым. 
Төртбұрыш: 
Мен төртбұрышпын, 
Көпбұрыштың бірімін. 
Үшбұрыштан болсам да жас, 
Бірақ одан ірімін. 
Тіктөртбұрыш 
Математиканы білместерге 
Құбыжық болып көрінем. 
Бар бұрышым тік болса, 
Тік төртбұрыш деп аталам. 
Параллелограмм 
Қарам-қарсы қабырғам, 
Параллель әрі тең болса. 
Іргелес жатқан бұрыштар. 
Бірінен бірі кем болса. 
Қосындысы бірақ та, 
180- қа тең болса, 
деп аталам! 
Ромб 
Ромбы атты бауырым, 
Бәрінен де сымбатты. 
Білімділер кеудеге, 
Тағады заттай қымбатты. 
Трапеция 
Трапеция туыстың, 
Ашуы мүлде тым қатты. 
Параллелограмм атасын, 
Жартылай ғана тыңдапты. 
Музыкалық номер. 
1-жүргізуші: 
Негізі бар ғылымның математика 
Жалықпай оқып үйрен тек қана 
Білімнің кілтін ашты,көзін тауып, 
Ньютон, Колмогоров,Ковалевская. 
Бүгінде математика барлық жерде 
Құрылыста, техникада өндірісте 
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер, 
Жас достар зерделікпен меңгеріңдер.

(Ортаға оқушылар шығады) 
1-оқушы: Математика – ғылымдардың патшасы. Патша деп аталуы да бекер емес, оның өмірдің бар салаларында маңызы зор. Әрбір адамның өмірінде математика өте қажет. Менің туыстарымның өмірінде де алатын орны ерекше деп ойлаймын. Мысалы, менің анамның мамандығы медбике. Математиканы білуі оған жұмыс істеу барысында қажетті дезинфекциялаушы сұйықтықтардың пайызын, калорияны есептеуге қажет. 
2-оқушы: Ал менің апам – бау-бақшамен айналысқанды ұнатады. Ол үшін апам бір шаршы метрге қанша ұрық, тыңайтқыштарды себуі керектігін білуі қажет. Жақсы өнім алу үшін аптасына неше рет суару керектігін білуі керек. Ал, атам сиырға қарайды. Егер ол математиканы білмесе сиыр көп сүт беру үшін қанша жем, шөп дайындау керектігін білмес еді. 
3-оқушы: Ал, менің әкем құрылысшы. Егер ол математиканы білмесе, оны жұмысқа алмас еді. Себебі оған математика қабырға мен еденнің ауданын есептеу үшін қажет. Оны білмесе, ол қажет құрылыс материалдарының шығынын есептей алмас еді. 
Менің анам – сатушы. Ол математиканы жақсы біледі. Ол тауарды өлшейді, сатып алушылармен жұмыс жасайды. Керек тауарга тапсырыс жасайды және әкелінген тауардың құнын төлейді. 
4-оқушы. Менің анам – есепші, яғни бухгалтер. Бұл математикамен тығыз байланысты мамандықтардың бірден бірі. Анам жалақыны есептеу үшін бөлуді, көбейтуді, қосуды, алу амалдарын білуі керек, әйтпесе жалақы алатын адамдар зардап шегеді. Сонымен қатар ол салық басқармасына жіберілетін салықты, зейнетақы қорына есептелетін ақыны есептей алуы қажет. 
Ал, әкем – көлік жүргізуші.Ол жұмысында жүрген жолына қанша бензин жұмсалғанын есептеу үшін және белгіленген жерге уақытында жету үшін қандай жылдамдықпен жүру керектігін арифметикалық амалдарға сүйеніп біледі. 
5-оқушы: Міне, осыдан математика жер бетіндегі барлық адамдарға керек. Онсыз адам есептей алмайды, өлшей алмайды және шеше алмайды. Математикасыз үй салуға, қалтадағы ақшаны санауға, қашықтықты мөлшерлеу мүмкін емес. Адам математиканы білмесе ұшақтарды, автомобильді, кір жуғыш машинаны, тозаңытқышты, теледидарды және басқа да көп техниканы жасай алмас еді. Математика тарихта, өмірде, физикада, химияда, және тілдерде де қажет. Математика бізді логикалық ойлауға, нәтиже шығаруға тәрбиелейді. Математика – нақты ғылым! 
1-жүргізуші: Математикаға арналған ән шашуды қабыл алыңыздар, құрметті көрермендер. 
Музыкалық номерлер  
2-жүргізуші: Құрметті бүгінгі ойынға жиналған нақты ғылымдарды сүюші қауым. Сіздерге соңында айтарымыз бар: 
Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан, 
Математикаға орын берсең басыңнан, 
Барлық ғылым саған үйiр болады, 
Досың солар – табылатын қасыңнан. 
1-жүргізуші: 
Мықты болсаң – алдағыны басып оз, 
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе. 
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда, 
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт. 
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып, мықтыларға арналған математика, физика, информатика пән апталығында оқушыларға үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз! 2-жүргізуші: Осымен атты кешімізді аяқтауға рұхсат етіңіздер. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Внеклассное мероприятие "Миф ?леміне саяхат"

Автор: Хожабаева Турдигул Алдамуратовна

Дата: 02.02.2015

Номер свидетельства: 166096


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1850 руб.
2640 руб.
1480 руб.
2110 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства