Просмотр содержимого документа
«ІІ топтың негізгі топша металдары»
Күні:
Пәні: Химия
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: §6.4 Натрий және калий қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: натрий және калийдің атом құрылысы, табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттерімен, алынуы және қолданылуымен таныстыру.
Дамытушылық: металдар туралы білімін дамыту және қалыптастыру.
Тәрбиелік: дүниетанымдық тәрбие беру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту сабағы
Өткізу әдісі: түсіндірмелі - көрнекілік.
Көрнекіліктер: оқулық, периодтық жүйе т.б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
ІҮ. Бекіту сұрақтары
Ү. Үйге тапсырма
ҮІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу
Б) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
В) сыныптың тазалығына қарау
Д) оқушылардың назарын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
§6.3 Натрий және калий
а) сұрақ-жауап
ә) түсінік айту
ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру
§6.4 Натрий және калий қосылыстары
З. ж. №7 Натрий, калий маңызды тұздарының үлгілерімен танысу
Na2O натрий оксиді негіздік оксид. Натрий өте белсенді металл болғанмен ауадағы оттегімен емес, ондағы ылғал су буымен негіздік оксид қосылып, натрий гидроксидін түзеді. Қышқылдық оксидпен де қосылады.
Na2O+H2O=2NaOH
Na2O+CO2=Na2CO3
Na2O2 натрийдің асқан оксиді – сары түсті ұнтақты түйіршік зат. Оны алу үшін натрийді алюминий ыдыстағы оттегінде жағады.
2Na+O2=Na2O2
Химиялық қасиеттері: сумен әрекеттескенде гидролизденеді.
Na2O2+2H2O=2NaOH+H 2O2
Мұнда: H2O2 – сутегінің асқын оксиді (Н – О – О – Н).
Заттарды түссіздендіруге бұл реакция қолданады. Ал көмірқышқыл газбен әрекеттесуін сүңгуір қайықтарда, оттегін алу үшін пайдаланады.
2Na2O2+2CO2=2Na 2CO3+O2
NaOH – натрий негізі, натрий сілтісі.
Жалпы негіздердің мынандай химиялық қасиеттері бар.
1. NaOH+ қышқылдық оксид = тұз+су
2. NaOH + қышқыл = тұз+су
3. NaOH + тұз = тұз+негіз
4. NaOH суда еритіндіктен қыздырғанда оксид пен суға айрылмайды. Жоғарыда айтқандай айырылмай ұшады.
Натрий нағыз металл болғандықтан қышқыл түзбейді.
Натрий тұздарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрып теңестірейік.
Na2CO3+Ca(OH)2 =CaCO3↓+ 2NaOH
2NaCl + H2SO4= 2HCl + Na2 SO4
Натрийді тұзынан қандай металл ығыстырып шығаратынына мысал жазыңдар.
Na2S+CaCO3=Na2CO 3+CaS
Натрий тұзының бұдан басқа ерекше қасиетін пайдаланып, 1791 жылы француз дәрігері Николай Лебан сода алудың жаңа әдісін ұсынған.
NaHCO3 – натрий бикарбонаты қыздырғанда былай айрылады:
2NaHCO3= Na2CO3+CO2+H2 O
Ас содасы кір содасына осылай айналады. Ал азот қышқыл натрий тұзы NaNO3 – натрий нитраты, натрий селитрасы деген атпен жақсы тыңайтқыш ретінде белгілі. Ас тұзын күнделікті қолданамыз.
Міне, осылай бос күйіндегі және элемент түріндегі натрийдің және оның қосылыстарының қасиетін жоспарлы түрде еске сақтап баяндауға болады.
KNO3 – калий немесе чили селитрасы күрделі тыңайтқыш, құрамында екі қоректік элемент – азот және калий бар.
KClO3 – бертолле тұзы сіріңке шырпыларының басында болады, оны химиялық өнеркәсіпте күшті тотықтырғыш ретінде қолданады.
KMnO4 – калий перманганаты немесе «марганцовка»кез келген дәріханада бар, лабораторияда оттек алу үшін қолданады.