kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Интернеттің пайдасы мен зияны" пікірталас

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Интернеттің пайдасы мен зияны" пікірталас»

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 10 - 11 сынып оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты пікір - таласты ашық деп жариялаймын.

Пікірталасымыздың мақсаты:
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Бұл пікірталаста «Интернет» тобы жақтаушы, топ мүшелері: Байганатова А., Турегазин А., Мирамбекұлы М. «Антиинтернет» тобы даттаушы болып табылады, оның мүшелері: Ізтілеу А., Махмудов М., Скаков Б.

Сіздерге осы пікірсайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –  

  2. _____________ пәні мұғалімі -

Пікірталас шарттары:
1. Екі топ өз ойларын ортаға салады,(регламент сақтау 3 мин);
2. Сұрақ жауап кезеңі;
3. Көрермендердің сұрақтарына жауап беру;
4. Әділқазылардың қорытынды сөзі

Топ мүшелеріне сөз бермес бұрын интернеттің шығу тарихына тоқтала кетсек. Интернеттің шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ - тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос - Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір - бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып - жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды». Ал қазақ ғаламторының туған күні 1994 жылы 19 қыркүйекте Халықаралық тордың ресми түрде ұлттық KZ доменінің тіркелу күні болып саналады. Бүгінде ғаламтор өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ғасырдың ең озық жетістігі әрі сырқаты болып саналатын ғаламтордың жастарымызға пайдасы мен зияны қатар тиюде.

(видеоролик көрсетіледі)

Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні бесіктен белі жаңа шыққан баланың компьютерден, ұялы телефоннан ойын ойнап отырғаны қалыпты жағдайға айналған. Тіпті екі-үш жасар баланың компьютерді меңгергенін айтып мақтанамыз. Ал оның зияны жайлы ойламаймыз да. Мамандар әр жас ерекшелігіне байланысты балалардың интернетте отыру уақытын мөлшерлеп қойған:



5 жас                                       күніне 15-20 минут

6 жас                                        күніне 25-30 минут

7-9 жас                                    күніне 1 сағат

10-12 жас                               күніне 1 сағ 20 минут

13-14 жас                               күніне 1 сағ 40 минут

15-16 жас                                күніне 2 сағат

Пікірталасқа дайындық барысында біздің мектеп оқушылары интернетке қанша уақыт жұмсайтындығын білу мақсатында орыс сынып оқушыларының арасында сауалнама алдық.

9-11 ОРЫС СЫНЫПТАРЫ АРАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН САУАЛНАМА НӘТИЖЕСІ

Ал залдағы көрермендер арасында сауалнама онлайн түрінде жүргізіледі.

Ал ендеше сөз кезегі ойыншыларға беріледі

Мирамбекұлы Мәди

Армысыздар құрметті көрермен, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір - бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім. Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі.
Ал енді интернеттің пайдасына келсек:
1. Интернеттен не керек бәрін табасың. Әсіресе студенттер және мектеп оқушылары реферат, мағлұматтар, шығарма және т.б алады. Қазірдің өзінде интернет арқылы тест тапсырып, интернет арқылы сабақ алып жатқандада бар. Сондай ақ интернет арқылы жұмыс істеп, сол арқылы ақша табуғада болады. Яғни интернеттің пайдасы өте көп. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Интернет арқылы танысып, отау құрып жатқандарда бар. Яғни бұл екі адамды қосатын күш.

Ізтілеу Ақбөбек



Сәлем бердік көрерменге! Мәди мырза айтады, асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады деп. Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс - шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс - тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Мына тұрған Хромтау қаласында 2 жыл бұрын екі оқушы 31 жастағы таксист әйелдің машынасына мініп, оны балғамен ұрып, сыммен қылғындырған. Кейін не үшін мұндай қылмысқа бардыңдар деп сұрағанда, олар қылмыс жасар алдында олар зорлық-зомбылық көріністері бар компьютер ойынын ойнаған. Сол ойындағы қан төгу көріністері естерінде сақталып, қылмысқа барған. Міне интернеттің зиянын өмірден алынған оқиға арқылы дәлелдеуге болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Бір бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.


Байганатова Аруна

Сәлем бердік қауымға! Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар боласың. Интернет арқылы халыққа түрлі жолдармен көмек көрсетуге болады. Мысалы, әлеуметтік желілердің біріне көмекке мұқтаж адам туралы мәлімет жүктесең, сол бойда оны көрген адамдар көмегін ұсына бастайды. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен таныса аламыз. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор. Назарларыңызға рахмет.


Скаков Болат

Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар тапжылмастан компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін."

