Просмотр содержимого документа
«Элементтердің табиғи ұяластары»
Сабақтың тақырыбы: Элементтердің табиғи ұяластары Сабақ мақсаты: Білімділік: Элементтерді алғашқы топқа бөлу, ұқсастықтары мен айырмашылықтары арқылы оларды сілтілік металдар, галогендер, халькогендер және салғырт (инертті) газдарға топтастыру. Осы топтардағы элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерінің салыстырмалы атомдық массаға тәуелді екенін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың іс әрекетін, танымдық біліктерін жаңа білімді өз белсенділіктерімен дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыстануын, ізденімпаздығын қалыптастыру. Көрнекілік: периодтық жүйе, карточкалар. Сабақтың түрі: ашық сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс.
Көрнекіліктер: слайд, плакаттар, стиккерлер Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин). ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (9 мин) III. Жаңа сабақ (5 мин)
IV. Постер қорғау (Әр топ өз атына сәйкес) (8мин)
V. «Резюме» жазу (элементке сипаттама беру 5 мин)
VI. «Мені таны» (элементтерді жіктеп анықтау) (5 мин)
VII.«Өзіңді тексер» (әр топқа есептер беріледі 5 мин)
VII. Бекіту сұрақтары (3 мин)
VIII. Қорытындылау
IX. Үйге тапсырма
X. Бағалау (2мин) І. Ұйымдастыру кезеңі. – сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау. – оқушыларды психологиялық дайындау. – оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.
Топқа бөлу(4 топқа)
1.Сілтілік металдар тобы: Li, Na, K, Rb, Cs. 2. Сілтілік жер металдар тобы: Mg, Ca, Sr, Ba, Ra/ 3. Галогендер: F2, Cl2, Br2, I2, At2.
4. Халькогендер тобы: О, S, Se, Te, Po.
Топ басшысын сайлау
1.Химиялық элементтер неше топқа бөлінеді, оларды ата.
S+O2 =SO2, Ca+O2 = CaO, Zn+HCl=ZnCl2+H2 мына берілген реакция теңдеуін теңестір
Периодтық жүйені ашқан кім, қай жылы?
Құбылыстардың түрлері
Атомдардың әр түрінен тұратын заттар
Үш әріптен тұратын элементтерді ата
4.Халкогендер тобы
Атом дегеніміз не
Молекула дегеніміз не
Ar, Mr нені білдіреді
Химиялық реакцияның қандай белгілері бар
Қоспалар нешеге бөлінеді, оларды ата
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Химиялық элементтердің жіктелуі (ұялас топтар)
Металдар Галогендер Халькогендер
Сілтілік металдар, Сілтілік – жер металдар
1.Сілтілік металдар тобы: Li, Na, K, Rb, Cs. Бұл металдар сумен әрекеттескенде сілті түзеді, сондықтан сілтілік металдар деп аталады. Сілтілік металдарға тән көптеген ортақ қасиеттер бар. Сілтілік металдар жұмсақ, ауадағы оттек әсетінен тез тотығады (жанады). Сондықтан сілтілік металдарды керосин астында сақтайды. Сілтілік металдар аса белсенді болады. Сумен шабытты әрекеттесіп, сілті мен сутек газын бөледі. Сілтілік металдар жалпы формуласы R2O сәйкес келетін негіздік оксидтер, ROH сәйкес келетін сілтілертүзеді.Сілтілік металдардың атомдық массалары артқан сайын металдық қасиеті күшейеді 2. Сілтілік жер металдар тобы: Mg, Ca, Sr, Ba, Ra. Олар минералдар,топырақ құрамында болады.Бәрінің валенттілігі тұрақты ІІ тең. Сілтілік – жер металдар жалпы формуласы RO сәйкес келетін негіздік оксидтер, R(OH)2 сәйкес келетін гидроксидтер түзеді. 3. Галогендер. («Галоген» сөзі тұз туғызушы деген мағына береді). Галогендерге жататындар: фтор, хлор, бром, йод. Бұлар осы аттас құрамы екі атомнан тұратын жай заттар: F2, Cl2, Br2, I2, At2.түзеді. Фтор мен хлор өткір иісті газдар. Бром сұйық, йод қатты зат. Барлық галогендер улы. Бром мен йодты аузы берік жабылатын ыдыста сақтайды. Галогендер қатынасатын тәжірибе тек қана тартпа шкафта жасалады. Галогендер өте белсенді типтік бейметалдар тобын құрайды. Галогендердің жоғары оттекті қосылыстарындағы валенттігі VII. Бәрі де ұшқыш сутекті қосылыс түзеді, онда І валентті көрсетеді. Галогендерде атомдық массалары артқан сайын бейметалдық қасиет әлсірейді. Галогендер металдармен әрекеттесіп, фторидтер, хлоридтер, бромидтер, йодидтер деп аталатын тұздар түзеді. Мысалы: натриймен NaF, NaCl, NaBr, NaI. 4. Халькогендер тобы: О, S, Se, Te, Po. Олардың ең жоғарғы валенттілігі VI – ға тең. Халькогендер жалпы формуласы RO3 сәйкес келетін қышқылдық оксидтер, H2RO4 сәйкес қышқылдар түзеді. 5. Инертті(салғырт) газдар тобы: He, Ne,Ar, Kr, Xe.