kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Химияның басты ұғымдары мен теориялық негіздері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Химия басты ұғымдары

Теория негіздері

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Химияның басты ұғымдары мен теориялық негіздері»

Тақырыбы

§1.7.Қышқылдар мен негіздерге деген жаңа көзқарастар. Сольважүйелер теориясы.



уақыты

Білімділік мақсаты:


дамытушылық:


тәрбиелік:

Ерітінділер,қышқыл және негіздердің иондық теориялары, электролиттік диссоциациялану туралы алған білімдерін ары қарай жетілдіре отырып, білімді қалыптастыру;


түсіндіру, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін дамыту;


сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.



Сабақ типі:

Жаңа сабақ.


Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау. 9- ЕТЖ -5, 10- ЕТЖ -1


Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, 9- ЕТЖ -5, 10- ЕТЖ -1, 0.5г кальций оксиді, индикаторлар, қышқыл,сілті ерітінділері, мыс сульфаты, цинк хлориді


Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

(Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

Қышқылдар мен негіздерге деген жаңа көзқарастар. Сольважүйелер теориясы.

1.Білімді жаңғырту:

Фронталды сұрақтар:

  • Тұздар деген не?

  • Қышқылдар деген не?

  • Негіздер деген не?

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:








































Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды

шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Сулы және бейсулы ортада өтетін процестердің ұқсастықтарын байқаған американдық ғалым Франклин.Ол 1915 жылы аквохимия процестеріне ұқсастығына негізделген қосылыстардың сольважүйелер теориясын ұсынды. Аквохимия сулы ортада өтетін диссоцияция негізінде пайда болған иондық теория негізінде қалыптасса,онда дәл осылай сусыз сұйық аммиактың диссоцияциясын зерттеп,аммонохимияның негізін жасады:

2H2O → H3O+ +OH-

2NH3—NH4++NH2-

Көптеген бейорганикалық заттар сұйық аммиакта ериді(-330С) және бұл қосылыстардыі ерітінділері электр тоңыен өткізеді.яғни диссоцияцияланады. Аммонохимиядағы қышқылдар мен негіздердің табиғаты:

H3O+ ---сулы ортада қышқыл,ал OH- гидроксид ионы негіз.

NH4+---- аммиакта қышқыл, NH2- амид ионы негіз болады.

Еріткіш катионы- лионий,ал анионы-лиат(сульфат).

Лионий ионы-қышқыл.

Лиат ионы- негіз.

Аммонохимияда аммоний тұздары- қышқылдар класын түзеді.

Ал металл амидтері -негіздер класын түзеді.

Бейтараптану реакциясы:

NH4СІ+ КNH2---- КСІ + 2NH3

NH4++ NH2-----2 NH3

Салыстырсақ: H3O+ +OH----2H2O

СuSO4+2KOH----Сu(OH)2+ K2SO4

Zn(NO3)2+KNO2-----Zn (NH2)2+2KNO3

20-22


Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -

9-ППР-5;10-ППР-1 дәптерімен жұмыс орындау №1-3, 8 бет (№1)

1.Жаттығу 1-4.кітаптың 28беті.




Білімді қорытындылау және жүйелеу:


-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Жаттығуды тексеру.

Дәптерге жазу.


2-3;


Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

1.Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу:

Қорытынды:

Лионий ионы-қышқыл.

Лиат ионы- негіз.


3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

параграф 1,7 оқу. № 5,8– жазбаша орындау. (28бет) .

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2



































«Бекітемін»___________А.Ж.Рахышева

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2016-2017 оқу жылы


Сабақ жоспары/План урока

№___сабақ/урок

Күні/Дата:______________________________________________________________________

Курс, топ, мамандығы/Группа, специальность:_____________________________________

Пәні/Предмет:___________________________________________________________________


Тақырыбы

Электролиттік диссоциясы



уақыты

Білімділік мақсаты:



дамытушылық:





тәрбиелік:

Оқушыларға қышқылдарға, негіздерге электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан түсінік беру. Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың диссоциация теңдеуін құруды үйрету. Оқушылар қышқылдар, негіздер және тұздар диссоциациясының себебін және ерекшелігін түсіндіре білу керек.
Электролит ерітіндісінің электробейтараптығы және қышқылдардың, негіздердің, тұздардың сатылы диссоциациясы туралы түсінік беру.
Индикаторлардың қышқылдар мен сілтілерге әсері. Қышқылдар, негіздер және тұздар ерітінділерінің электрөткізгіштігін тексеру.
Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу. 