Турегазин Асхат

Интернет - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Мысалы, егов сайты арқылы үйде отырып-ақ көптеген қужаттарды рәсімдеуге болады.Бұл сайт арқылы 700 ден астам қызмет түрін пайдалануға болады. Сондай-ақ әр отбасы айына коммуналдық төлемдер төлейді. Ал барлық коммуналдық төлемдерді интернет арқылы төлесеңіз, бір жағынан уақыт үнемдейсіз, екінші жағынан ақша үнемдейсіз, себебі түбіртек, яғни квитанция үшін қосымша ақы төлеу қажет емес. Ал банкке барып ақша төлесеңіз, әр түбіртекке кем дегенде 100 теңге алады. Ал біз ай сайын ақы төлеп отыратын коммуналдық қызметтердің саны аз емес, олар: жылу, салқын су, ыстық су, телефон, лифт, кск, қоқыс шығару, газ. Олардың әрқайсысына комиссия төлегенде неңіз қалады? Ал интернет арқылы мысалы каспий кошелек қызметін ашсаңыз, бұлардың барлығын комиссиясыз төлеуге болады, сондай-ақ сізге әртүрлі бонустар қосылады. Осы интернет қызметті пайдаланып, бір жылда 10000 тг. үнемдеуге болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан - жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе - көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші. Асыл тастан, өнер жастан - демекші, осылай жас - ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді, интернеттен бар керек мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет, оның пайдасы өте зор.! Сонымен іске сәт, жұмыстарыңыз табысты болсын! Назар салып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!

Махмудов Мамыт

Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық - коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл - қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу - баланың айналасындағы адамдармен бетпе - бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра - күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы - ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.

Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық - зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер. Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс - шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз - қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық - зорлық көбейеді. Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:
Сақтық - деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда не залал ма ескерілмек,
Көргенің естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.



Сұрақ-жауап кезеңі.

Сұрақ Мәдиге: Мәди мырза, сіз интернет арқылы танысып, отау құрып жатқандар бар дейсіз. Нақты мысалдар келтіре аласыз ба?

Сұрақ Ақбөбекке: Ақбөбек ханым, сіз айтасыз компьютерлік ойын ойнағанша, ұлттық ойындар ойнаған артық деп. Өзіңіз сөзіңізді ісіңізбен дәлелдеңізші, денеңізді қалай шынықтырасыз?

Сұрақ Арунаға: Аруна ханым, сіздің сөзіңізді мұқият тыңдадым. Сіз айтасыз интернет арқылы халыққа көмек көрсетуге болады деп. Нақты мысал келтіре аласыз ба?

Сұрақ Болатқа: Сіз өзіңіз интернетте күніне қанша отырасыз және компьютерлік ойындар ойнайсыз ба?

Сұрақ Асхатқа: Асхат мырза сіз бізге интернеттің пайдасын өте жетік тілмен түсіндірдіңіз. Менің қоятын сұрағым біздің жастарымыздың интернет желісі арқылы діни ілімдерді өз бетінше меңгергілері келіп, интернет арқылы терроризмді насихаттайтын ұйымдарға тап болады. Соған сіздің көзқарасыңыз?

Сұрақ Мамытқа: Мамыт мырза, сіздің пікіріңізден түсінгенім, интернетке кіріп ойындар ойнағанша, кітап оқыған дұрыс. Өзіңіз соңғы қандай әдеби кітап оқыдыңыз?

Көрермендердің сұрақтарына жауап беру кезеңі.

Құрметті көрермендер біздің бүгінгі «Интернеттің зияны мен пайдасы» атты пікірталасымыз аяқталуға жақын. Интернет зиян дегеніміз «Антинтернет» жақ спикерлері тұрған бетке, ал керек дегеніміз «Интернет» спикерлері жақ бетіне өтулеріңізді өтінемін.
Сөз әділ қазыларға беріледі.
Марапаттау.
Көріп – тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет



2



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
"Интернеттің пайдасы мен зияны" пікірталас

Автор: Ахметова Гульжан Закулгадиновна

Дата: 04.01.2017

Номер свидетельства: 375334

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) ""?аламторды? пайдасы мен зияны" пікір - талас"
    ["seo_title"] => string(38) "galamtordynpaidasymienziianypikirtalas"
    ["file_id"] => string(6) "321108"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461226454"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Интернетті? пайдасы мен зияны "
    ["seo_title"] => string(33) "intierniettin-paidasy-mien-ziiany"
    ["file_id"] => string(6) "154427"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421158941"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Интернетті? пайдасы мен зияны. "
    ["seo_title"] => string(35) "intierniettin-paidasy-mien-ziiany-1"
    ["file_id"] => string(6) "193765"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427694346"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Компьютерді? пайдасы мен зияны""
    ["seo_title"] => string(36) "komp-iutierdin-paidasy-mien-ziiany-1"
    ["file_id"] => string(6) "283569"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453838683"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "«Отбасы т?рбиесі-?лт болаша?ы» "
    ["seo_title"] => string(32) "otbasy-t-rbiiesi-u-lt-bolashag-y"
    ["file_id"] => string(6) "157065"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421521690"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства