Ба?дарламалау п?ні бойынша саба?тан тыс шара «БИНГО» ойыны
Ба?дарламалау п?ні бойынша саба?тан тыс шара «БИНГО» ойыны
?азіргі кезде о?ушыларды? ба?дарламалау п?ніне деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру ма?сатында ?ызы?ты ойын т?рлерін жиі ?олданылуда. Ба?дарламалау п?ні к?рделі п?ндерді? ?атарына жат?ызылады. Сол себепті о?ушыларды? б?л п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын артты ?ажет. Сондай ма?сатпен «БИНГО» атты ойын саба?ын ?сынамын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ба?дарламалау п?ні бойынша саба?тан тыс шара «БИНГО» ойыны »
Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі
Бағдарламалау пәні бойынша сабақтан тыс шара
«БИНГО» ойыны
Өткізген: оқытушы Жанбекова А.Е.
Петропавл
Мұғалімнің сөзі: Қазіргі кезде оқушылардың бағдарламалау пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қызықты ойын түрлерін жиі қолданылуда. Бағдарламалау пәні күрделі пәндердің қатарына жатқызылады. Сол себепті оқушылардың бұл пәнге деген қызығушылықтарын артты қажет. Сондай мақсатпен «БИНГО» атты ойын сабағын ұсынамын.
1-жүргізуші
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып.
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық
Өмір деген мәңгі гулдеп жататын
Құштарлықтың толғағы мен көктемі – деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгін «Бағдарламалау» пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынасуға келіп отыр. Ортаға қатысушыларды шақырамыз.
2-жүргізуші
Мінекі залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың жаңасы,
Дегенмен студент – данасы.
Бағдарламалау тойында,
«БИНГО» ойынын бастаймыз.
Жас достарым!
Мұны дұрыс ұғайық,
Компьютер құрметтеуге лайық
1-жүргізуші
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар бағадарламалау пәнінен «БИНГО» атты ойнымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс-досқа, курстас- танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.
Қолыңды бекерге бос соға берме,
Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме.
Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй,
Сонда ортақ боласың бар жеңіске.
1-жүргізуші
Ал, енді сіздерге «БИНГО» лотореялық билетін таратамыз. Билеттің ойынға қатысуы, оның сериясы, бақылау номері, билет номері көрсетілген. Есепші түскен номерлерді белгілеп отырады. Енді ойын шартымен таныстырайық.
«БИНГО» ойынына 20 оқушы қатысады. Әр оқушыға «Бинго» лотореялық билеті таратылады. «Бинго» лотореялық билетінде 3 амал қосымша бар. Әр амалда бес-бестен сан бар (жалпы саны 15). Ойында Джек-пот және «Бинго» бар Қоржыннан кез келген номірленген шар алынып шығады, сол нөмерге байланысты сұрақ оқылады. Лотореялық билеттің номері соған сәйкес келетін оқушы сұрақтарға жауап береді. Егер жауап бере алмаса, басқа оқушыда сол номер шығатын болса сұраққа жауап бере алады. Шыққан және жауап берген номерді белгілеп отырады. Егер оқушы 15 сұраққа жауап берсе, онда оқушы Джек-потқа ие болады. Ал егерде 10 сұраққа жауап берсе «Бингоны» ұтады. Егерде 5 сұраққа жауап берсе жұбаныш сыйлығы беріледі.
2-жүргізуші
Ойынды бастаймыз.
1-ойын: Шарларды кезегімен араластырып алып, сұрақты әр шар сайын оқиды.
1970 жылы Паскаль бағдарламалау тілін қай ғалым ұсынды? (Никлаус Вирт)
Үшін циклінің операторын ата (FOR TO)
Бағдарлама деген не? (АЛГОРИТМДІ МАШИНАҒА ТҮСІНІКТІ НҰСҚАУЛАР ТІЗІМІ РЕТІНДЕ ЖАЗУ)
Мәліметті экранға шығару операторы (WRITE, WRITELN)
МӘліметті енгізуге арналған оператор (READ, READLN)
Алгоритмнің блок-схемасы дегеніміз не? (алгоритмнің орындалуын геометриялық фигуралар арқылы көрнекі көрсету)
Label қызметші сөзі қандай шамаларды сипаттайды? (Белгілерді)
Алгоритм дегеніміз не? (Алгоритм – берілген есептің шығару жолына келтіретін реттелген амалдар тізбегі)
Паскаль тілінде жазылған бағдарламаның орындалу бөлімі қандай операторлардың ішінде жазылады? (Begin end)
Алгоритмнің қандай түрлері бар? (Сызықтық, тармақталу, циклдік)
Паскаль тілінде қандай циклдік операторлар бар? (For, while, repeat...until)
Ақпаратты өлшеудің ең кіші өлшем бірлігі – (бит)
Араб цифрларын ата (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9)
Ромб геометриялық фигурада қандай мәліметті жазамыз? (Шартты жазамыз)
Паскаль тілінде жазылған бағдарламада айнымалыларды қай қызметші сөз арқылы сипаттайды? (var)
1-жүргізуші
Ал, енді көреремендер ойыны
Барлық оқушыларға жетон беріледі. Жеке қоржында 6 шар бар. Осы шардың бірін алатын болсақ, сол санна аяқталатын сандар ортаға шығады. Мысалы, 5 саны болса, онда 05, 15, ......ортаға шығады. Кім сұраққа жауап берсе, сол оқушы сыйлықты алады.
