Мақсаты: Химия пәні бойынша қызығушылықтарын арттыру, өтілген тақырыптары бойынша білімдерін байқау, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту, ой-өрісін кеңейту.Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге белсенділікке баулу.
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды. Әруақытта батыл. Ендеше көп тұрмайық, сайысымызды бастайық.
Ақыл- тон аңдағанға азбайтұғын,
Білім –кен қанша болса тозбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаның ауруы не қозбайтұғын,-
деп Тұрмағанбет Ізтелеуов айтқандай бинго ойынына қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Ғалымжанұлы Дастан – 9 «Ә» сыныбы
Орынғали Ақниет -9 «А» сыныбы
Жеңіс Раушан -8 «А» сыныбы
Жұмабай Мадина -8 «А» сыныбы
Таңатарова Индира -8 «А» сыныбы
Ерданқызы Жұлдыз -8 «А» сыныбы
Абилхайров Саттар -8 «Ә» сыныбы
Нұрболатқызы Сағыныш -8 «Ә» сыныбы
Шарты: Бірінші кезең «Бәйгеде» сұрақтар беріледі. Әр оқушы сұраққа алдындағы парақшаға жазбаша түрінде жауап береді.Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.Екінші кезең «Ғалымдар» және «Ғажайып формула» деп аталатын екі кезеңнен тұрады. Бұл кезеңде де ешкімге кедергі келтірместен алдындағы парақшаға жауаптарын жазады. Бұл кезеңде ұпайы аз үш оқушы ойыннан шығады. Үшінші кезең «Сөзмерген» деп аталады. Өзіне қатысы бар сөзді элементпен байланыстырып мақал құрастыру.Бұл кезеңде бірінші қол көтерген ойыншы жауап береді. Осы кезеңнен кейін екі ойыншы ойыннан шығады.
Төртінші кезең «Суретті жұмбақ» деп аталады. Бұл кезеңді ұпайы аз оқушы бастайды. Ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығады.
Бесінші кезең «Сандар сөйлейді».Бұл кезеңде жеңімпаз анықталады.
Химиялық бинго ойынына сарапшы етіп химия пәнінің мұғалімі Қабиден Құндызды тағайындаймын. Бүгінгі «Химия әлеміне саяхатқа» шыққан ойыншыларымыздың қателерін тауып, дұрыс жол көрсетуді сізге тапсырамын.
-Қайырлы күн, қымбатты ойыншылар! Бүгінгі «Бинго» билетін сатып алып, біздің студиямыздың құрметті қонағы болып қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін.Біздің ойынымыз ұшқыр қиял мен ой биігін қажет етеді.Ол үшін мына ережелерді есте сақтаңыздар: Қатты қобалжуға және көңілсіздікке жол берілмейді. Белсенділік көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй танытуларыңа рұқсат етіледі.
Ең қиыны жарыстың «Бәйге» келді,
Мықтылары ортаға шықсын енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма,
Осы ойыннан көрейін ерен ерді.
Бірінші кезең «Бәйгені» бастауға рұқсат етіңіздер.
1.Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын қалай атайды?
(Айырылу реакциясы)
2. Атомдардың бір түрінен құралған заттар? Жай заттар
3. Натрий, литий, фтор, калий, сутегі неше валентті? Тұрақты І валентті 4. Екі элементтің біреуі оттек болып келетін бинарлы қосылыстар Оксидтер 5. Жылу бөле жүретін реакция қалай аталады? Экзотермиялық реакция
6. Алюминий қандай элемент? Екідайлы
7. Басқа элементтің атом санын өзіне қосып алу қасиеті Валенттілік
8. Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуы?
Қосылу реакциясы
9. Ауаның құрамы ?Азот-78%, оттек-21%, СО2, инертті газдар-1%
10. Химиялық реакциялардың 4 типін ата? Қосылу, айырылу,
орынбасу, алмасу
11. Заттар және олардың бір- біріне айналуын зерттейтін ғылым? Химия
12. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кішкене бөлшегі?
Молекула
13. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі? Атом
«Сырларым бар химикке болған аян,
Таба алсаң сырларымды етем баян»- дегендей келесі кезең «Ғалымдар» деп аталады.
Сайыс тапсырмалары:
Заттар массасының сақталу заңын ашқан ғалым?
Михайл Васильевич Ломоносов 1711 – 1765
2.Химиялық элементтердің периодтық жүйесін жасаған ғалым?Дмитрий Иванович Менделеев 1834 - 1907
3.Химиялық элементтердің таңбасын латынша атауының бірінші және одан кейінгі әріптерінің біреуін қоса алып белгілеуді ұсынған ғалым? Йёнс Якоб Берцелиус 1779 - 1848
4 Құрам тұрақтылық заңын ашқан ғалым?
