kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка урока по географии 9 "а" класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

урок по географии в 9 классе на тему Орталық Қазақстанның шаруашылығы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка урока по географии 9 "а" класс»

Орталық Қазақстан шаруашылық географиясы,көліктік жағдайы

Сабақтың тақырыбы : Орталық Қазақстан шаруашылық географиясы,көліктік жағдайы.

Сабақтың мақсаты:

І. Білімділік: Орталық Қазақстанның өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен көлік географиясын қарастыру. Ауданның қай шаруашылыққа маманданғанын анықтау.

ІІ. Дамытушылық: Оқушыларды аудан туралы өз бетінше қорытынды жасай білуін дамыту.

ІІІ. Тәрбиелік: Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті аймақтарының қоршаған ортаға тигізіп жатқан зияны туралы айта отырып, оларға экологиялық тәрбие беру.

Көрнекіліктер : Қазақстанның әкімшілік-территориялық картасы,  атлас, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ типі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, топтық жұмыс, ойын

Сабақ жүрісі:

І. Ұйымдастыру:

Сәлемдесу, түгендеу

Сынып бөлмесін даярлау

Оқушыларды сабаққа даярлау

Сыныпта психологиялық ахуал орнату. «Шаттық шеңберін» құрып оқушылар өз есімдеріне түсінік бере отырып бір-біріне бүгінгі ссабақта сәттілік тілейді.

Сынып оқушыларын Орталық Қазақстанның қалалар атауымен үш топқа бөлу.

І-топ: Қарағанды

ІІ-топ: Жезқазған

ІІІ-топ: Балқаш

ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген тақырып : Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы.Орталық Қазақстанның табиғат ресурстары.Халқы.

«Тізбек бойынша сұрау» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.(оқушылар мазмұндайды)

Үй тапсырмасын бекіту мақсатында « Кәдімгі керемет »ойыны арқылы бекітіледі.Мұнда сыныптағы кезекші оқушы әр топқа хаттар таратады.Әрбір хатта арнайы тапсырмалар беріледі оқушылар соны орындауы қажет.

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақты түсіну үшін « Бірлесіп үйрену » әдісін пайдаланамыз.Яғни біріге отырып жаңа сабақты меңгереміз.

Жаңа сабағымызды М.О.Әуезов атамыздың мына бір сөзімен бастағым келіп тұр. «Оймақтай ой» деп алдым,бүгінгі сабағымыздың ұраны деп айтсақта болады.

« Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар.Ең әуелі-ниет керек,онан соң-күш керек,содан соң-тәртіп керек »-деген екен өз сөзінде ақын.Яғни тәртіпті сақтай отырып бүгінгі сабағымызды жалғастырайық.

1.Орталық Қазақстанның маманданған салалары.

2.Өнеркәсібі

3.Ауыл шаруашылығы

4.Көлік кешені

Мұғалімнің сөзі: Орталық Қазақстанда өнеркәсіп салаларынан тас көмір, мыс өндіру, қорғасын-мырыш, сирек металдар, химия-металлургия, қара металлургия жақсы дамыған.Аудан республикадағы ауыр өнеркәсібі басым дамыған аймақ. Қара металлургия, кен өнліру, отын өнеркәсібі, машина жасау және химия өнеркәсібі ауданның маманданған салалары.

Өнеркәсібі:

   Қарағанды көмір алабы Қазақстанның маңызды отын базасы болып табылады.Қарағанды көмірі шахталық әдіспен алынады. Онда 60 шахта, 2 ірі көмір алабы ашық әдіспен жұмыс істейді.Қазақстанда кокстелетін тас көмір толығымен осында өндіріледі. Ауданның энергетикасы жергілікті көмірге негізделген. Көмірді пайдаланатын ірі ЖЭС-ры – Абай, Қарағанды, Теміртау қалаларында.

   Орталық Қазақстан – қ а р а  металлургияның республикалық  маңызы бар негізгі шикізат базасы. Ауданда қара металлургияның дамуы Қарағандының кокс көмірі мен Атасу, Торғай, Соколов-Сарыбай, Аят, Лисаков, Қашар темір кен орындарының игерілуімен қатар жүзеге асуда. Аталған кокстелетін көмір мен магнитті темір кендерін пайдаланып Теміртау қаласында толық циклді қара металлургия зауыты жұмыс істеуде.

   Аудандағы ауыр өнеркәсіптің ішінде жақсы дамыған тағы бір саласы – түсті металлургия.Ауданда қорғасын-мырыш өндіретін кәсіпорын Сарыарқа полиметалл өндірістік бірлестігіне топтасқан.

 

Вольфрам мен молибден өндіру өнеркәсібі алдыңғы қатарда дамып отыр. Тау-кен өндіріс орындары Ақжал, Жамбыл, Ақшатау мен Жоғарғы Қайрақтыда орналасқан.

   Машина жасау саласында Қарағанды ауыр машина жасау зауыты жұмыс істейді. Онда көмір өндіруге қажетті кеніш-шахта құрал-жабдықтарын, бұрғылау машиналарын, сондай-ақ өзі жүретін комбайндар мен крандар және электр энергетикасына қажетті құралдар шығарады. Бұл зауыттан шыққан өнімдер республика көмір алаптарын қажетті машиналармен қамтамасыз етеді.

   Химия өнеркәсібі – синтетикалық каучук (Теміртау), күкірт қышқылы (Балқаш), резина, техникалық бұйымдар (Саран), азот қышқылдарын шығарады.

