Оқушылардың сабаққа зейінін сабаққа бұра отырып, сабаққа даярлығын, қызығушылығын арттыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
«Кім тапқыр?» ойыны
Солтүстік Американы қандай халықтар мекендейді?
Солтүстік Америкада дүние жүзіндегі ең дамыған ел?
АҚШ жағалауын қандай мұхиттар шайып жатыр?
Дүние жүзі бойынша нешінші орында?
АҚШ-тың астанасы қалай аталады?
АҚШ арқылы Солтүстік Америкадағы ағып өтетін ең ірі өзен?
АҚШ-тың ең ірі қаласы?
Солтүстік Америка материгіндегі елдер?
III. Жаңа сабақ барысы.
Канада дүние жүзі жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейін екінші орын алатын, жоғары дамыған ел. Канада жерінің ауданы (9976) мың км материктің солтүстік бөлігімен Канаданың Арктикалық архипелагындағы аралдарды алып жатыр. Астанасы- Оттава қаласы.
Канада жерінің табиғат жағдайлары да әркелкі. Суық арктикалық шөлдер мен тундра алып жатқан жазықтарда қойөгіз бен Солтүстік бұғысы Карибу тіршілік етеді.
Канаданың басты байлығы – көгілдір көлдер мен қалың ормандар. Көлдердің жалпы саны жөнінде Канада дүние жүзінде бірінші орын алады. Жалпы айтқанда Канада ормандарға бай.
Мұнда Америкалық көгілдір шырша, бал карағай, қарағай өседі. Сондықтан жергілікті халық ағаш дайындау және оны өңдеумен айналысады.
Канаданың жер қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай.
Канаданың бай табиғи қорлары шаруашылықтың сан алуан салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Өз жерінен өндірілетін металдардан пайдаланып, жұмыс істейтін зауыттарда ұшақтар, ірі мүхит кемелер, жеңіл автомашиналар жасалады.
Ормандарда терісі бағалы аңдардан Бұлғын, Күзен, Ақкіс пен жыртқыштардан Қара аю-барибал, сілеусін, кайот тіршілік етеді. Аталған аңдардың қандай пайдасы бар? Оқушылар өз ойын айтады.
«Кім картаны жақсы біледі?» ойыны.
Канаданың астанасын дүние жүзі саяси картадан көрсету.
Орталық Америка елдерін картадан көрсету.
Гренландия аралы қай елдің құрамына кіреді.
Канаданың негізгі халқы Еуропадан қоныс аударғандар ол қалалар қалай аталады?
IV. Сабақты пысықтау: а) «Топтастыру стратегиясын»:
ә) Жалпы оқушыларға «Ия, жоқ» ойыны ойналады.
Сұрақтар.
Жер көлемі бойынша ең үлкен 10 елдің құрамына Канада кіре ма? Ия
Оңтүстік Америка ең ыстық материк пе? Жоқ
Мадагаскар көл ме? Жоқ
Гренландия аралы Орталық Америка құрамына енеді ма? Жоқ
Дүние жүзіндегі халқының саны ең көп елдерге АҚШ кіре ма? Ия
Жердің серігі ай ма? Ия
Бес мүхит бар ма? Жоқ
«География» грек тілінен аударғанда саяхаттау деген мағынаны білдіреді? Жоқ
9. ТМД елдерге Мексика, Франция кіре ма? Жоқ 10.Дамыған елдерге АҚШ, Германия, Жапония жата ма? Ия
V. Үйге тапсырма: §35 . Канада. Орталық Америка елдері. Реферат жазу.