Жозеф Луи Пруст 1779 - 1848
Тіршіліктің көзі болған жерінде,
Химиялық элементтер елінде.
Жиын болды мерекелік бас қосқан,
Менделеев кестесінің төрінде,- деп«Ғажайып формула» кезеңін бастаймыз. Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары бойынша формула құрастырады. Бұл кезеңде ұпайы аз үш оқушы ойыннан шығады.
Р/с
Сандар қосындысы
Формула
1
40+16
2
39*2+16
3
56+35,5*2
4
24+32
5
23+35,5
Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып.
Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр,
«Сөзмергеннің» кезегі де келіп тұр,- деп сайысымызды жалғастырамыз.Сөзді байланыстырса 1 ұпай, мақалды айтса 2 ұпай беріледі. .Бұл кезеңде бірінші қол көтерген ойыншы жауап береді. Осы кезеңнен кейін екі ойыншы ойыннан шығады.
1. Ауылым - алтын бесік.
2. Қойдың сүті қорғасын
3. Темірді қызған кезде соқ
4. Алтын шыққан жерді белден қаз
5. Келіні жақсы үйдің керегесі алтын
6. Алтынды еріте білмеген ірітер,
Теріні илей білмеген шірітер
7. Арпа бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
8. Болат бүгілмес – морт сынар
Келесі шешуші кезеңдердің бірі – «Жұмбақ суреттер» деп аталады. Бұл кезеңді ұпайы аз оқушы бастайды. Ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығады.
Ұяшықтың артында бір сурет жасырылған. Осы суретті негіздейтін бір сипаттама беремін, сіздің кез-келген ұяшықтың біреуін ашуға мүмкіндігіңіз бар.
Тіршілік үшін маңызды қосылыс.
Зертханада қолданылатын ыдыстың бір түрі
Тағам ретінде қолданылатын зат, суда ерімейді
Суда жақсы ериді, тұрмыста қолданылатын пайдалы зат
Алаңға жиналған білгіштер,
Білімін ортаға салады.
Берілген сандарды сөйлетсе,
Бингоның ұтысын алады.- дей келе келесі кезеңге өтеміз.
Шын жеңімпазды анықтайтын бұл кезең – «Сандар сөйлейді» деп аталады. Алдарыңызға берілген сан нені білдіріп тұр. Алдарыңыздағы парақшаға жазбаша түсіріңіздер.Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай алады.
Металдарсыз өмір жоқ, Түсінсең оны шырағым Қолданамыз қайда деп, Білмесең менен сұрағың.
Құрал сайман бәрі де, Металдардан тұрады.
Қоспаларын сан жетпес, Элементтерім құрады
Тауда, таста білсеңдер Қоспалары металдың
Күміс пенен алтыным Патшасы ғой металдың
Егістікті жерлерді, Металдармен өңдейміз Бұзылып қалған заттарды, Металдармен жөндейміз
Құрамында қанның да, Металдарым болады. Денесі де адамның Металдардан тұрады.
Бейметал мен металдан, Денелерім құралды. Тіршіліктің бәрі де , Элементтерден тұрады – деп бүгінгі химиялық бинго ойынын қорытындылаймыз.
Бүгінгі химиялық бинго ойынынан алған әсерлеріңізді стикерге жазып, үш түсті (жасыл, қызыл, қара) кемелерге жапсыруларыңыз сұралады.
Оқушының аты-жөні:
І кезең: «Бәйге»
1
Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын қалай атайды?
2
Атомдардың бір түрінен құралған заттар?
3
Натрий, литий, фтор, калий, сутегі неше валентті?
4
Екі элементтің біреуі оттек болып келетін бинарлы қосылыстар
5
Жылу бөле жүретін реакция қалай аталады?
6
Алюминий қандай элемент?
7
Басқа элементтің атом санын өзіне қосып алу қасиеті
8
Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуы?
9
Ауаның құрамы ?
10
Химиялық реакциялардың 4 типін ата?
11
Заттар және олардың бір- біріне айналуын зерттейтін ғылым?
12
Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кішкене бөлшегі?
13
Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі?
ІІ кезең: «Ғалымдар»
1
Заттар массасының сақталу заңын ашқан ғалым?
2
Химиялық элементтердің периодтық жүйесін жасаған ғалым?
3
Химиялық элементтердің таңбасын латынша атауының бірінші және одан кейінгі әріптерінің біреуін қоса алып белгілеуді ұсынған ғалым?