Презентация по теме "Углеводы" выполнен для классов с казахским языком обучения. материал используется на уроке химии для 9 и 11 классов. В материале дается характеристика углеводов и их структуры. Раскрывается природа углеводов, процесс фотосинтеза, химические реакции характерные для углеводов.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Фотосинтез процесі: күн сәулесі 6CO2 + 6H2O C6H12O6 + 6O2 = жасыл өсімдік
Күн энергиясының қатысуымен бейорганикалық заттардан органикалық заттардың синтезделуі фотосинтез деп аталады. Фотосинтездің ашылуы 1630 жылдан басталады. Бірақ өсімдіктердің жапырағындағы хлорофилдің қатысында күн сәулесінің көмегімен жүретін фотосинтез реакциясын алғаш дәлелдеген К. А. Тимирязев болды.
Көмірсуларға тән реакциялар:
NH3 ерітінді C6H12O6 + Ag2O C6 H12O7+2Ag C6H12O6 +H2 → C6H12O7+Cu2O+2H2O C6 H12 O6+H2 → C6 H14 O6 C6 H12 O6 → 2C2H5OH +2CO2 C6 H12 O6 → 2CH3 – CH - COOH OH C6 H12 O6 +6O2 → 6CO2 +6H2 O+Q C12 H22 O11 +H2 O → C6 H12 O6 +C6 H12 O6 (C6 H10O5 ) n +nH2О → nC6 H12 O6 Көмір мен судың қосылысы көмірсулар деп аталады. Осы қосылыстардың басым көпшілігінің жалпы формуласы Сп(Н2 О) m деп көрсетуге болады.
Қант және адамның денсаулығы.
Көмірсулар – табиғи қосылыстарының өте маңызды класы. Көмірсулардың маңызы олардың тірі организмдегі басты рөлімен анықталады. Барлық тірі организмдердің ішінде тек өсімдіктер ғана фотосинтез көмегімен көмірсулардың толық синтезін іске асырады. Фотосинтез нәтижесінде полисахаридтердің, оның ішінде, ең алдымен, құрылыстық целлюлозаның және қордағы қоректік материал – крахмалдың көп мөлшері жинақталады. Кейбір өсімдік материалдары дисахаридтердің көп қорын жинақтай алады. Мысалы, қант құрағы мен қант қыхылшасынан жыл сайын 82, 106 т сахароза бөлінеді. Глюкоза – көптеген поли - және дисахаридтердің мономері болып табылатын, зат алмасуға қатысатын, адам тағамының қажетті компоненттері. Глюкоза ми жасушаларының жұмысын қамтамасыз етеді. Жүйке жасушалары глюкозаны қаннан алады. Бұл жүйе бұзылса адам әр түрлі ауруға ұшырайды. Көмірсуларға адамның қажеттілігі – 400 - 500г, оның ішінде 50 - 100г глюкозаны қант күйінде пайдаланады. Қазіргі кезде бір адам қантты тәулігіне 110 г - ға дейін пайдаланады. Қантты жақсы көретін адамдарды «сахараголиктер» деп атайды. Қанттың жетіспеуі және көп болуы да организм үшін зиянды. Табиғи қантты алмастыратын ксилитол, геспередин, сорбит, гликозид, ал жасанды қантты алмастыратын сахарин, цикломат және т. б. заттары кең қолданысқа ие. Сахароза (қант құрағы) Ертедегі Шығыста белгілі болған. Оны қант құрағының шырынынан бөліп алып, қоюландырып, сүтпен ағартқан, содан соң әк суымен немесе күлдің ерітіндісімен жуған. Қоспаларын түзілетін көбіктермен бірге бөліп алып отырған. Қант құрағының отаны – Үндістан. Фруктозаны алғаш рет 1792 ж орыс химигі Т. Ловец бал суынан бөліп алды, ал глюкоза 1802 жылы ашылды. Полисахаридтер химиясы 1811 жылы орыс химигі К. Кирхгоф крахмалды алғаш рет гидролиздегеннен кейін дами бастады. Қағаз (парс. «бомбака» - мақта) өзара өте жұқа етіп тоқылған целлюлоза талшықтарынан тұрады.
Қорытындылау:
Табиғатта кең таралуына байланысты көмірсулар маңызды өнеркәсіптік шикізат болып табылады. Көмірсулардан этил спиртін, қопарылғыш заттар, дәрі - дәрмектер, қағаз, жасанды талшықтар өндіреді. Көмірсулар моно - ди -, полисахаридтерге бөлінеді.