Просмотр содержимого документа
«Периодтық заңның маңызы. Д.И. Менделеевтің өмірі мен қызметі.»
Күні: Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы:
Периодтық заңның маңызы. Д.И. Менделеевтің өмірі мен қызметі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Периодтық жүйе мен периодтық заңның құрылымын теориялық негіздеу, Д.И.Менделеевтің өмірбаянымен танысу.
Тәрбиелік :Элементтердің период нөмірі, топ нөмірі, элемент туыстары түсініктерінің физикалық мәні туралы оқушылар білімін тереңдету; оқушылардың элементтердің периодтық заңы мен периодтық жүйесі туралы білімін жүйелеу.
Дамытушылық: Сабақта оқушылардың ақпараттық мәселелерді шешу құзырлығын қалыптастыру арқылы,өзіндік жұмыстарды ойын элементтерімен орындауын дамыту.
Бүгінгі сабағымызды екі топқа бөлініп сайыс-сабақ түрінде өтеміз. Сайыс-сабағымызға «Электрон» және «Протон» топтары қатысып отыр.Енді осы қатысып отырған топтарымыз бір-бірімен танысып, сәлемдерін жолдасын.
1-кезең. Кел танысалық!
Сөз кезегін «Электрон» тобына беремін.
«Электрон» тобы:
Сәлем саған «Протон»
Жарыста жет деп жеңіске
Зарядың оң, ісің де оң.
Жолдайды тілек «Электрон»!
Келесі сөз кезегі «Протон» тобында.
«Протон» тобы:
«Электрон»командасы сәлем сізге,
Білімді сарапқа сал, сайысайық,
Жолдапсыз жақсы тілек дос деп бізге.
Ұпайды көп алайық сіз де, біз де!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
2-кезең«Кім шапшаң?»
Көміртек (С) пен азотты (N) элементтерін периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы бойынша сипаттап бер.
3-кезең Топ басшылар сайысы.
«Электрон» тобына тапсырма:
20г. кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің СаО массасы қанша?
«Протон» тобына тапсырма:
15г. мыс ауада жанғанда түзілетін мыс оксидінің СuО массасы қанша?
4-кезең “Ескі қолжазба”
Мұрағатта Д.И Менделеевтің ескі қолжазбасы табылды. Бірақ оны оқу үшін қиыншылық туып тұр: көптеген жерінде жазулары ескіріп, көрінбейді. Жазуды қалпына келтіріңдер.
Алюминий элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ периодында орналасқан, ІІІ топтыңэлементі. Реттік номері 13, атомдық массасы 27ге тең.
AlCl3 + 3NaOH →3NaCl + Al(OH)3
Мыс І топтың, негізгі топшасында орналасқан элемент. Реттік номері 29, атомдық массасы 64ке тең.
CuO + 2HCl→ CuCl2 + H2O
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі тақырыбымыз: Периодтық заңның маңызы. Д.И. Менделеевтің өмірі мен қызметі.
Д.И.Менделеев үсынған химиялық элементтердің периодтық заңы мен химиялық элементтердің периодтық жүйесі, олар түзетін жәй және күрделі заттар жайлы білімді жүйелеп қорытындылауға көмектеседі.
Элементердің периодтық жүйедегі тұрған орнына сәйкес, оған толық сипаттама беруге болатынына көз жеткіздік.
Химиялық элементтердің атом құрылысына сүйене отырып, элементтердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын, химиялық элемент қасиеттерінің периодты түрде өзгеруін және ұқсас элементтер тобын түзетінің түсіндіруге болады. Ғылым дамуының нәтижесі оның практика жүзінде іске асуымен түсіндіріліп, ашылған заң өзінің ғылыми маңызына ие болды.
Баяндама: « Д.И. Менделеевтің қызметі мен өмірі » дайындаған Сагынгалиева А.
IV. Бекіту
5-кезең “Қар кесегі” ойыны
Әр топ кезектесіп бір – біріне сұрақ қояды. Сұрақ қойылған топ сұраққа жауап береді.
«ЭЛЕКТРОН» тобына сұрақ
Д.И.Менделеев қай жылы дүниеге келді? (1834 ж 8 ақпан)
Бірінші топта қандай элементтер орналасқан ?(Сілтілік металдар)
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі көлденең қатар қалай аталады ?(Период)
Оттектің периодтық жүйедегі орны және салыстырмалы атомдық массасы? (рет саны 8, атомдық массасы 16,)
Д.И.Менделеевтің периодтық заңы ең алғаш қай жылы ашылды және неше элемент белгілі еді? (1869 ж, 63 элемент)
«ПРОТОН»тобына сұрақ
Менделеевтің құрметіне нешінші элемент берілді? (101 Менделевий )
Д.И. Менделеев кестесіндегі жетінші топ элементтері қалай аталады.
( Галогендер)
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі тігінен қатар қалай аталады ? (Топ)
Азоттың периодтық жүйедегі орны және салыстырмалы атомдық массасы? (рет саны 7, атомдық массасы 14,)
Қазақстан жеріндеД.И.Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің нешеуі кездеседі? (89)