Сабақ типі:

Жаңа сабақ.


Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау.


Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, Менделеевтің  периодтық жүйесі,  үлестірмелі қағаз,  тірек  сызба  кестесі.


Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.


Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.


Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

(Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

Қышқылдар мен негіздерге деген жаңа көзқарастар. Сольважүйелер теориясы.

1.Білімді жаңғырту:

Фронталды сұрақтар:

  • Электролиттер дегеніміз не ?

  • Катион,анион,,бейэлектролиттер дегеніміз не?

  • Электролиттік диссоциация теория?


Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:




































Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды

шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Электролиттік диссоциация теориясы - Өткен тақырыптар бойынша қосылыстар ионды және ковалентті байланысты болатыны сендерге белгілі. Ал ковалентті байланыстың өзі екі түрге бөлінеді: полюсті және полюссіз. Заттардың кристалдык торларының типтері қосылыстардағы байланыс түрлеріне төуелді. Ал заттардың физикалық жөне химиялық қасиеттері тор типтеріне байланысты болады.

Ионды және ковалентті байланысты қосылыстардың ерекшеліктері олардың судағы ерітінділерінің қасиеттерінде де байқалады. Осы ерекшеліктерді бақылау үшін электрөткізгіштікті зерттейтін құралды пайдалануға болады.

Ыдысқа құрғақ қант пен ас тұзын кезекпен салып, оны электр желісіне қоссақ, электр шамы жанбайды, олай болса қатты күйіндегі заттарда ток тасымалдаушы бөлшектердің болмағаны.

Құрғақ қант пен ас тұзының орнына дистилденген су құйсақ та электр шамының жанбайтынын көреміз.

Келесі жолы қант пен ас тұзына су құйып, олардың ерітіндісін аламыз. Жүйені электр желісіне қосқанда ас тұзының ерітіндісі құйылған жағдайда электр шамының

жанғандығы, ал қант ерітіндісі құйылғанда, шамның жанбағандығы байқалады.

Заттарды суда еріткенде немесе балқытканда иондарға ыдырауын диссоциация дейміз. Диссоциацияланатын заттар электролиттер, ал диссоциацияға ұшырамайтын заттар — бейэлектролиттпер (қант, глюкоза, спирт жөне кейбір жай газдардың (Н2,02, N2) судағы ерітінділері жатады).

Электролиттік диссоциация теориясының қазіргі заманғы қағидалары:

  • Заттар суда ерігенде оң жөне теріс иондарға ыдырайды.

  • Диссоциацияның себебі - заттардың гидратациялануы. Электр

  • шамы жанады.

  • Электр тоғының әсерінен иондар катод пен анодқа бағытталады.

  • Диссоциация қайтымды үдеріс: диссоциация (ыдырау)↔ ассоциация (бірігу)

  • Электролиттер әр түрлі шамада диссоциацияланады (α).

  • Электролит ерітінділерінің химиялық касиеттері ондағы иондардың табиғатымен анықталады.

  • Элемент атомы мен оның ионының қасиеттері әр түрлі болады.


Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;



Білімді қорытындылау және жүйелеу:


-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Жаттығуды тексеру.

Дәптерге жазу.



Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.


Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.


Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.







































«Бекітемін»___________А.Ж.Рахышева

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2016-2017 оқу жылы


Сабақ жоспары/План урока

№___сабақ/урок

Күні/Дата:______________________________________________________________________

Курс, топ, мамандығы/Группа, специальность:_____________________________________

Пәні/Предмет:___________________________________________________________________


Тақырыбы


Қышқылдар мен негіздер теориясы

Протон теориясы




уақыты

Білімділік мақсаты:


дамытушылық:


тәрбиелік:

қышқылдық және негіздік әрекеттесулер теориясы, иондық реакциялар, электролиттік диссоциациялану туралы алған білімдерін қалыптастыру;


протондық теорияға сәйкес қышқыл ,негіздерді ажырата, қасиеттерін сипаттай білуін, түсіндіру, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін жетілдіріп, дамыту;


сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.



Сабақ типі:

Жаңа сабақ.


Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау.


Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта,


Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.


Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.


Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

(Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

Иондық реакциялар.

