Просмотр содержимого документа
«Жас географтар cайысы »
Сайыстың тақырыбы: «Жас географтар сайысы»
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың пән бойынша алған білімдерін бақылау; Ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ана тілін сүюге тәрбиелеу.
Сайыстың көрнекілігі: Дүние жүзілік карта, үлестірме қағаздар, техникалық құрал проектор
Пән аралық байланыс: Ағылшын, орыс тілі
Сайыстың өту барысы: Сайыс IV айналымнан тұрады. І айналым. «Таныстыру» (Әр топтың өздерін таныстыруы, 3 минут). ІІ айналым. «Полиглот» ( Жұмбақтардың шешуін үш тілде айту). ІІІ айналым.«Ең ерекше» (Үлестірме қағазда берілген 5 сұраққа «ЕҢ» деген сөзді қосып жауабын айту). ІV айналым. «Чемпион» ( Картамен жұмыс. Берілген тапсырманы жылдам орындау).
І айналым.
Әр топ өздерін таныстырады. Жоғары ұпай 30, орташа ұпай 20, төменгі 10.
Таныстыру сайысына «Жайық» тобын шақырамыз
Ұраны:
Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесу:
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
Таныстыру сайысына «Еділ» тобын шақырамыз
Ұраны:
Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесу:
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз,
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
ІІ айналым.«Полиглот»
( Жұмбақтардың шешуін үш тілде айту)
«Еділ» тобының жұмбақтары
1) Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт, облако, сloud)
2) Шым — шытыр,
Шидай қотыр. (Жұлдыз, звезда,star)
3) Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ жетеді,
Аузы жоқ ұлиды (Боран, метель, snow-storm, )
4) Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады (Жел, ветер, wind )
5) Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (Ай, месяц, month)
«Жайық» тобының жұмбақтары
1)Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер, земля, ears)
2) Таң мен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады. (Күн, солнце, sun)
3) Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі,
Тереземнің әйнегін
Жуады, бірақ сүртпейді (Жаңбыр, дождь, rain)
4) Гүл-гүл жайнап көк аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан,
Гүлдерімен қай кезең? (Көктем, весна, spring)
5) Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады (Қар, снег, snow)
ІІІ айналым. «Ең ерекше»
(Үлестірме қағазда берілген 5 сұраққа «ЕҢ» деген сөзді қосып жауабын айту).
«Еділ» тобының сұрақтары
1. Африка материгіндегі ең ірі жануар? (Африка пілі)
2. Анд тауларында дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі? (Титикака)
3. Солтүстік Американың ең ыстық жері? (Өлім аңғары)
4. Жер шарындағы ең мол сулы және су жинау алабы өте үлкен өзен? (Амазонка)
5. Жер шарындағы ең аласа материк? (Аустралия)
«Жайық» тобының сұрақтары
1. Африкадағы ең терең көл? (Танганьика)
2. Дүние жүзіндегі ең биік ағаш? (Секвойя)
3. Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі? (Флинт-Мамонт)
4. Дүние жүзіндегі ең мол жауын-шашын түсетін жер? (Черапунджи)
5. Африка материгіндегі ең ірі сарқырама? (Тугела)
ІV айналым. «Чемпион»
( Картамен жұмыс. Берілген тапсырманы жылдам орындау).