Ойын сұрағы:
Күшіне сенген бір мықты,
Жазып алып сегізді.
Барайын қайда дегізді (шексіздік таңбасы)
2-жүргізуші
«Бинго» ойынын жалғастырамыз. 2-ші ойын Шарларды кезегімен алып, сұрақты әр шар сайын оқиды.
Алгоритмнің қасиеттерін атаңдар (айқын, дәл өрнектелу, нәтижелік, ортақтылық, үзіктілік)
Паскаль тілінде меншіктеу операторы (:=)
Бүтін санды көрсететін қызметші сөз (INTEGER)
Жиымды (массивті) сипаттайтын оператор (ARRAY)
Циклдің денесі деп нені атаймыз (ҚАЙТАЛАНАТЫН КОМАНДАЛАР ТОБЫ)
Әзірше циклінің операторын ата (WHILE)
Квадрат түбірді белгілейтін функция (SQRT)
Дейін циклінің операторын ата (REPEAT …UNTIL)
Символдық айнымалы қандай қызметші сөз арқылы сипатталады? (CHAR)
Абсолюттік шама функциясы (ABS)
Нақты санды көрсететін қызметші сөз (REAL)
Сызықтық алгоритм дегеніміз дегеніміз не? (КОМАНДАЛАРЫ БІРІНЕН СОҢ БІРІ РЕТТЕЛІП ОРЫНДАЛАТЫН АЛГОРИТМ)
Сипаттау бөлімі толық болған жағдайда неше бөлімнен тұраты (7)
Boolean қызметші сөзімен қандай мәліметтер белгіленеді? (ЛОГИКАЛЫҚ)
Циклдік алгоритм дегеніміз не? (ҚАЙТАЛАНАТЫН БӨЛІГІ БАР АЛГОРИТМДЕР ЦИКЛДІК АЛГОРИТМ ДЕП АТАЛАДЫ)
Бөліндінің бүтін бөлігін табу операторы (DIV)
Бүтін сандарды бөлген кезде гі бүтін қалдықты табу операторы (MOD)
Паскаль тілінде операторлар бір бірімен қандай белгі арқылы айырылады? (;)
Тармақталған алгоритмнің ерекшелігі неде? (алгоритмнің қорытындысы шарттарға байланысты болады)
Бағдарлама қандай қызметші сөзбен аяқталады? (End)
Паскаль тілінде тұрақтылар қандай қызметші сөз арқылы жазылады? (CONST)
Қай функция код бойынша символды анықтайды? (CHR(a))
Delphi ортасы қандай негізгі терезелерден тұрады? (ОБЪЕКТІЛЕР ИНСПЕКТОРЫ, КОД РЕДАКТОРЫ, БАСТЫ ТЕРЕЗЕ, САЙМАНДАР ТАҚТАСЫ)
Delphi жүйесінде қосымшалардың коды қандай тілде жазылады? (OBJECT PASCAL)
Delphi жүйесінде объектілердің қасиеттері қандай қызметші сөз арқылы белгіленеді? (PROPERTY)
1-жүргізуші
Ал, енді құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар біздің ойнымызға келген жас әншіміз Жандаулетова Айшаны ортаға шақырып, ән тамашалайық.
2-жүргізуші
«БИНГО» ойынының қорытындысы бойынша ДЖЕК-ПОТ, бинго ұтысшыларымызды, жұбаныш сыйлық иегерлерімізді ортаға шақырайық.
Мұғалімнің сөзі:
Оқушылардың бағдарламалау пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілген «Бинго» ойын сабағы өз мәресіне жетті.