Көрнекілігі: « Ғажайып химия » плакат, нақыл сөздер, сөзжұмбақ, химиялық
реактивтер
Барысы:
1.Таныстыру
2.Викториналық сұрақтар
3.Қызық және құпия
4.Сиқырлар әлемі
Мұғалім: Біз қазір ғылыми техникалық ілгерілеу заманында қмір сүріп келеміз. Адам тамақсыз, киімсіз, тұрмысқа қажетті бұйымдарсыз өмір сүре алмайды.Мінекей солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан да «Қайда қарасақта, қайда көз жүгіртсекте, көретініміз химия ғажайыптары» деп орынды айтылған.Бүгінгі кешімізде химия ғажайыптарына тағы да куә болатындарыңызға сенім білдіреміз.
Жаңа ғана біздің мектеп ауласына ұшқыш табақша қонды.Одан мына қағаз түсіп қалд.Басқа ғаламшардан бізге хат беріп жіберіпті, соны оқып көрейік. Мұнда түк жоқ. Олар құр мына қағазды беру үшін ұшып келді ме? Мұнда бір жұмбақ бар. Соны шешейік.
(қағаз алдын ала қышқыл ерітіндісімен өнделеді, қағазды отқа ұстаған кезде жасырын сөз қарайып кеш тақырыбын айқындалады)
1-бөлім. «Таныстыру»
Алтындай ардақты,
Күмістей салмақты.
Ғажайып химия кешінде
Бар өнерін салмақшы топтармен таныс болайық.
Әр топ өз атауын, ұранын, топ мүшелерін таныстырады.
2-бөлім. «Викториналық сұрақтар»
1.Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау.Азот
2.Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық, екінші бөлігім сан есім. Озон
3.Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі.
Селен
4. Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағына. Алмас
5.Бірінші бөлігім жалқы есімге қойылатын сұрақ, екінші буыным сан есім.
Неон
6.Өзім химиялық элементпін, керісінше оқысаңыз өткізгішпін. Мыс-сым
7.Атауы 3 әріптен тұратын химиялық элементтерді ата. Мыс,йод, бор
8. Атауы 4 әріптен тұратын химиялық элементтерді ата бром, хлор, неон
9.Атауы 5 әріптен тұратын химиялық элементтерді ата Күміс, алтын,
сынап
10.Грек тілінен аударғанда «еріншек» деген мағына беретін химиялық элемент? аргон
3-бөлім. «Қызық және құпия»
№1 тапсырма
Ертеде бір елдің айтқанынан қайтпайтын, қаһарлы патшасы болыпты.Бірде ол өзінің бүкіл сарайын кетпейтін, әрі бүлінбейтін ақ бояумен бояғысы келіп, сарай шеберін шақырыпты.патшаның тапсырмасын тыңдаған шебер: «Ондай бүлінбейтін бүкіл сарайға жететін бояуды қайдан аламын?» депті.Ашуланған патша оған бір тәулік қана уақыт беретінін, орындамаса жазалайтынын ескертеді.тұйыққа тірелген сарай шебері бір металл қаңылтырды алып, оны ішінде қарын сөлі (5% НСІ) бар ыдысқа салады.Ыдыста газ бөлініп, реакция жүреді.Шебер алынған ерітіндіге сілті қосады.Сол кезде аппақ қардай тұнба түзіледі де, қайтадан еріп кетеді.Бірде ерітіндіге күйдіргіш сілтіні ептеп мөлшермен қосып, ақ тұнба алады.Оны ерітіндіден бөліп алып, пеште жоғары температурада қыздырып бәрімізге белгілі ақ бояуды алыпты.сол бояумен патшаның бүкіл сарайын бояп, патшаны разы етіпті.Қаңылтыр неден жасалған?
Жауабы: мырыш
№4 тапсырма
Әкесі шамға қарап отырып қиялға шомады. «Шіркін, адам қызығатындай қымбат асыл зат жасап шығарсам» -деп армандайды.Әкесінің қалың ойға берілгенін байқаған қызы:
-Әке не ойлап отырсыз?
- Қызым, қымбат затты қалай алсам деп ойлап отыррмын- дейді әкесі.
- Балауыз шамнан ба?
-Жоқ, балауыз шамның тұғырынан.Әкесі шамды жағады.Тұғырдақара қақ пайда болғанша күтеді.Қара қақты алады да, қышқылға салады, сол кезде көк түсті ерітінді пайда болады. Оған бір шымшым сода салған кезде ақшыл жасыл түсті тұнба пайда болады.осы ерітнідіге күйдіргіш сілті қосқанда алдыңғы тұнба тіпті әдемі көк түске айналады.Алынған қоспаны кептіргенкезде кереметтей бояу алыпты.Әкесі ғажайып бояуды қалай алды?Балауыз шамның тұғыры қандай заттан жасалған?
Жауабы:мыс
4-бөлім. «Сиқырлар әлемі»
Мен сіздерге алыстағы Мысырдан келдім.Менің елімде қасиетті жануарлар бар.Оларға адамдар, тіпті перғауындар бас иген.Бұл- жыландар мен мысықтар.Мен өзіммен бірге жылан алып келдім.
№1 тәжірибе «Жылан»
№2 тәжірибе «Жанартау»
№3 тәжірибе «Пальма ағашы»