| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
I . Ұйымдастыру кезеңі: 3-минут | Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу. Оқушыларды топқа бөлу. | Жоқ оқушыларды ескертеді Сутек, азот, оттек бойынша 3 топқа бөлінеді |
II. Үй тапсырмасын тексеру. 5 минут | Лездік сұрақтар: Аморфты және кристалдық заттардың қандай айырмашылығы бар? Ас тұзының балқу температурасы қанша? Ас тұзының геометриялық пішіні қандай? Берілген заттардың әрқайсысының кристалдық тор типтерін анықтаңдар 1-топ: 1.су ( қатты күйі) ( H2O) 2.калий хлориді ( KCI) 3.мыс Cu 2- топ: 1. көміртек ( алмаз ) 2. көмірқышқыл газы (CO2) 3. алюминий ( AI ) 3-топ: 1. оттек (O2) 2. литий хлориді ( LiCI) 3. кремний ( Si ) | Сұрақтарға жауап береді. Топтық жұмыс жасайды. |
III. Жаңа сабақ. Тақырыпты ашу. 2 минут | Адам қалай тыныс алады? Балықтар қалай тыныс алады? Фотосинтез процесі қалай іске асады? Өзім газбын,менімен демаласың, Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың | Тақырыпты түсінеді,ойын жинақтайды. |
IV.Жаңа сабақ. 7 минут | Оттек-химиялық белсенді және жерде ең көп таралған элемент.Атмосферадағы ауада оттек O2 жай зат түрінде болады.Ол адамға тыныс алу үшін қажет. Оттек Жер бетінде көптеген қосылыстардың құрамында кездеседі. ( 49,13 % ) XVIII ғасырда (1772 ж) швед ғалымы Карл Шееле, ( 1774 ж) ағылшын химигі Дж.Пристли оттекті бос күйінде алып, ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеді. Алынуы: Өнеркәсіпте: Сұйық ауаны айдау арқылы алады. Зертханада: 2KMnO4" K2MnO4 +MnO2 +O2h 2KCIO3 2KCI +3O2h 2 H2O2 2H2O + O2h | Берілген анықтамаларды мұқият оқып,дәптерге жазып алады |
V. Пысықтау. 20 минут | 1-cутек тобы: есеп: Судағы Н2О оттектің массалық үлесі қанша ( % ) екенін есептеңдер. 2-азот тобы: Құмдағы SiO2 оттектің массалық үлесі қанша ( % ) екенін есептеңдер. 3-оттек тобы: Адам тыныс алғанда 1 минутта орта есеппен 0,5л оттегін пайдаланса,сендер 6 сағат сабақ оқығанда қанша оттегін пайдаланасыңдар? | Жеке жұмыс: есеп шығарады. |
1-тапсырма: | 1-«cутек »тобы: Оттекке химиялық элемент түрінде жалпы сипаттама беріңдер. 1.Химиялық таңбасы -------------------- 2.Салыстырмалы атомдық массасы--------- 3.Валенттігі -------------------------------------- 4.Табиғатта кездесуі---------------------------- 5.Жай зат түзетіндігі -------------------------- 2-«азот » тобы: Оттекке жай зат ретінде жалпы сипаттама беріңдер. 1.Химиялық таңбасы ----------------------------- 2.Салыстырмалы молекулалық массасы ----- 3.Табиғатта кездесуі ------------------------------ 4.Физикалық қасиеттері ------------------------- 3-«оттек »тобы: Тірі организмдерде оттектің қатысуымен қандай қарама-қарсы процесс ж ү р е д і ? ------------------------------------- --------------------------------------------------------- | Топтық жұмыс орындайды |
2-тапсырма: Сергіту сәті: | 2- тапсырма: Сандарды сөйлетейік: 8 211 VI 1772 1774 16 21 II Сөзжұмбақ шешу: «О» 1. Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыс. 2. Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде тік бағанадағы қатарлар 3. Галогендер тобына кіретін элемент. 4. Табиғатта қосылыс құрамынан бос күйдегі оттекті бөліп шығаратын реакция. 5. Периодтық жүйедегі көлденең қатарлар не деп аталады? 6. VI- топтың негізгі топшасы элементтерінің атаулары. | |
VI. Қорытынды. 2 минут | Оттектің физикалық қасиеттері. Оттек жер қыртысында таралуы бойынша неше пайызды құрайды? Оттекті ашқан ғалымдар кімдер? | Сұрақтарға жауап береді. |
VII.Үй тапсырмасы. 1минут | §31.Оттек – химиялық элемент және жай зат. §32. Оттектің физикалық қасиеттері. Оттекті алу. Есеп №10 | Тапсырмаларды мұқият тыңдап,түртіп алу. |
VIII. Бағалау. 2минут | Оқушылардың жұмыс жасау жүйесін қадағалап,оларға сұрақ қойып толықтырып отырады. | Сабақта алған бағаларын күнделіктеріне қойдыру. |
Рефлекция | | |