1.Білімді жаңғырту

Фронталды сұрақтар:

  • Электролиттік диссоциацияланудың негізгі қағидалары қандай?

  • Иондық реакциялар деген не?


Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

































Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды

шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

Жаңа сабақты түсіндіру:

ПРОТОНДЫҚ ТЕОРИЯ

Қышқылдық – негіздік әрекеттесулер туралы жаңа түсінік 1923 ж.Дания ғалымы И.Бренстед ұсынған протондық теория негізінде пайда болды . Мұнда басқа бөлшектермен салыстырғанда шамасы мыңдаған есе аз ерекше бөлшек – протонға басты рөл берілген . Протон өте белсенді , өйткені оның сыртқы электрондық қауызы жоқ және басқа атомдармен , иондармен , молекулалармен қосылуға қабілетті .

Протондық теорияға сәйкес протон беруге қабілетті бөлшектерді (молекула немесе ион ) – қышқыл , ал протонды қосып алатын қабілеті бар бөлшектерді - негіз деп атайды .

Протондық теория тұрғысынан протолиттік алмасу реакциясына жататын газтектес аммиак пен хлорсутектің әрекеттесуін қарастырайық :

+ -

NH3 + HCL NH4 + CL


Бұл протолиттік реакция теңдеуінен басты ерекшелігі - бастапқы қышқыл мен негізден жаңа қышқыл мен негіздің түзілуі болып табылатынын көруге болады .

Протолиттік реакцияны жалпы түрде мынадай сызбанұсқамен береді :


НА + В ВР + А

І қышқыл ІІ негіз ІІ қышқыл І негіз

Бастапқы қышқыл НА (І қышқыл) В (ІІ негіз ) негізбен әрекеттесіп , нәтижесінде жаңа қышқыл ВН (ІІ қышқыл) түзіледі . І қышқылдан алынған жаңа негіз А І негіз деп аталады .Бұл бастапқы қышқылдан (І) және және негізден (ІІ) әрқашанда жаңа іліктес қышқыл (ІІ) және негіз (І) алынатынымен түсіндіріледі . Сонымен А ионы – қышқыл . , НА іліктес негіз , ал ВН ионы В негізге іліктес қышқыл . Іліктес қышқылдық – негіздік жұпта әрқашан күшті негізге әлсіз қышқыл сәйкес келеді . Біздің мысалымызда :

+

NH + H NH

3 3

І негіз ІІ қышқыл

(күшті) (әлсіз )


керісінше күшті қышқылға әлсіз негіз сәйкес келеді .

+

HCL H + CL

І негіз ІІ негіз

(күшті) (әлсіз)

Осыдан – ақ аммиактың хлорсутекпен бейтараптану реакциясы негізінен тура бағытта жүретіні анық көрініп тұр , өйткені бұл кезде түзілген өнімдер әлсіз қышқыл және әлсіз негіз болып табылады .

Протолиттік реакцияға тағы бір мысал - хлорсутектің суда ерігенде қышқылға айналуын алайық .



+ -

HCL + H O H O + CL

2 3

І қышқыл ІІ негіз ІІ қышқыл І негіз


Бізге белгілі Аррениус – Каблуков түсінігі бойынша хлорсутектің судағы ерітіндісінің күшті қышқылдық қасиеті бар , себебі ол көп мөлшерде оксоний иондарын Н3 О түзеді.

Сонымен қатар Бренстедтің протондық теориясы бойынша да сусыз хлорсутек қышқыл болып саналады, себебі ол өзінен пртонды үзуге қабілетті.Басқаша айтқанда ,жоғарыда келтірілген протолиттік реакцияның тепе – теңдігін сақтау осы екі қышқылдық қасиеттеріне тәуелді , себебі оған қатысатын екі негіз де Н О және CL - әлсіз .

2

Протолиттік теория бойынша қышқылдар мен негіздерге бейтарап молекулалар және иондар жатады . Сондықтан оларды бейтарап , катионды және анионды қышқылдар мен негіздер деп бөледі .

Кейбір еріткіштер мысалы су , аммиак , этил спирті өздерін екідайлы қосылыстар түрінде көрсетеді , өйткені олардың өздерінің протондарын бөліп жіберу және өзгелердің протондарын қосып алу қасиеттері бар . Барлық гидроаниондар қышқылдық та , негіздік те қасиет көрсетуі мүмкін . Сондықтан протолиттік теория бойынша қышқылдық және негіздік қасиеті бар бөлшектердің саны күрт артады .

Сандық бағалау , яғни диссоциациялану константасы , тепе- теңдік константасы , сутектік көрсеткіш және маңызды параметрлерді есептеу Бренстед теориясы негізінде ұсынылған математикалық теңдеулермен жүзеге асырылады .Протондық теория қазіргі кезде кең таралған теориялар қатарына жатады . Ол протолиттік әрекеттесуді біріңғай жүйе түрінде қарастырады .


Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

10- ЕТЖ -1 дәптерімен жұмыс орындау ,2 нұсқа 9 бет

1.Жаттығу 1-4.кітаптың 33беті.


Білімді қорытындылау және жүйелеу:



-тпсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Жаттығуды тексеру.

Дәптерге жазу.

Қорытынды:

1. Бренстед ұсынған протондық теория-протон қатысында жүретін протолиттік реакцияларда,үнемі жаңа қышқыл және жаңа негіз түзілетінін көрсетеді.

2. Қышқыл және негіз іліктес жұп түзеді.

3. Протондық теорияға сәйкес қышқылдар және негіздер бейтарапты, катионды және анионды болып бөлінеді.



Білімді тексеру

және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

1.Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу:


Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.


Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

























Тақырыбы

§1.9.Қышқылдар мен негіздердің қасиеттеріне еріткіштердің әсері.

уақыты

Білімділік мақсаты:


дамытушылық:


тәрбиелік:

қышқылдар және негіздерге еріткіштердің әсері туралы алған білімдерін қалыптастыру;


еріткіштердің түсіндіру, талдау,қорытындылау,есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін жетілдіріп, дамыту;


сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.



Сабақ типі:

Жаңа сабақ.


Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау.


Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, ерігіштік кестесі.


Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

2. Нашар үлгерушілермен жұмыс: кеңесшілер көмегі.


Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

(Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

Қышқылдар мен негіздердің қасиеттеріне еріткіштердің әсері.

1.Білімді жаңғырту:

.Фронталды сұрақтар:

  • Электролиттік диссоциацияланудың негізгі қағидалары қандай?

  • Натрий хлориді және күміс нитраты; натрий гидроксиді және алюминий хлориді арасындағы ион алмасу реакцияларын құрастырыңдар (молекулалық, толық және қысқартылған иондық)


Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

































Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды

шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Бренстед теориясына сүйеніп , кейбір қызықты деректерді түсінуге болады . Мысалы хлорсутектің молекуласы өте берік , кәдімгі жағдайда және сұйылған күйде электр тогын өткізбейді , себебі иондарға ыдырамайды .Бірақ суда ерігенде ол өзінен протон бөледі , ал ол - бірден су молекуласымен гидраттанады . Протонның гидраттану энергиясы 1130 кДЖ/моль.

+ + 0

Н + Н 2О = Н О Н гидраттану = -1130кДж/ моль

Хлор ионы да аздаған мөлшерде энергия бөліп гидраттанады

CL+H2 O = CL*nH 2O H гидраттану = -322 кДж/моль

Бұл энергиялардың қосындысы хлорсутек молекуласын иондарға ыдыратуға қажет энергия мөлшерінен артық .

+ 0

HCL H + CL H иондану = 1377кДж/моль

Демек хлорсутектің әрбір молін суда еріткенде 1377 + (-1130-322)=-75кДж/млдь жылу бөлінеді , ол ерітіндіні әжептәуір жылытады .

+ 0

HCL+ (n+1) H2 O H3 O + CL * nH2 O H реакция =-75кДж/моль

Бұдан еріген заттың қасиетіне еріткіш , яғни су айтарлықтай ететіні көрінеді . Бұл Аррениустың иондық теориясыда судың судың инертті орта сияқты әсерінің ескерілмеуіне қате болмауына тағы да біздің көзімізді жеткізеді .

Жоғарыда айтылғандай , протонды жеңіл беретін және толығымен иондарға ыдырайтын қышқылдар – күшті қышқылдар , ал протонды қиын беретін - әлсіз қышқылдар болып табылады . Мынадай сұрақтар туындайды : Қышқыл молекуласынан протонды үзіп алуға қажет энергия қайдан алынады ? Бұл жерде енді еріткіштің табиғаты басты рөл атқарады .Судың құрылымы бұрышты , сондықтан ол диполь , электрон бұлтының ығысуынан оның молекуласының оттекті бөлігі теріс зарядталған , сутек атомдары орналасқан бөлігі – оң зарядталған .