  Тамақ өнеркәсібінен ауданда Қарағанды ет, ұн, кондитер комбинаттары, шарап, ликер-арақ, коньяк, сыра зауыттары, Балқаш балық зауыты бар.

  Жеңіл өнеркәсіп саласында Қарағанды аяқкиім фабрикасы, трикотаж, тігін, жиһаз бұйымдары, шұлық бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.

Мал шаруашылығы: Жетекші саласы – қой шаруашылығы. Етті-майлы еділбай қойы, етті-сүтті ірі қара мал мен жылқы өсіруге қолайлы.

Егін шаруашылығы : Басты мақсаты – жаздық бидай өсіру, мал шаруашылығын жемшөппен қамтамасыз ету. Ауданда жүгері, күнбағыс, картоп егіледі

Көлік кешені:. Аудан аумағы үлкен болғандықтан, елді-мекендер бір-бірінен шалғай орналасқан. Сондықтан бұл аудан үшін автомобиль жолының да маңызы зор. Олардың ішінде ең маңыздылары: Қарағанды-Теміртау, Қарағанды-Балқаш-Алматы.

Сонымен бірге Орталық Қазақстан үшін еліміздің басқа экономикалық аудандарымен байланыстыратын теміржолдың да рөлі ерекше.Орталық Қазақстан аумағын бойлық бағытта 1205 км-ге созылған Петропавлдан Қарағанды арқылы Балқашқа қарай трансконтиненттік теміржол кесіп өтеді. Бұл теміржол желісі оңтүстік Мойынты стансысынан Шуға дейін барып, одан әрі Түрксібке жалғасады. Негізгі магистральдан батысқа қарай Жезқазған өнеркәсіп торабын Қарағанды-Балқашпен жалғастыратын тармақ шығады. Магистраль батысында Магнитогорскіге, шығысында Павлодарға, одан әрі Кузбассқа қарай баратын Оңтүстік Сібір теміржолымен жалғасады.

Жаңа сабақтың тақырыбымен танысуға бір минут уақыт беріледі.Бір шолып оқып,тақырыппен танысып алыңдар.

Мұғалім: жаңа сабақты меңгеруге байланысты әртүрлі тапсырмалар орындаймыз.Тапсырмалар орындамас бұрын «Ең керемет нәрсе-ол адамның көп еңбектенгеннен кейінгі демалысы» дейді халық даналығы.Ендеше ойымызды жинақтап,кішкене сергіп алатын сәт келген сияқты.

Бұл қораптың ішінде бір құпия зат салынған.Өзіндік қасиеттері бар.Мұндай құралды Ахмет Байтұрсынов,І.Жансүгіров пайдаланған.Сонымен қатар зерттеушілер,ғалімдардан жиі кездестіреміз.Қазіргі кезде әртүрлі түрлерінің көбеюіне байланысты өзімізде пайдаланамыз.Қорапта не жасырылған ?

Келесі кезең «Ой елегінен өткіз » деп алдым. Жаңа сабақ бойынша топпен әртүрлі тапсырмаларды орындаймыз.

1-тапсырма: Сәйкестік тесті

2-тапсырма: Тақырып соңында берілген тест тапсырмасын топпен біріге отырып орындау

« Жадыңда сақта » картамен жұмыс.Орталық Қазақстандағы пайдалы қазбалар картадан көрсету.

Сабақты бекіту: « Үлгілі жауап » ойыны ойнатылады.Ең жақсы оқитын оқушының бірі тақтаға шығып,қойылған сұрақтарға жауап береді.

Үйге тапсырма беру : тақырыпты оқып мазмұндау,244 беттегі 3-тапсырманы орындау.

Бағалау:оқушылардың сабаққа қатысу деңгейлеріне қарай бағалау.





Маленкина Нургуль Абаевна


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Разработка урока по географии 9 "а" класс

Автор: Маленкина Нургуль Абаевна

Дата: 27.02.2017

Номер свидетельства: 396232

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "Разработка урока географии  в 9 классе на тему «Пространство Урала» "
    ["seo_title"] => string(69) "razrabotka-uroka-ghieoghrafii-v-9-klassie-na-tiemu-prostranstvo-urala"
    ["file_id"] => string(6) "174465"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424140835"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "Методическая разработка урока географии по теме:"Рельеф дна Мирового океана" "
    ["seo_title"] => string(87) "mietodichieskaia-razrabotka-uroka-ghieoghrafii-po-tiemie-riel-ief-dna-mirovogho-okieana"
    ["file_id"] => string(6) "104843"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1402762315"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Разработка урока географии с использованием активных методов обучения."
    ["seo_title"] => string(78) "razrabotka_uroka_ghieoghrafii_s_ispol_zovaniiem_aktivnykh_mietodov_obuchieniia"
    ["file_id"] => string(6) "349553"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476602311"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(197) "Разработка урока географии. Обобщающий урок в 9 классе по курсу "Экономическая география Иркутской области""
    ["seo_title"] => string(80) "razrabotka_uroka_geografii_obobshchaiushchii_urok_v_9_klasse_po_kursu_ekonomiche"
    ["file_id"] => string(6) "613522"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1663810604"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Разработка урока географии в 7 классе по теме "Африка" "
    ["seo_title"] => string(58) "razrabotka-uroka-ghieoghrafii-v-7-klassie-po-tiemie-afrika"
    ["file_id"] => string(6) "240195"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444971452"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства