kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Педагог

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстанның қорықтары онда өмір сүретін жану-жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Педагог»

«№12 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі








Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғи қорықтары




7а сыныбы

Пән мұғалімі: Сәдуақасова Әйкерім Жақсылыққызы





Байсерке 2017 жыл

Күні: 17.03.2017 ж

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғи қорықтары

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның табиғи қорықтары,өсімдіктері мен жануарлары туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Қосымша ақпарат көздері арқылы ізденістерін жетілдіре отырып, қызығушылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,татулыққа,табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілі:сұрақ – жауап,әңгімелеу,талдау – жинақтау, топтық жұмыстар.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық,бейнеролик,суреттер,слайд,постер, маркерлер, қоңырау, смайликтер, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: әдебиет , география ,биология, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу, түгендеу

2. Психологиялық дайындық:

- балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

3. Құрастыру әдісімен оқушыларды топқа бөлу

- әр оқушы үстелдік үстінде жатқан түрлі-түсті қағаздардан алып, әр түске байланысты топқа бөлінеміз.Осы алған түрлі-түсті қағаздың артындағы суретті құрастыру арқылы топтарыңыздың атын белгілейік.Еңді осы топ оқушыларына мінездеме бере кетейік.

І- топ. Барыс - байқампаз, ұқыпты, еңбексүйгіш, жазуға ынталы, көп сөйлегенді ұната бермейтін топ.

ІІ-топ. Сұңқар- өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған ісін аяғына жеткізетін, көшбасшы, өз-өзіне сенімді топ.

ІІІ-топ. Қызғалдақ - өте мейірімді, басқаның қайғысын да, қуанышын да бөлісе алады.Көпшіл, ынталы, достары көп, пейілі кең, түйсігі жақсы дамыған топ.

-Осы топтардың топ басшысын сайлап алайық.Ол үшін сендерге берілген қағазға топтағы кез-келген оқушының алақанын саламыз.Қағазға салынған қол иесі топ басшысы болады.

ІІ. Жаңа сабаққа мақсат қою: бүгінгі сабақта Қазақстандағы қорық түрлерімен танысып , олардың қызметтерін анықтаймыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.«Миға шабул» стратегиясы:

- Біздің Республикамыздың қойнауы әр түрлі табиғат байлықтарына бай. Солардың ішіне өсімдіктері мен жануарлары да кіретінін білесіндер. Міне қазіргі уақытта Қазақстанның жануарлары мен өсімдіктерін

қорғау ең негізгі мәселелелердің бірі болып отыр. Ақбөкендер, қызыл қасқыр, құландардың жойлып кету қаупі төніп тұр.Осы аталған жануарлар мен өсімдіктерді қорғау мақсатында қандай жұмыстар жүргіземіз?

- Қорықтар, ұлттық саябақтар, дендрологиялық, ботаникалық, зоологиялық бақтар үйымдастырылып жатыр.

- Қорық дегеніміз не?

Кейбір жан - жануарлар мен өсімдіктер дүниесін алғашқы табиғи тіршілігін сақтап қалу үшін қорықтар қажет.

-Қорықтар неге керек? Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет.

-Енді біз Қорықтар туралы бейнеролик көрейік.

2. «Пресс-конференция» стратегиясы.

Топ басшылары қорықтар туралы мәтінді алып, топ арасында талқылап, мәтінге сұрақтар тізімін құру керек. Сонан соң топтар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.



Ақсу-Жабағылы қорығы

1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың гектар жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді қамтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар ла, 1500-2000 метр - даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша (биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, қарақұйрық, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты және т.б. жануарлар кездеседі.

Наурызым қорығы

1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 191,4 мың гектар жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала корғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ карағай сақталып келген. Онда тұяқтылардан қабан, елік, кеміргіштерден суырлар, ақ қояндар және жыртқыштардан қарсақ, түлкі, борсық, күзен, ақкіс кездеседі. Қорықта сүткоректілердің 42 түрі, құстардың 60-тан астам түрі, балықтың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдік түрі кездеседі. Аппақ қардай аққулар, шағалалар, бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді.

Алматы қорығы

1964 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың гектарға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м-ден асатын құм төбе) жатады. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь- Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда қорықта тиін, сасық күзен өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік, бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар, тарғактақшар мекендейді.

Барсакелмес қорығы

Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160, 8 мың гектар. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрыкты қорғау болды. Бұрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 257 түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953-1964 жылдар аралығында 9 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген. Соңғы жылдары биологиялық жүргізілген сынақтардың салдары да Аралдың экологиялық жағдайын күрделендіріп, қорыктың біраз жануарларын көшіруге тура келді (мысалы, құланды).

Қорғалжың қорығы

1968 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжың және Теңіз (199 мың гектар) көлдері кіреді. Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүткоректілердің 41 түрі, құстардың 299 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар: суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар және басқалар. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Құстың 120 түрі ұя салады. 

Марқакөл қорығы

1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы - Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтынтамыр» кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр және құстың 200-ге жуык түрі, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар, 5 түрлі балық кездеседі. Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке, майқан, талма, теңге бар. Бұлардың ішінде ең бағалысы мөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.

Үстірт қорығы

Pеспубликадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың гектар республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Қорықта сүтқоректінің 227, құстың 11 түрі, өсімдіктің 261 түрі кездеседі. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы қойдың ерекше түрі - үстірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан. Құстардан ұялайтыны: қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шөл кекілігі. Қорықтың аумағында бір кезде осы арада кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық қабылан мен құланның санын қалпына келтіру белгіленді.

Батыс Алтай қорығы

1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың гектар. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564, жануар дүниесінің 161 түрі, құстардың 120, сүтқоректілердің 20, балықтың 5 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю, құндыз, сусар, борша және т.б. сирек аңдар кездеседі.

Алакөл қорығы

1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың гектар. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық сулы-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликті шағала, қаз, тырна және т.б.) қорғау.

Қаратау қорығы

2004 ж. құрылды. Көлемі 34,3 мың гектар. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан. Қорықты құру себебі - аймақтың эндемикалық өсімдіктерін сақтау үшін және Қаратау жотасы республикада саны бойынша көне жерортатеңіздік өсімдік элементтерінің таралу жағынан бірінші орын алуында. Қорықта 1500 өсімдік түрін, жануарлар дүниесінен омыртқалылардың 227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі. Қызыл кітапқа қарақұйрық, арқар, қоңыр тянь-шань аюы, қар барысы, тас сусары кірген. 114 құстың 80-і ұшатын оның 11 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген

ІV.Жаңа сабақты түсінгенін сұрау

1. «Кубизм» стратегиясы: 3 қырлы кубик жасалып, әр қырына 1 тапсырамадан жазылады. Мұғалім кубикті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушылар сол қырындағы тапсырмаға жауап береді. (әр топқа 5 минут уақыт беріледі)

- табиғатты қорғау жайлы көрініс

- қорықтың орналасуын өсімдіктер мен жануарлар картаға түсіру.

- өсімдіктер мен жануарлар қорғау жайлы жоба дайындау

2. « Еркін жазу» стратегиясы

Семантикалық картаны толтыру. Оқушылар кезектесіп тақтаға шығып, ActivStudio да жұмыс жасайды, дәптерлеріне жазып алады.

Қорықтар

Қай облыста, қашан құрылған

Қорғауға алынған жануарлар

Қорғауға алынған өсімдіктері

1





2





3





4





5





6





7





8





9





10






V. Бекіту:

Ой толғаныс стратегиялары

-Оқушылар «Мен қорық болсам» деген тақырыпта эссе жазыңдар.

Рефлексия «Бес саусақ»

-оқушылар сендерге қағазға сызылған бес саусақтың суретін беремін.Әр саусаққа өзерінің бүгінгі сабақтағы көңіл күйлерінді білдіріңдер.

Бас бармақ - ... керемет болған дүние.

Балан үйрек –... назар аудару керек.

Ортан терек– ... маған мүлде ұнамады.

Шылдыр шүмек – ахуал ...

Кішкентай бөбек– маған жеткіліксіз, түсініксіз болған жағдайлар.

VІ. Үйге тапсырма: оқушыларға әр топ бойынша жеке тапсырмалар беріледі.

І- топ. Қазақстанда ғана кездесетін өсімдікетр мен жануарлар туралы мәлімет жазу,

ІІ–топ.Қазақстанның қорықтарын картаға түсіру.

ІІІ-топ.Қорықтар туралы сөзжұмбақ құрастырып келу.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Педагог

Автор: Сәдуақасова Әйкерім Жақсылыққызы

Дата: 20.03.2017

Номер свидетельства: 401741

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Профессиональная культура педагога "
    ["seo_title"] => string(39) "profiessional-naia-kul-tura-piedaghogha"
    ["file_id"] => string(6) "137551"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1417367172"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "план работы социального педагога"
    ["seo_title"] => string(37) "plan-raboty-sotsial-nogho-piedaghogha"
    ["file_id"] => string(6) "256639"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1448192879"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(225) "Презентация для педагогов ДОУМетодическое сопровождение педагогов по повышению уровня компетентности в условиях ФГОС ДО"
    ["seo_title"] => string(132) "priezientatsiiadliapiedaghoghovdoumietodichieskoiesoprovozhdieniiepiedaghoghovpopovyshieniiuurovniakompietientnostivusloviiakhfgosdo"
    ["file_id"] => string(6) "292840"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455360710"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(154) "Самообразование педагогов – как фактор повышения профессиональной компетентности"
    ["seo_title"] => string(80) "samoobrazovaniie_piedaghoghov_kak_faktor_povyshieniia_profiessional_noi_kompieti"
    ["file_id"] => string(6) "398777"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1489080494"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(221) "Презентация для педагогов "Методическое сопровождение педагогов по повышению уровня компетентности в условиях ФГОС ДО""
    ["seo_title"] => string(129) "priezientatsiiadliapiedaghoghovmietodichieskoiesoprovozhdieniiepiedaghoghovpopovyshieniiuurovniakompietientnostivusloviiakhfgosdo"
    ["file_id"] => string(6) "292845"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455361264"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства