kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок  комбинированный.  Подойдет  учителем  с  обновленной  прогарммой

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс»

Тақырыбы: Ғажайып химия

Түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылап, тақырыпты меңгерту дәрежесін тексеру, химия әлеміне саяхат арқылы білімдерін жинақтау, логикалық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып шапшаңдыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру

Көрнекілігі: слайд,ғалымдар портреті, шарлар

Пәнаралық байланыс: география, биология, ағылшын тілі, орыс тілі

  • Жүргізуші:

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қоштаймыз

Кешіккендерді тоспаймыз

«Ғажайып химия» сайысын біз бастаймыз.

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Қатты білім, терең ой саналады

Баға берер әділқазылар ортамызда

Сіздерге құрметпен қол соғылады.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты,

Білім мен тапқырлардың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

(Әділқазылар мүшесімен таныстыру)

Жүргізуші:

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға сол алда, деп ой мен білім жарысына қош келдіңіздер!

(Сайыскерлермен танысу)

Жақсылық әр кез тілейік,

Химияны оқып білейік.

Осы тілде құттықтап

Аман-есен жүрейік.

Алтындай ардақты, күмістей салмақты, қарсыластар! Бүгінгі кеште өздеріңізді суда жүзген балықтай жақсы сезініңіздер.Көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын, темірдей қатты, болаттай мықты денсаулық тілейміз.Көмірдей қара көздеріңізбен, алмаздай өткір сөздеріңізбен жан жадыратып, өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпіз. Олай болса көп күттірмей сайысымызды бастайық. Сайысымыз төрт бөлімнен тұрады.

1. Лездік сұрақтар

2. Шпаргалка

3. «Біліміңді сынап көр»

4. Химияныңда әдебиетке қатысы бар


І кезең: «Лездік сұрақтар»

І топ

  1. 37 СО градуста балқитын металл (цезий)

  2. Жер қыртысында ең көп тараған элемент (кремний)

  3. Электр тогын өте жақсы өткізетін металл? (күміс)

  4. Бенгаль оттығында жанғыш зат ретінде қолданылатын металл (магний)

  5. Реакция жылдамдығын арттырып бірақ өзі реакцияға қатыспайтын заттар (катализатор)

  6. Екі элементтен тұратын оның біреуі оттегі болып келетін күрделі қосылыстар? (оксид)

  7. Атмосфера құрамының жетпіс сегіз пайызын алып жатқан газ? (азот)

ІІ топ

  1. Қайнау температурасы жүз градусқа тең сұйықтық? (су)

  2. Ең пассивті металл (алтын)

  3. Таралуы бойынша кремнийден кейінгі элемент? (оттек)

  4. Периодтық кестеде саны жағынан қандай элементтер көп орналасқан (металл)

  5. Құрғақ мұз деп аталатын зат көміртектің қандай оксиді (көміртек диоксиді)

  6. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі (озон)

  7. Галоген сутектердің ішіндегі ең күшті қышқыл (фторсутек)


ІІ кезең: «Шпаргалка»

Дәлізде келе жатып екі шпаргалка тауып алдым. Бір жақ бөлігі жыртылып қалған екен. Әр топ екі минут ішінде сол жақ бөлігін жазып шығу керек.


І топ

------------H3PO4 -----------------CuSO4 +H2O

II

------------------BaCl2+ H2O ----------------------Ca(OH)2


ІІІ кезең: «Біліміңді сынап көр»

«Химия тұрмыста»

10-Тұрмыста көп қолданылатын натрийдің қандай тұзы (хлориді)

20-Бәріне белгілі марганцовка атты заттың химиялық формуласы (KMnO4)

30- Дәстүрлі лампаның қызуға ұшырайтын бөлшегі қандай металдан жасалған (вольфрам)

40-Кір жуғыш ұнтақтардың барлығының негізгі шикізат көзі (мұнай)

50- Ежелгі Мысырда осы зат өте бағалы тіпті алтыннан да қымбат саналған. Ал қазір бағасы арзан тұрмыста көп қолданылатын зат ? (әйнек)


«Химиялық қосылыстар»

10-Көміртектің ең қарапайым сутекті қосылысты ата (метан)

20-Ізбестасты қыздырғанда бөлінетін газ (көмірқышқыл газы)

30-Тау хрусталі минералының латынша аты (кварц)

40-«Химиялық өндірістің наны» деп аталатын қосылыс (күкірт қышқылы)

50-Сұйық күйде болатын екі жай зат (сынап пен бром)


«Қилы сұрақтар»

10-Қай элемент ертерек күннен кейін жерден табылған (гелий)

20-1400 градус және 58 атмосфералық қысымда ауа өзгеріске ұшырайды ма? (сұйылады)

30-Г.Кавендиш ашқан химиялық элемент (сутек)

40-Бұл затты тамақпен уланғанда дәрі түрінде қолданады (белсендірілген көмір)

50-Алғаш рет химиктер оны көк аспан ауасы деп атаған, ал қазір біз оны қалай атаймыз (оттегі)

ІVкезең: Химияныңда әдебиетке қатысы бар

Бұл кезеңде мұғалім 2 топқа алма-кезек сұрақ қояды, жауап берген топ жауапқа байланысты мақал-мәтел құрастыруы керек.

1.СаО молекулалық массасы қай элемент атомына сәйкес келеді? /Темір/ Мақал: Темірді қызған кезде соқ.

2.І Бтопшада орналасқан с.а.м.108 болатын элемент? /Күміс/ Мақал: Тағасының күмісіне мақтанба, атыңның жүрісіне мақтан.

3.H2O / Су/ Мақал:Су ішкен құдығыңа түкірме.

4. ІV А топшасындағы рет саны 82 болатын элемент? /Қорғасын/ Мақал: Қойдың сүті қорғасын, қойды ұрған оңбасын.


5.Қанға қызыл түс беретін металл? /Темір/ Мақал: Темір кессең қысқа кес, соға келе ұзарар, ағаш кессең ұзын кес, шаба келе қысқарар

Қорытынды:

Жүргізуші :

Мықты болса іргетас,

Құламайды үйлерің.

Химияға тәжім ет,

Белді бекем будағы.

Химиясыз өмір жоқ,

Ән мен бүгін көңіл тоқ.

Терең білім алуға,

Талпынайық біздер боп.

Заман қанша қиын – қыстау болса да,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған,

Жүлдегерді танытпасак бола ма? - деп

Сөздің кезегін әділ – қазыларға береміз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс

Автор: Орынбаева Асел Кайшибекқызы

Дата: 11.11.2018

Номер свидетельства: 485019

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс"
    ["seo_title"] => string(60) "massa_moliarlyk_massa_zh_ne_zat_molsheri_arasyndagy_bailanys"
    ["file_id"] => string(6) "485018"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1541957373"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Орта мерзім жоспары 8-сынып "
    ["seo_title"] => string(29) "orta-mierzim-zhospary-8-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "161927"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1422287517"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства