Просмотр содержимого документа
«Тірі организмдердің көп түрлілігі және олардың таралу заңдылықтары»
Күні
4.04.17
7.07.17
Сыныбы
6 «Б»
6 «В»
Тақырыбы:Тірі организмдердің көп түрлілігі және олардың таралу заңдылықтарының географиялық жағдайы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тірі организмдердің көп түрлілігі және таралу заңдылықтарын түсіндіру.
Дамытушылығы: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Күтілетін нәтиже:Тірі организмдердің көп түрлілігі және олардың таралу заңдылықтарының географиялық жағдайымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі:Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:1. Сұрақ-жауап.
2. Әңгіме-дәріс.
Сабақтың көрнекілігі:Қосымша деректер, оқулық, кескін карта т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Биосфера дегеніміз не
Гидросфера дегеніміз не
Жер асты сулары дегеніміз не
Көлдерді ата
Тектоникалық көлдерді ата
Биоценоз дегеніміз не
ІІІ.Жаңа сабақ.
Жер бетінде тірі ағзалардың бірнеше миллион түрі кездеседі. Өсімдіктердің түрі 500 мыңнан, жануарлардың түрі 1 миллионнан асады. Бунақденелілер түрінің қанша екенін тап басып айту қиын, ал микроағзалардың, яғни бактериялар мен саңырауқұлақшалардың түрі де, саны да қисапсыз. Оның үстіне жыл сайын өсімдіктану мен жануартану мамандары өсімдіктердің, бунақденелілердің, микроағзалардың жүздеген, тіпті мыңдаған жаңа түрлерін ашып (тауып) жатады. Мұндай ашылулар сүтқоректілер мен құстардың арасында некен-саяқ, дегенмен кейде ұшырасып қалады. Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африканың ит тұмсығы батпайтын ылғалды тропиктік ормандарынан өсімдіктер мен жануарлардың бұрын белгісіз жаңа түрлері әлде де табылып жатады.Тірі ағзалардың тіршілік формасы сан алуан.
Тірі ағзалардың таралу заңдылықтары. Өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың, сондай-ақ олардың бірлестіктері – биоценоздардың географиялық таралу заңдылықтарын биогеографияғылымы зерттейді.Биоценоз жүздеген, тіпті мыңдаған түрлерден тұруы мүмкін. Әдетте құрлықтағы биоценоздың жалпы сипатын өсімдік анықтайды.
Өсімдік жер бетінде түгелдей таралған. Тек өсімдік қана күн сәулесінің қуатын сіңіре отырып, көмірқышқыл газы, су және минералдық заттардан органикалық заттар құрай алады. Өсімдіксіз биосфераның басқа құрамдас бөліктері, яғни жануарлар мен микроағзалар тіршілік ете алмас еді.
Кез келген биоценоздағы өсімдік қорегінің байлығы жануарлар дүниесінің де бай болуына жағдай жасайды. Өсімдіктің жер бетінде белгілі бір заңдылыққа сәйкес келетіндігі бірден көзге түседі. Өсімдік полярлық аймақтарда түр жағынан да, сан жағынан да аз, экватор маңында өте қалың және сан алуан.Өсімдіктер мен жануарлардың таралуы көптеген жағдайларға, солардың ішінде, әсіресе климатқа (жылу мен ылғалдың таралуына) байланысты. Олар құрлықта климаттың өзгеруіне сәйкес, экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді.
Жаңа тапсырмалар қалыптастыру
Топырақ қалай түзіледі?
Биосфера грекше қандай мағына береді
Постер қорғау: 1.Тірі ағзалардың таралу заңдылығын түсіндіру.
2. Тірі ағзалардың көп түрлілігін сипаттау
Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
Тірі ағзалар қандай түрлерге бөлінеді
Биоценоз дегеніміз не
Тірі ағзалардың сан алуандығын немен дәлелдеуге болады
Биоценозда өсімдік неліктен жетекші орын алады
Биогеография дегеніміз не
Үйге тапсырма беру. Тірі организмдердің көп түрлілігі және олардың таралу заңдылықтарының географиялық жағдайы