Сабақтың тақырыбын дәптерге жаздыру. «Азот қышқылы, оның тұздары». Оқушыларды эксперт топтарға бөліп, мәтінмен танысуға уақыт беру. Сосын жұпта, топта талдайды. Өз жанұяларына барып, ақпарат алмасады. Күтілетін нәтиже: - ақпаратты өз бетінше ұғынады, бұрынғы білімімен астастырып, түсінеді; - меңгерілген ақпаратты басқа оқушыларға түсінікті жеткізе біледі; - мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысы дамиды; - кластастарын ести және тыңдай біледі; - өзінің, кластастарының білім алуына жауапкешілікті түсінеді; - таным әрекеті үдерісінде қарым- қатынас шеберлігі артады; Жүзеге асыру қадамдары: - №1 топқа «Азот қышқылының физикалық қасиеті мен алу жолдары», «Қолданылуы» №2 топқа «Химиялық қасиеттері «Нитраттар», оқу; - алдымен жұпта, сосын топта талдау; - жанұяға оралып, ақпарат алмасу; - берілген тақырып бойынша постер қорғау. |