Кіріспе | 7мин | 1.Ынтымақтастық атмосфераны орнату арқылы, топқа бөлу. /Топтық ережені қайталатып естеріне саламын./ 2мин 2. «Серпілген сауал» арқылы алдыңғы сабақты қысқаша қайталау,сыныптың білім деңгейін анықтау. 1.Антропология ,моногенизм,полигенизм ? 2.Демография, демографиялық жарылыс,демографиялық саясат? 3.Демографиялық көрсеткіштер? 4.Халықтың ұдайы өсуінің үш типін картадан көрсету? 5.Салыстырмалы көрсеткіш дегеніміз не?Олардың коэфиценттері қалай бөлінеді? | Сынып оқушылары ойынның соңғы бөлінісіне қарай 3 топқа бөлінеді. Үй тапсырмасы тексеріледі,тиісінше ұпайларын алады. Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. ЖАУАПТАРЫ: |
Тұсаукесер | 5 мин | Қызығушылықпен назарға қол жеткізу үшін ер, әйел, жас қыз, егде адам және зейнеткер суреттерін көрсету бұл суреттердің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар. Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау. | Тыңдай отырып, қажет деректерді дәптерге жазады. Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады, мақсатын анықтайды. |
Негізгі бөлім /20мин/ | 5 мин. 1,5 мин. 1,5 мин. 2 мин. 10мин. 5мин | I. Оқулық мәтінімен жұмыс. /Инсерт әдісі арқылы/ II. «Үш қадамдық сұхбат» әдісі. Үш баладан тұратын топтарға жұптарға бөлемін: А және Б және В .Назар аударту және түсіндіру. 1-қадам. А сұхбаттайды Б-ға, Б сұхбаттайды В-ға – Сұрақтарыңыз барма? – Балалар не істеулерің керек? Сендерге талқылауға 5 минут беремін. 2-қадам. 2- қадам керісінше, Б сұхбаттайды А-ға, В сұхбаттайды Б-ға. 3-қадам. Әр оқушы өз жұбымен «Халықтың жастық-жыныстық құрамы » туралы ақпаратпен екі немесе үш адамдық топта бөліседі. – Мен қазір тапсырмаларды орындағанда сіздердің топпен жұмыс жасағандарыңды қалаймын. II. Атлас,флипчартпен жұмыс, / 10минут/. Жұмысты қорғау,/10минут/ А-топ «98-100»бет 3мин. Б-топ «100-102» бет 3мин. Постер критерийі: 3ұпай -мазмұнының мәтінмен сәйкес келуі; -эстетикалық талғамға сай болуы; -түйінді сөздердің болуы «Бір жұлдыз,бір ұсыныс» 1 минут Бекітуге арналған сыни сұрақтар: 1.Неліктен ЭБХ толығымен еңбекпен қамтамасыз етілмейді?Себебі? 2.Халықтың жастық-жыныстық құрамын сипаттау үшін ер және әйел адамдардың көрсеткіші пайдалынады,неліктен? | -Оқушылар,қазір оқулықты оқи отырып негізгі мәліметтерге назар аударасыңдар,еске сақтап қалуға тырысыңдар./сіздерге 5мин.беремін/ -Айдана, айта қойшы, біз қазір не істейміз? Түсінгенін өз сөзімен айту арқылы жұпта талқылайды, салыстыра отырып айырмашылығын немесе ұқсастығын көрсетеді, мысалдар келтіреді. Оқушылар ұтымды жауаптарын интерпретациялау арқылы топқа ұсынады, идеяларға жүгіне отырып жұмыс ретін көрсетеді, сахналау үшін рөлдерге бөледі. -Қалай қолдануға болады? -Жасап көрсе қалай болады? -Егер былай жасаса нәтижесі қалай болар еді? (шәкірт ұстаздың көмегінсіз таныс емес проблеманы өзінше шешіп көреді) Әр топ оқулық пен атласты, интернетті пайдалана отырып алынған мәліметті терең өңдейді, флипчартқа жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтерді шығармашылықпен біріктіреді, әр спикер немесе топ өз постерлерін қорғайды. ( өз ойларын,идеяларын, пайымдауларын мазмұндап оларды негіздейді). Оқушылар бір-біріне өз ойларын,идеяларын, пайымдауларын мазмұндап негіздегендері үшін: – не ұнады /бір мақтау/, – маған ұнады, бірақ келесі жолы… /бір ұсыныс айтады/. Оқушылар сұрақтарға жауап берді. Жауаптар дұрыс болса «Дұрыс» деп қоштайды, егер дұрыс болмаса өздері толықтырады. |
Қорытынды | 5 мин | «Тақырыптық түйінді сөздер» Сөздер банкісі Біздің тақырып Прогрессивті прогрессивті Табиғи өсу коэфиценті регрессивті Эмигранттар тұрақты тип Адамның өмір жасының ұзақтығы белсенді халық Саясат Тұрақты тип Белсенді халық регрессивті Сабақ қортындысы, оқушылардың түсіну дәрежесін, меңгеруін бағалау. | Топтық өзара бағалау жүргізеді. §21 мазмұнын айту |