Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.2А Зат мөлшері | Мектеп: Жезкент кентінің мектеп -лицейі |
Күні:06.11.2018 | Мұғалімнің аты-жөні: Орынбаева А.К. |
Сынып: 8 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.1.1.3 -масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу |
Сабақтың мақсаты | Берілген есепті түрлі әдістермен шығарады Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланысты дәлелдейді |
Бағалау критерийі | Массаны, зат мөлшерін, құрылымдық бөлшектер санын формулалар арқылы есептейді |
Тілдік мақсаттар | Масса, зат мөлшері, Авогадро саны |
Құндылықтарға баулу
| Топпен жұмыс жасау, бір-бірін тыңдау және сыйлау құндылықтары. - сыни ойлау дағдыларын дамыту; - білімін өмірде қолдана білетін жас ұрпақты дайындау |
Пәнаралық байланыс | Физика, математика |
Алдыңғы білім | Химиялық формулалар, салыстырсалы атомдық және молекулалық массалар. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 5-7 мин | Ұйымдастыру кезеңі (Амандасу. Оқушыларды түгендеу) Үй жұмысын тексеру. «Интервью» 1. Заттың молярлық массасы дегеніміз не? 2. Заттың молярлық массасының өлшем бірлігі не? 3. Қай формуланың көмегімен заттың молярлық массасын, массасын, мөлшерін анықтауға болады? Зат мөлшерінің өлшем бірлігі не? (формулаларды тақтаға жазып, айтады) 4. Зат мөлшері қалай белгіленеді? 5. Үш молекула су қанша моль болады? Бағалау: « Жапондық бағалау» әдісі «Миға шабуыл» Зат мөлшері, зат массасы және молярлық масса арасында қандай байланыс бар? | PowerPoint презентация слайдтары
|
Сабақтың ортасы | І. «Мәселені шешу парағы» Тапсырмалар: 1. Массасы 112г темір неше моль болады? 2. 0,8 моль күміс нитратының (І) массасы (г) 3.2 моль темірдің зат мөлшеріндегі атом саны
Мәселе | Не қажет | Не жетіспей тұр | Шешуі | | | | | | | | | | | | |
ҚБ: «Сиқырлы сызғыш»
ІІ.Сәйкестендіру тесті Мына заттарды 40 г-да болатын зат мөлшерлерінің кему ретіне сәйкес орналастырыңдар. Дұрыс жауапты таңдаңдар. А. Н2SO4 | 1. ABCDE | B. NaCl | 2. EDCBA | C. MgO | 3.AEBCD | D. H2O | 4.BCADE | E. FeS | 5.DCBEA |
ҚБ: өзара бағалау
ІІІ «Автобус аялдамасы» стратегиясы 3 топ құрастыру. Сөз арқылы. Оқушылар стикерді алып, артындағы сөз бойынша топтасады 1 – топ: Зат мөлшері. 2 – топ: Масса 3 – топ: Молярлық масса топтарға тапсырмалар беріледі, сол бойынша есептер шығарылады. берілген есептердін шешу жолдарын тауып, алгоритімді жазады (10 мин). Уақыт біткен соң әр топтың мүшелері сағаттын бағытымен келесі «аялдамаға» барады, жазуларын жалғастырады (маркердің түсі басқа болу керек) немесе толықтырады, бірақ түзетуге болмайды (3 мин), әр топ өз «аялдамаларына» қайта оралады. Толтырылған парақтағы есепті қорытындылап ортаға шығып қорғайды. 1 – топ 1. Массасы 36г судың зат мөлшерін, молекула санын есепте? Бер: m(H2O) = 36г т/к: ν-? N -? 2 – топ 2. Зат мөлшері 3 моль тұз қышқылының массасын тап? Бер: ν(HСІ) = 3 моль т/к: m-? 3 – топ 3. 3,01 ∙ 10 ²³ молекуласы бар натрий гидроксидінің зат мөлшерін, массасын тап? Бер: N (NaOH)= 3,01 ∙ 10 ²³ т/к: ν-? m -? Бағалау: «Үш шапалақ» Дескрипторлар Есептің шартын құрастырады, реакция теңдеуін жазады; Есептің шартына сәйкес формуланы құрастырады; Алгебралық әдісті қолданады; Есептің қорытынды жауабын түсіндіріп айтып береді. |
Кесте Карточкалар Ватман, түрлі түсті маркерлер Ақ парақ |
Сабақтың соңы | «Пин- Понг» әдісі. Оқушылар, бір -біріне доп лақтырып сұрақ қойды Бағалау: Бармақ әдісі
Үй тапсырмасы: §15, 3 тапсырма «Ресторан» әдісі Мен тағы .... тапсырыс берер едім Маған бәрінен ұнағаны.... Келесіде маған қосыңызшы.... |
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
|
|
|
Сабақ бойынша рефлексия | |
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |