Просмотр содержимого документа
«« Миллион кімге бұйырады?»»
Сынып:
Күні:
Сабақтың тақырыбы: « Миллион кімге бұйырады?» Негізгі мақсаты: Оқушыларға жан-жақты білім беру, алған білімдерін тереңдету, ой-өрісін кеңейту, ұжыммен жұмыс істеуге үйрету. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Сайыс сабағы Сабақтың барысы: - Ұйымдастыру - Топпен таныстыру - Ойын шартымен таныстыру - Алғырлар тобы (ойын) - Тапқырлар тобы (ойын) - Қорытындылау
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып «Миллион кімге бұйырады» атты танымдық сайысымызды бастаймыз. Сайысқа 9 - сынып оқушыларынан құралған 2 топ «Алғырлар» топ басшысы __________________, « Тапқырлар » тобы топ басшысы ___________________ , қатысып отыр. Сайысымыздың шарты: Сайыс үш кезеңнен тұрады. 1кезең-1000 тг ұтыс (ойланбай бірден жауап береміз), 2-кезең -32000 тг ұтыс (1 минут ойлануға уақыт беріледі), 3-кезең 100000 тг ұтыс ( 2 минут ойлануға уақыт беріледі). Ойынға қатысушылар екі жеңілдікке ие, ол залдан көмек, досынан көмек.
Ғылымның сырын ұғына Шығыңдар білім шыңына Ұқыптылық пен зеректілік, Жеткізер сіздердей өренді Жеңістің мынау шыңына дей келе сайыскерлерімізге сәттілік тілей отыра «Алғырлар» тобын ойын алаңына шақырамыз.
Сұрақтар: - Бүгінгі ойында қанша ақшамен қайтамыз деген үміттесіздер? - Бай, миллионер болғыларыңыз келе ме? - Миллионер болу үшін бүгінгі таңда ең қажеттісі не деп ойлайсыздар? - Ойын шарты сіздерге түсінікті ме? Ойын шарты түсінікті болса назарларыңыз экранда болсын
1 топ: «Алғырлар»
1-кезең 100 теңге Натрий гидрокарбонатының тұрмыстық атауы? Ас содасы 200 теңге Темірдің тот басуы қандай құбылысқа жатады? Химиялық 300 теңге Қанның құрамына кіретін металл? Темір
500 теңге Адам алақанында балқитын металл? Цезий 1000 теңге Д.И. Менделеев қай қалада дүниеге келген? Тобольск
1 кезең аяқталды. Ойынды жалғастырамыз ба, әлде мың теңгені аламыз ба? Егер сіздер миллионды ұтып алсаңыздар қалай бөлісер едіңіздер?
2 кезең 2000 теңге Көміртек (ІV) оксидінің тарихи қалыптасқан атауы? Көмірқышқыл газы 4000 теңге Оттегіні ашқан ғалым? Пристли
80000 теңге Галоген, оның қосылысы жүйке жүйесіне тыныштандыратын әсер береді? Бром 16000 теңге Қандай сүтті ішпейді? Әк 32000 теңге Жалғыз сұйық металл? Сынап
2 кезең аяқталды. Ойынды жалғастырамыз ба, әлде барға қанағат тұтамыз ба? Ата-аналарың қалта шығынына күнделікті ақша бере ме, қанша? Ата –аналарың берген ақшаны үнемдейсіңдер ме?
3 кезең 64000 теңге Суды зарарсыздандырып, дәмін қалдырмайтын зат? Озон 125000 теңге Біріншідүниежүзілік соғыс кезінде, химиялық қару ретінде пайдаланылған газ? Хлор 250000 теңге Қай елде, ең көп ашылған химиялық элементтер? Швеция 500000 теңге Рубин, гранат, сапфир, бирюза құрамына кіретін металл? Алюминий 1000000 теңге Қай елдің ұсталары бірінші рет фарфорды ойлап тапты? Қытай Егер сіздер миллионды ұтып алсаңыздар ең бірінші әрекеттеріңіз қандай?
Көңілді тапқыштар, білгірлер Бар білімін алдарыңа салады Кім білімді, көп оқыған болса егер Бүгінгі күн жеңімпазы болады. Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де химия Ауырсаң ішетұғын дәрі де химия Химиясыз сүрген өмір мазмұнсыз-ау Дүниенің бар тұлғасы химия десек дей келе « Тапқырлар » тобын ойын алаңына шақырамыз.
Сұрақтар: - Көңіл күйлеріңіз қандай? - Егер сіздер миллионды ұтып алсаңыздар қалай бөлісер едіңіздер? - Қолдарыңа ұстап , жұмсаған ең көп ақша саны қандай? - Ойын шарты сіздерге түсінікті ме? Ойын шарты түсінікті болса назарларыңыз экранда болсын
2 топ: «Тапқырлар тобы» 1 –кезең 100 теңге Төгілген сынапты бейтараптандыру үшін нені қолданады? Күкірт 200 теңге Теңіз орамжапырағы қандай химиялық элементке бай? Иод 300 теңге Зертханалық жұмыстарды жүргізгенде нені анықтауға ұсынылмайды? Дәмін 500 теңге Қоспаға жатпайды? Тұз 1000 теңге Ең ауыр газ?Аргон
1 кезең аяқталды. Ойынды жалғастырамыз ба, әлде мың теңгені аламыз ба? - Егер сіздер миллионды ұтып алсаңыздар қалай бөлісер едіңіздер? - Оңай жолмен ақша табу дегенді қалай түсінесіздер? - Жолдан ақша таптыңыздар ма? Сіздердің іс-әрекеттеріңіз қандай болды?
2 кезең 2000 теңге Күміс элементінің оқылуы? Аргентум 4000 теңге Натрий гидроксидінің техникалық атауы? Күйдіргіш натр 80000 теңге Электронды қосып алу процесі? Тотықсыздану 16000 теңге Ғарыштағы ең көп таралған элемент? Сутек 32000 теңге «Химиялық жыртқшыш» деп аталатын химиялық элемент? Қалайы
2 кезең аяқталды. Ойынды жалғастырамыз ба, әлде барға қанағат тұтамыз ба? - Қаражатты үнемдеп ұстау қажет пе? - Қалай үнемдеуге болады? - Ақша табу оңай ма әлде қиын ба?
3 кезең 64000 теңге Қандай элемент ежелгі Грекия қаласымен атанды? Магний 125000 теңге Адам ағзасының бір клеткасында бір мезгілде қанша химиялық реакциялар жүреді? 2000
250000 теңге Химиялық элементтердің қазіргі заманғы мағынасын енгізген химик? Берцелиус 500000 теңге Зат массасының сақталу заңын ашқан кім? Ломоносов 1000000 теңге Қандай элемент түбектің атымен аталған? Скандий
Ғалымдардың пікірі бойынша Англияда миллионерлердің пайызына байлық мұрагерлік жолмен берілген екен, ал қалған пайызы қандай жолмен айла –тәсілмен байыған деп ойлайсыңдар? Ақшаның қандай жолмен келгенін қалайсыздар?
Көрермендерге сұрақ: - Ең алғаш Еуропаға “миллион” сөзін әкелген кім? Жауабы: Атақты жиһангез Марко Поло (1254-1323) - Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1,5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200) - Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3) - Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге? - Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала ) - Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
Қорытынды шығару: Бір-біріне тілек айту.
Алтындай ардақты, күмістей салмақты, суға жүзген балықтай бүгінгі кеш қонақтары, көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын.
Сіздерге темірдей қатты, болаттай мықты денсаулық, көмірдей қара көздеріңіз бен, алмаздай өткір сөздеріңізбен жанды жадыратып. Өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпін.
Көңіл бөліп бұл кешке , Келгендерге көп рахмет, Шын сезінген көрерменге, Мың рахмет, мың рахмет...