kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Химия сабағында қолданылатын технологиялар

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Химия пәнінен қолданылатын технологиялар" тақырыыбыындағы баяндаманы әріптестермен тәжірибе алмасу бағытында оқығанмын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Химия сабағында қолданылатын технологиялар»

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қожбанбет би атындағы орта мектеп химия-биология пәнінің мұғалімі

Жумадилова Айгуль Ниязхановна

Химия сабағында қолданылатын білім технологиялары.


Әлемдік білім беру кеңістігінің даму тарихы оның әр кезеңіндегі айқындаған тенденциялары әр халықтың гүлденіп өркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің білімге байланыстылығын, жалпы білім саласының маңыздылығын дәлелдейді. Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттық және мәдени қарымы білім сапасының күйін оның прогрессивтік даму тарихы айқындайды.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы халыққа жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» - деп атап көрсетті.

Дамыған қоғам сияқты біздің елімізде де ұрпаққа білім беру саласында түбегейлі өзгерістер жасалуда.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын кеңірек қолдануы.

Педагогикалық теориямен жан-жақты қаруланған ұстаздың іс-әрекеті тиімді болатыны әр кезден-ақ мәлім. Химия сабағында да әр түрлі оқыту технологияларының элементтерін пайдалану өте тиімді.

Адамның ақыл-ойының дауына әрбір алған білім белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Сондықтан оқушыларға білім беріп қана қоймай олардың ақыл-ойын да дамыту керек. Бұл оқыту үрдісінің негізгі міндеті болып саналады. Мен «Тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту» өзекті мәселесі бойынша жұмыс істеймін.

Ақыл ойды дамытудың негізгі әдісі болып, дамыта оқыту әдісі саналады. Оның негізгі ұстанымдары:

  1. Оқыту үрдісін жоғарғы дәрежеде құру керек, бірақ қиындығы жағынан қол жетерлік болуы қажет.

  2. Тиімді қамтылған материалды тез қарқынмен оқу.

  3. Технологиялық білімнің үлес салмағын тез қарқынмен көтеру.

  4. Оқушыларды ойлау әдістеріне үйрету – оқыту үрдісінде оқушыларды дамыта оқытудың негізгі себебі болады. Ойлау әдістеріне мыналар жатады: синтез, анализ, салыстыру, жүйелеу, бақылау т.б.

  • «Салыстыру – ойлаудың негізгі көзі», - деген К.Д. Ушинский. Бұл әдіспен оқушылар 8-сыныпта танысады.

  • Құбылыстан негізгі ерекшелікті бөліп көрсету, олардан белгісіздерін ажырату. Бұл әдістерді периодтық заңдарды, заттардың құрылысын, химиялық кинетика тақырыптарын өткенде қолдануға болады.

  • Қорыту әдісі арқылы оқытылған материалды қайтадан ой-өзегінен өткізуге болады және ондағы жаңа байланыстарды анықтау.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін Ю.В. Ходаков мынандай ойлау әдістерін ұсынады:

  1. Заттарды бақылау, салыстыру, ондағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табы.

  2. Ойша заттарды анализдеп бөлшектерге бөлу және қайтадан біріктіру (синтездеу).

  3. Заттың ең негізгі қасиетін айыра білу.

  4. Бақылаудан дұрыс қорытынды жасау.

  5. Мәліметтерді қорыта білуге үйрету.

  6. Өз ойыңды дәлелдеп, жалған мәліметтерді теріске шығара білу.

  7. Айтылған ойлар нақтылы, жүйелі болу керек.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негізгі көзі оқыту әдісімен қатар әр түрлі жұмыстарды жатқызуға болады (кітаппен жұмыс, есептер шығару, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар, баяндамалар, реферат жазу т.б.).

Оқыту және дамыту – бір-біріне байланысты үрдіс. Дамыта оқытудың ең негізгі үш жағын көрсетуге болады:

  1. пән бойынша терең білімді қалыптастыру;

  2. ойлау әдістеріне оқушыларды үйрету;

  3. әр түрлі әдістерді кең түрде пайдалану.

Жалпы әрбір сабақта оқушыларды ойлау әдістеріне үйрету керек. Білімді жеңіл қабылдауға себеп болатын негізгі ойлау әдістеріне мыналар жатады:

  1. Сұрақтар – бұл аталған білімдерін қайта айтып беруге арналған тапсырмалар. Мысалы:

  • Сіздерге белгілі оксидтердің формуласын жазыңдар.

  • Күкірт пен фосфордың оттекте жану реакциясын жазыңдар.

  • Тотығу реакциясы дегеніміз не? т.б.

  1. Есептер – оқушылардың өнімді іс әрекет жасауына арналған тапсырмалар.

  • Газ тәрізді заттың сутек бойынша тығыздығы 22-ге тең. Салыстырмалы атомдық массасы нешеге тең?

  • Үш ыдыста мына заттар берілген (CuO, F2O3, CaO) әрбір затты қалай анықтауға болады?

  1. Жаттығулар – сұрақтар мен есептерден тұратын тапсырмалар. Бұл кезде белгілі білім ғана меңгеріледі. Көбінесе сұрақтар мен есептерді жаттығуларға біріктіргенде дидактикалық мақсат ескеріледі. Мысалы, жаттығуларды мынадай мақсатта беруге болады: тұздардың формуласын құрай білу, реакция теңдеуін жазу, сол типтік химиялық есепті шығару, элементке сипаттама беру. Қандай іс-әрекеттерді қарастыруына байланысты (білімді жаңғырту немесе өнімді іс-әрекет жасалынады) жаттығулар үшке бөлінеді:

  1. сұрақтардан тұратын жаттығулар;

  2. есептерден тұратын жаттығулар;

  3. аралас жаттығулар.

Ойлау әрекеттерінің әдістері арқылы оқушылардың білімін дамыту. Солардың бірі «салыстыру әдісі». Бұл әдісте оқушыларды ойлау әрекеттерінің әдістеріне үйрету үшін сабақта арнайы уақыт бөлу керек. Егер әр сабақта жүйелі түрде бұл әдістерге көңіл бөлінсе, оқушылар өз беттерімен білім алуға үйреніп, білім дәрежелері дамиды. Ойлау әрекеттерінің әдістерін үйретуді салыстырудан бастап қорытындылаудың кейбір түрлерін қарастырған жөн. Салыстыру әдісін сатылап қарастыруға болады:

  1. белгілерді анықтап сол бойынша құбылыстарды, заттарды бір-біріне қарама-қарсы қайтып салыстыру (І саты);

  2. арасындағы ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау (ІІ саты);

  3. салыстырудың нәтижесін талдап, қорытындылау (ІІІ саты).

Химия сабағында В.Ф. Шаталовтың тірек конспектілерін пайдалану өте тиімді. Тірек сызбанұсқалары оқушылардың білім деңгейін жаттанды түрде емес, тыңғылықты оқып үйренуін, түсінуін жеңілдетеді, сонымен қатар олардың алған білімін оңай еске түсіруіне мүмкіндік туғызады. Тірек сызбанұсқалары оқушылардың есте сақтау қабілетін жетілдіреді, ой-өрісін кеңейтеді.

Химияны оқыту әдістемесінде оқу материалын меңгеру барысында ойын әрекетіне үлкен көңіл бөлінеді. Ойын іс-әрекеті оқушылардың өздігінен білім алуында кеңінен қолданылады. Ойын кезінде оқушылардың арасында ортақ байланыс түзіледі, бір-бірімен жарысу белгілері оқу процесін белсенді жүргізуге мүмкіндік береді және оқушылардың химия пәніне деген танымдық деңгейін жоғарылатады.

Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру– мұғалімнің басты міндеті.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Химия сабағында қолданылатын технологиялар

Автор: Жумадилова Айгул Ниязхановна

Дата: 27.01.2017

Номер свидетельства: 384609

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(164) "?дістемелік зерттеу та?ырыбы :"Инновациялы? іс-?рекет: ?алыптасуы, дамуы, ?демелілік ?лшемі." "
    ["seo_title"] => string(98) "distiemielik-zierttieu-tak-yryby-innovatsiialyk-is-riekiet-k-alyptasuy-damuy-udiemielilik-olshiemi"
    ["file_id"] => string(6) "191554"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427321986"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Сұйықтықтардығы және газдардағы диффузия"
    ["seo_title"] => string(49) "su_iyk_tyk_tardyg_y_zh_nie_ghazdardag_y_diffuziia"
    ["file_id"] => string(6) "436176"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1509603002"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства