Просмотр содержимого документа
«Темір. Темірді? ма?ызды ?осылыстары»
29.01.2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Темір. Темірдің маңызды қосылыстары.
Сабақтың мақсаты: Темір металы және оның қосылыстары. Физикалық, химиялық қасиеттері, халық шаруашылығы мен адам өміріндегі маңызы жөнінде білімдерін кеңейту және өндіру кезіндегі экологиялық проблемалар жөнінде түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:
1.Мазмұнға байланысты:Темір элементін жан жақты зерттеу, сипаттау арқылы оның қосылыстары, қасиеттері, маңызы жөніндегі білімдерін жүйелендіріп кеңейту.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты: Темірдің қасиеттері табиғатта таралуы және қолданылуын оқушы мәтінді оқып, зерттей отыра сипаттайды.
3. Топтық міндет: Оқушылар шығармашылыкдың мүмкіндіктерін дамыту кабілеттерін арттыру максатында сұрактарға жауап іздейді корытынды шығарады
Сабақтың түрі: Жаңа оку материалын окып үйрену, кіріктерілген сабақ
І. Ұйымдастыру бөлімі: Сынып үш топқа бөлінеді. Бөлінбес бұрын алдарыңызда жатқан қағаздарды алып,әр топқа отырамыз.Топ басшысын сайлау.(Бағалау парағын тарату .Топ басшысы және оқушылар өдерін бағалау)
1топ-химиктер
2-топ физиктер
3-топ географтар ІІ.
Мұғалім сөзі енді алдымызда жатқан мозайканы құрастырайық. ( мозайканы құрастыру) Темір дегенде көзімізге не елестейді? Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді.Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдык көрініс темір жолда поездар да машиналарда жоқ , көпірлер үйіндіге айналған, өсімдіктер семіп өле бастаған, адам денесіндегі 3г темір жойылса, тірлігін тоқтатып өліп қалар еді. Бұл көріністегі темірдің маңыздылғын суреттеген атақты академик А.С.Ферсман болған. Геология мен металлургияның негізін салған, белгілі маталдарды зерттеуші Георгий Агрикола ХVІ ғасырда былай деп жазған:«адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды... егер металдар болмаса... адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді»-осы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер
1. Мағынаны тану .
Топ мүшелері сұрақты талқылайды, пікірлеседі слайд көрсету Сонымен біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы: Темір. Темірдің маңызды қосылыстары. Келесі кезеңде 3топқа тапсырмалар беріледі.Постер қорғайды.маркер.ватман т.б таратылады 2. Химиктер:
Таңбасы, атом құрылысы,электрондық формуласы, периодтық жүйедегі орны және химиялық қасиеттері
Физиктер:
Темір және оның маңызды қосылыстарының физикалық қасиеттері, қолданылуы
Географтар:
Темір және оның маңызды қосылыстарының шығу тарихы және табиғатта таралуы