Судың дипольдік молекуласын шартты түрде былай белгілейді .


+

Су дипольінің әсерінен қышқыл молекуласынан бөлінетін «жалаңаш» протон Н су молекуласына қосылады , бұл кезде энергияның едәуір мөлшері бөлінеді

+ + + 0

Н + Н2О Н * Н2 О(Н3О) Н1 = - 690 кДж/моль


Бұрын қышқыл молекуласынан протонды үзіп алуға жұмсалған энергияның шығыны гидраттану энергиясының есебінен толықтырылатыны айтылды .Кез келген еріткіш молекуласы еріген заттың протонын қосып алғанда бөлінетін энергияны протонтартқыштық деп айтады және П әріпімен белгілейді .

Егер кейбір маңызды еріткіштерді протонтартқыштықтың азаюы бойынша

орналастырса , мынадай қатар алады .

NH3 , NH4 , H2 O, HCN3 , HF,HPO3 , H2S ,HNO ,HCL, H2 SO4 HBr, HCLO

4

Бұдан екі еріткішті араластырғанда қатардың басына жақын орналасқан негіз ролі атқаратыны, ал қатардың соңына жақын орналасқаны қышқыл болып табылатыны анық көрінеді . Бұ қатардың ортасында орналасқан еріткіштер екідайлы қасиет көрсетеді Бұл тұжырымдаманы дәлелдеу үшін берілген мысалды қарастырайық .

Егер сусыз күкірт қышқылын суда ерітсе , онда протьон су молекуласына қосылады , өйткені оның протонтартқыштығы қышқылға қарағанда жоғары болады .

H

+

H2 SO 4 + H 3O H2 O + H2 SO4


Мұндай протолиттерге тән екі жақты әректесудің болуын олардың электөткізгіштігі бойынша қарастыруға болады . Шынынды да олар жекелеген электр тогын мүлдем өткізбейді , бір – бірімен араластырғанда олардың қоспасы электрөткізгіш болып табылады . Бұл олар әрекеттескенде катион мен анионнан тұратын электролиттер түзілуімен түсіндіріледі .

Ерітінділер теориясы:

Физикалық теория Химиялық теория

Еру- диффузия құбылысы. Еру-еритін заттың сумен химиялық

Ерітінділер –біртекті қоспалар әрекеттесуі гидратация деп аталады

Бұл химиялық қосылыс

(Вант-Гофф, Аррениус, Оствальд) (Менделеев,Каблуков, Кистяковский)


Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Кітаппен өз бетінше жұмыс: параграфты оқып 1-4,6-8 сұрақтарға жауап беру (36беті).



Білімді қорытындылау және жүйелеу:



-тпсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Фронталды сұрақтар:

  • Еріген заттың қасиетіне не қатты әсер етеді?

  • Кез-келген ерітіндінің молекуласы бөлетін энергияны қалай атаймыз?

  • Екі еріткішті араластырғанда қандай негізге негіздік қасиет тән болады?

  • Екі жақты әрекеттесу деген не?



Білімді тексеру

және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

1.Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу:


Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

параграф 1,9 оқу. №5– жазбаша орындау. (36бет) .


Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.






МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162

Химиядан сабақ жоспары Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.


Сыныбы – 10 (Ж) сабақ реті: күні________

Тақырыбы

§1.10.Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы.

уақыты

Білімділік мақсаты:


дамытушылық:


тәрбиелік:

қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы туралы алған білімдерін қалыптастыру;

теңдеуді талдау,түсіндіру,қорытындылау, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін жетілдіріп, дамыту;


сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.



Сабақ типі:

Жаңа сабақ.


Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау. 10- ЕТЖ -1


Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, ерігіштік кестесі,10- ЕТЖ -1.


Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

2.Нашар үлгерушілермен жұмыс: кеңесшілер көмегі.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

(Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы

1.Білімді жаңғырту:

1.Фронталды сұрақтар:

* Аквохимия деген не? ?

* Бренстед теориясы неге протондық теория деп атайды?

* Иондық теориясы көзқарасы бойынша қышқыл және негізге анықтама беріңдер?

* Солбважүйелер теориясы бойынша қышқыл және негізге анықтама беріңдер

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

































Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды

шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

Жаңа сабақты түсіндіру:


1939 ж белгілі кеңес химигі ,КазКСР Ғылым академиясының академигі Михайл Ильч Усанович қышқылдық – негіздік әрекеттесудің жаңа теориясын ұсынды .Бұл теория сендерге белгілі басқа теориялармен салыстырғанда қышқылдық – негіздік әрекеттесудің табиғатын кеңінен қарастырады . Мұнда әрекеттесудің өнімдері тұздар болып табылады деп есептейді . Усанович теориясы бойынша , тұз – қышқылды негізбен (немесе негізді қышқылмен) бейтараптау реакциясы нәтижесінде түзілген өнім .

Қышқыл - катионды беруге (мұнда протон да кіреді ) немесе анионды (оның ішінде электрон да бар ) қосып алуға қабілетті бөлшектер , ал негіз – анионды беруге немесе катионды қосып алуға қабілетті бөлшектер .

Михайл Ильич Усанович

Химия ғылымдарының докторы , профессор , ҚазКСР Ғаның академигі ,Өзбекстан КСР және Қазақстан КСР-нің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері . Дүние жүзіне белгілі қышқылдар мен негіздер теориясының авторы , аты әлемге әйгілі ғалым

Ғылыми еңбектері ерітінділер табиғаты саласына арналған . Сулы және бейсулы ерітінділер табиғатын зерттеу негізінде тұжырымдалған қышқылдар мен негіздер теориясы әлемдік ғылыми әдебиетке «Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы» деген атаумен енген.

+ -

Егер қышқылды – Қ , негізді –Н, Катионды – К және анионды – А әріптерімен белгіленсе , онда бұл анықтамаларды сызбанұсқа түрінде былай белгілейді .

+ + - -

Қ: - К ( Н ) немесе + А (е)

- - + +

Н: - А (е) немесе + К ( Н )

Бұдан бұрынғы келтірілген анықтамаларға көңіл аударсақ , иондық , сольважүйелер және протондық теориялар анықтамалармен дәл келетінін атап өтуге болады . Басқаша айтқанда , қышқыл мен негіздің бұрын белгілі анықтамасы Усановия теориясында да сақталады . Сондықтан оның теориясын «Қышқылдық – негіздік әрекеттесудің жалпылама теорисы » деп аталады , ал алдындағыларды жалпы теориға бағынатын дербес теориялар деп есептейді .

Усанович теориясы бойынша тұз түзе жүретін кез – келген процес бейтараптану теакциясына жатады . Ке келген тұз ктионнан яғни қышқылдан және анионнан яғни негізден тұрады . Шынында да катионның анионды қосып алу қабілеті болғандықтан ол қышқылдық қасиет көрсетеді , ал анионның катионды қосып алу қабілеті болғандықтан негіздік қасиет көрсетеді .

Мысалы сулы ортады тұнба түзіп жүретін реакцияны алайық .

2+ 2-

Са + СО3 СаСО3

қышқыл негіз тұз


немесе еритін қосылыстың диссоциациялану процесі:

2+ -

BaCL2 Ba + 2 CL

тұз қышқыл негіз

Осыдан катион мен анионның өзара қосылуын немесе олардың бөлінуін қышқылдық – негіздік қасиеттің көрінуі түрінде қарастыру керек екендігі көрінеді .

Қышқылдық – негіздік әрекеттесудің жалпы теориясын түсіндіру үшін нақты мысалдар қарастырайық . 2-

Су күкірт қышқылының ангидридімен әрекеттескенде О анионын беріп негіз болса , ал күкірт (ҮІ) оксиді анионды өзіне қосып алып қышқыл болады .

Н2 О +SO3 = H2SO4 (күкірт қышқылының халықаралық атауы тұздың атауына ұқсас – сутек сульфаты)

SO3 + К2О = К 2SO4

Бұл реакция да бейтараптану реакциясына жатады , өйткені бастапқы күшті қышқыл SO3 және күшті негізден К2О , әлсіз негізбен SO4 - әлсіз қышқылдан К+ тұратын тұз алынады .

Мұндай талқылаулар протондық теорияны түсініргенде де қолданылды . Демек , Бренстед теориясы бойынша жасалған қорытындылар Усанович теориясы үшін де дұрыс .

Усанович теориясы бойынша түзілуде басты орын әрекеттесуші бөлшектерге бөлінген .Бұл белгі бойынша қышқылдық – негіздік әрекеттесуге бізге таныс көптеген процестер жатады . Мысалы :

1. Zn (OH) 2 + 2 HCL = ZnCL2 +2 H2 O


2. ZnO + 2 HCL = ZnCL2 + H2O

-

2 е



3 . Zn + 2 HCL = ZnCL2 + H2

-

2 е



4. . Zn + CL2 = ZnCL2


Бірінші реакцияның қышқылдық – негіздік реакцияға жататының Аррениус теориясы көмегімен дәлелдеуге болады . Өйткені оксоний ионы гидроксид ионымен бейтараптанады . Бұл теорияларға сүйеніп , қалған үш реакцияның жүру механизмін қышқылдық – негіздік әрекеттесу тұрғысынан түсіндіру мүмкін емес .

Усанович теорисы бойынша барлық 4 реакция қышқылдық – негіздік әрекетесуге жатады , өйткені олардың барлығында тұз – мырыш хлориді түзіледі . Олардың біріншісі- дәстүрлі аквоқышқылдың аквонегізбен әрекеттесуі болып табылады . .Екіншісі тұз қышқылы мен аквоқышқылдан суды аластатқанда түзілетін ангидриттің бейтараптануын сипаттайды . Үшінші реакцияның теңдеуінен металл- негіз екеіні көрінеді , өйткені ол өзінің электрондарын беріп , тұз қышқылымен бейтараптанады . Төртінші реакцияда мырыш атомы қышқылмен – хлор молекуласының электрондарын қосып алып бейтараптанады . Нәтижесінде сол тұз – мырыш хлориді түзіледі .

Усанович бойынша , жоғарыда келтірілген қышқыл мен негіздің анықтамалары тотығу мен тотықсыздану реакцияларын қышқылдық – негіздік әрекеттесуге жатқызуға мүмкіндік береді . Шындығында Усанович теориясы бойынша мырыштың хлормен тотығуы кезінде жүзеге асатын негізден қышқылға электрондардың ауысу процесі , қышқыл мен негіз арасындағы бейтараптану реакциясына сәйкес.


6-7

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1. 10- ЕТЖ -1 жұмыс істеу: № 1,2,3,4 нұсқа1,2 .(8бет)

20-22



Білімді қорытындылау және жүйелеу:



-тпсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Жеке сұрақтар:

  • Усанович теориясын жалпылама теория деп атайды?

  • Магний сульфатын алуға болатын реакция теңдеулерін құрастырып,оны Усанович теориясы тұрғысынан түсіндіріңдер.


2-3;



Білімді тексеру


және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

-оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

1.Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу:

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

параграф 1,10 оқу. № 3-6– жазбаша орындау. (39бет).


1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2


































«Бекітемін»___________А.Ж.Рахышева

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2016-2017 оқу жылы


Сабақ жоспары/План урока

№___сабақ/урок

Күні/Дата:______________________________________________________________________

Курс, топ, мамандығы/Группа, специальность:_____________________________________

Пәні/Предмет:___________________________________________________________________



Тақырыбы

Тұздар гидролизі



уақыты

Білімділік мақсаты:


дамытушылық:


тәрбиелік:

Теорияны қоытындылау,көптеген бейорганикалық заттардың тұздар класына жіктелуі,тұздар гидролизі туралы алған білімді қалыптастыру;


Тұздар гидролизі реакция теңдеулерін жаза білу дағдысын түсіндіру, есте сақтау,көңіл аудару,есеп шығару қабілеттерін дамыту;


сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.



Сабақ типі:

Жаңа сабақ.


Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу, 10- ЕТЖ -2 жаттығулар орындау


Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, 10- ЕТЖ -2, ХЭПЖ, кітап, дәптер.


Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.


Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.


Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

(Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

Тұздар класы.Гидролиз реакциясы


Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:








































Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды

шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

1.Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:

1887жылыАррениусс ұсынған ЭДТ қышқыл, негіз, тұздардың табиғатын

олардың диссоциациялану константасын тәжірибе жүзінде анықтайды.

Бренстед теориясы бойынша, қышқылдар мен негіздердің қасиеттерін берген немесе қосып алған протонның санымен анықтайды .Бірақ бұл теориялар қорытындыланған теорияларға бағынады.Егер жай, бір элементтен тұратын қышқыл мен негіздің күшін анықтау қиын емес.Металл атомы электронды беретіндіктен–негіз,негіздің күшін оның атомының иондық потенциалымен анықтайды.Бейметалл атомдары электронды қосып алады,сондықтан олардың күшін электронды тартқыштық шамасымен анықтайды.Бұл шамалар бойынша сілтілік металдардың негізділігі бірінші топта литиден цезиге қарай артады;бұл оладың тотықсыздандырғыш қасиетінің өсуімен сәйкес келеді, 7 топтың галогендерінңің қышқылдық қасиеті фтордан йодқа қарай кемиді,бұл олардың тотықтырғыш қасиетінің төмендеуіне сәйкес келеді.Неғұрлым қышқыл мен негіздің қасиеті күшті болса,соғұрлым олар өзара белсендірек әрекеттеседі де, байланыс түзеді

Мысалы:

2Cs + F2 ==2CsF

Ca+ Cl2 ==CaCl2

Катиондар мен аниондардың күшін анықтау үшін иондық потенциал шамасын пайдаланамыз.Ол зарядталған бөлшектің зарядының,бөлшек радиусының шамасына қатынасына тең.

U==Z / r

Бұл теңдеуден көріп отырғандай, қышқыл-катиондардың қышқылдық қасиеті, заряд шамасының өсуімен артады.Мысалы: хлорид, сульфид, нитрид.Күрделі аниондар үшінде солдан оңға қарай артады: нитрат, карбонат, фосфат.Егерде зарядтары бірдей болса, күштері радиустың өзгеруімен анықталады.Ионның радиусының кемуімен қышқыл мен негіздің қасиеті артадыМысалы.: калий, натрий, литий иондары.

Усанович теориясы бойынша, сутекті қышқылдар молекуласында катион заряды- сутек-протонның +1-ге тең, соған қарамастан қышқылдық қасиетке ие, сондықтан протонның радиусы өте кішкентай шама,оның иондық потенциалы анионның потенциалына қарағанда әлдеқайда кіші болады. Мысалы:

Су күкірт қышқылының ангидридімен әрекеттескенде ,су анионды беріп негіз болады,ал күкірт оксиді,анионды қосып алып қышқыл болады: H2O + SO3 == H2SO4

негіз қышқыл тұз

Бірінші жағдай:

Әлсіз қышқыл мен күшті негіздің әрекеттесуінен түзілген тұздың сумен әрекеттесуі:


Na2CO3 + HOH ======== NаНСО3 + NaOН

NаНСО3 + НOН ======== Н2СО3 + NaOН

Na + гидролизге тек күшті негіз CO3 қатысады

CO3+ HOH ======== НСО3 + OН

НCO3+ HOH =======Н2О +СО2 + OН



Екінші жағдай:

Әлсіз негіз бен күшті қышқылдың негіздің әрекеттесуінен түзілген тұздың сумен әрекеттесуі:

ZnCl2 +HOH ======ZnOHCl + HCl

ZnOHCl + HOH =====Zn(OH)2 +HCl

Zn +HOH--------ZnOH + H

ZnOH+ HOH==== Zn(OH)2 +H



Қышқыл Zn судың ОН иондарын байланыстырады,нәтижесінде сутек катиондары жиналады,сондықтан реакция қышқылдық ортаны көрсетеді. .

Үшінші жағдай:

Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдың немесе күшті негіз анионы мен күшті қышқылдың катионынан түзілген тұздың сумен әрекеттесуі:

Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздың сумен әрекеттесуінде екі ионда сумен әрекеттесіп, гидролиз қайтымсыз болады,себебі тұз толығымен ыдырайды. Cr2S3 + 3H2O----------2Cr (OH)3 +H 2S.


Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -


Білімді қорытындылау және жүйелеу:


-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;


Дәптерге жазу.



Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Жаттығу тексеру.


Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны



Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Химияның басты ұғымдары мен теориялық негіздері

Автор: Темиргалиев Рустем

Дата: 17.01.2017

Номер свидетельства: 380610

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "?стаз парызы "
    ["seo_title"] => string(11) "staz-paryzy"
    ["file_id"] => string(6) "106206"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1402980991"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "?стаз парызы – дарынды жеке т?л?аны  ?алыптастыру "
    ["seo_title"] => string(53) "u-staz-paryzy-daryndy-zhiekie-tu-lg-any-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "199038"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428505716"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства