Көрнекіліктер: Жердің кішірейтілген бейнесі, дүние жүзінің физикалық картасы, оқулық картасы, суреттер, сызбалар.
Әдісі: сұрақ жауап, іздену, практика
Түрі: қалыптан тыс (ойын түрінде)
Типі: дамыта оқыту элементтері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ 5 бөлімнен тұрады
ІІ. «Кім жылдам» ойыны
ІІІ. Таңғажайып алаң
ІҮ. Белгісіз аралдың адамдарының пікірі
Ү. Геометриялық бас қатырғы
ҮІ. Ситуациялық сұрақтар
І. Кім жылдам ойыны
1. Дүние жүзінде ең үлкен арал? (Гренландия)
2. Әлемдегі ең көп найзағай жарқылдайтын қай жер? (Ява аралында 322 күн)
3. 4 ірі 4 мыңдай ұсақ аралдан тұратын Азиядағы жоғары дамыған ел? (Жапония)
4. Ең үлкен маржан аралы? (Үлкен тосқауыл рифі)
5. Хокайдо аралы мен Хансю аралдарын бөліп тұрған бұғаз? (Цугару)
6. Шри – Ланка аралының бұрынғы аты? (Цейлон)
7. Абель Тасманның атымен қандай арал аталады? (Тасмания)
ІІ. Таңғажайып алаң
Жарнама
Пайдалы қазбалар
Аралдың құрылысы
Географиялық орны
Нота
Сол аралға саяхатшы
Аралдың шаруашылығы
1.Аралдың пайдалы қазбасына
А. Шри – Ланканың пайдалы қазбалары? (графит, ас тұзы, темір)
Ә. Шри – Ланкадағы халықтар қай нәсілдің өкіліне жатады? (экваторлық)
2. Аралдағы саяхатшы
А. М. Маклай туралы не білесің?
Ә. Жаңа Гвинеяның нәсілдеріне кімдер жатады? (папуастар)
3. Географиялық орны
А. Тайван аралының географиялық орны туралы не білесің?
4. Жарнама (кезкелген аралға)
5. Музыкалық үнсіздік
6. Құрылысы
А. Жаңа Гвинея мен Тасмания аралдары қалай пайда болған?
Австралия материгі көтерілуге, төмен түсуге және жарылуға ұшыраған. Иілу мен жарылу нәтижесінде құрлықтың біраз бөлігі Тынық мұхиттың түбіне түсіп кеткен. Содан Жаңа Гвинея мен Тасмания аралдары пайда болған.
7. Аралдың шаруашылығы
А. Тайвань аралының халқы қандай шаруашылықпен айналысады? (астық, бау – бақша, қант құрағы, балық)
ІІІ. Белгісіз аралдағы адамдардың пікірі
А. Шри – Ланка аралы Үндістанның аралы болғандықтан орталарыңызда үндістан халқы болса, сіздердің ең қасиетті жануарларыңыз не? (сиыр)
Ә. Азия елдерінде жоғары дамыған қай ел? (Жапон)
Бұл ел қандай аралда орналасқан? (Жапон аралдарында)
Б. Қазақ халқының әсем мерекесінің бірі күн мен түннің теңелуі, ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі, олай болса, Жапон халқының әсем мерекесінің бірі не? (Сануна шиесінің гүлденуі)
В. Евразияның өзіне тән жануарлары? (жолбарыс, жабай түйе, зубр, құнан)
Г. Неліктен Қытай елінде шойын мен болат қорыту қолайлы? (олар жер бетіне жақын орналасқан)
ІҮ. Геометриялық бас қатырғы
А. Жеті әріптен тұратын Қытайдағы үлкен арал?
А
В
Ь
Т
Н
Н
А
Ә. Жапонияның үлкен аралы?
Х
С
Ю
Н
О
Ү. Ситуациялық сұрақтар
А. Бір үлкен аралдың орталық белгісі 20° С және 45° штабы арқылы өтеді. Аралда табиғаттағы ең кішкентай маймыл өседі (денесінің ұзындығы 12см). Картадан немесе глобустан ол қандай арал екенін анықтаңдар? (Мадогаскар)
Ә. Мұхиттан теңізшілер, ішінде жазуы бар құмыра тауып алды. Апатқа ұшырағанда көмек сұраған екен. Құмыраға кірген сулар кейбір әріптерді жуып кетіпті, қағазда мынадай сөз қалған 5оС және 143штаб? және неше арал бұл қандай арал? (Жаңа Гвинея)
Б. Ұшақпен ұшып келе жатқан ұшақтың ұшағы аяқ асты істен шығып ұшқыш 120 пен 1240 аралға парашютпен түсті. Сол түскен жерінен карта сызбасын тауып алды. Онда сол аралдағы алтын кен орны көрсетіліпті. Бұл қазыналы қай арал? (Филиппин)
ІҮ. Қорыту
Сабақтың тақырыбы: «Атажұрт»
Сабақтың мақсаты:
Халқымыздың мыңдаған ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық салт – дәстүрлер мен әдет – ғұрыптардың тарихи шежірелер мәдениетінің ұлттық рухани тынымдық, тұрмыс – әлеуметтік қасиетті, киелі асыл мұраларының қазынасын жас ұрпақтың сана – сезіміне сіңіру;
Қазақ халқы үшін жер – ең қасиетті ұғым. Кіндік қаны тамған жерді ата – бабамыз «Атажұрт» атандырып ардақтаған. Көз жеткісіз көлеміне Европаның кішігірім 12 мемлекеті сыйып кететін сайын дала, асқар тау, өзен – көлдерден тұратын о шетінен бұл шетіне құстың қанаты талып жететін қазақ жерінің қасиетін ұғынбасақ, орны толмас өкініш болар еді. Осыншама ұлан байтақ жерді ата – бабаларымыз қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен шыбын жанын шүберекке түйе жүріп қорғап келіп, асты – үстіндегі барша байлықтарын басқалардың көз алартқанына қарсы бола тұрып, ұрпақтарының қолына аман – есен тапсырғанын қалай қастерлемеуге болады?
Біздің бүгінгі ойынымыздың өзегі – туған жер, атажұрт туралы болмақ.
Ойынға 2 топ қатысады. Ойынымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық. Әділқазылар алқасының төрағасы – география пәнінің мұғалімі Әбсадықова Күлнаписа.
Ойынның шарты:
«Сайын дала» бөлімінде екі топ мүшелері картада нөмірленген сұрақтарға кезектесіп жауап береді.
«Өткел» бөлімінде топ басшыларына 5 сұрақтан қойылады.
«Белес» бөлімінде ойынға қатысушы топтардың әрқайсысына 2 сұрақтан беріледі. Ойынға қатысушылардың көмек алуға мүмкіндігі бар. Егер жауап бермесе, сондай – ақ келесі топқа кезек бермегені үшін ұпайы төмендейді.
«Бекет» бөлімінде команда жанашырларымен ойын ойналады. Екі топ жанашырларына екі сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап ұпайы өз топтарына қосылады.
«Асу» бөлімінде екі топ мүшелері бейнесұрақтар арқылы жауап береді. Осы бөлімнен кейін әділқазылар алқасы екі топтың ұпай сандарын есептеп, жеңімпаз топты анықтайды.
«Жерұйық» бөліміне жеңімпаз топ өз қалауы бойынша қатысады.
Әрбір дұрыс жауап 10 ұпайымен есептеледі.
І. Ойынымыздың алғашқы бөлімі «Сайын дала» деп аталады. Тақтадағы Қызылорда картасында бірнеше нөмірленген сұрақтар тұр. Екі топ кезектесіп сұрақтарға жауап береді.
1. Қызылорда облысының құрылған жылы (1938ж, қаңтар)
2. Қызылорда қаласының бой көтерген уақыты (1818ж)
3. «Сыр – Алаштың анасы» деп аталатын осынау киелі өңірде ғасырлар шеруінде үш астана бой көтерген. Ол қай қалалар? (Жанкент, Сығанақ, Қызылорда)
4. Қызылорда қаласының ескі атаулары (Қамыс қала, Ақмешіт, Перовск)
5. Қызылорда облысының шекарасы (Солт. Батысында Ақтөбе, солт – Қарағанды, шығысында және оңтүстігінде – Оңтүстік Қазақстан облыстарымен, Өзбекстанмен шектеседі)
6. Қызылорда лбдысы эконмикасындағы өнеркәсіптің жетекші саласы (мұнай өндіру)
7. Қорқыт ата ескерткіші орналасқан жер (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы ауылынан 15 км жерде)
8. Қызылорда облысының әкімшілік құрылысы (7 әкімшілік аудан: Арал, Жалағаш, Жаңақорған, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі, 3 қала: Қызылорда, Арал, Қазалы)
ІІ. «Өткел» бөлімінде топ басшыларына 5 сұрақтан қойылады.
1 – топ басшысына қойылатын сұрақтар:
Қазіргі Сырдария ауданының құрылғанына неше жыл болды? (70жыл)
Айдарлы ауылы қай жылы құрылды? (1932ж)
Қызылорда облысының климаты (шұғыл континентті)
Айдарлы аймағын жеті әулие қоршап жатады. Осы киелі жерлерді атаңыз (Асанас, Қожжан Қожа, Құлбай әулие, Қара бура, Айдарқұм, Қотырәулие, Қошқар Ата әулиесі)
Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі түбек (Барсакелмес)
2 – топ басшысына қойлатын сұрақтар:
Сырдария ауданының әкімшілік орталығы (Тереңөзек кенті)
Республика бойынша өндірілетін күріштің Қызылорда облысы қанша пайызын береді? (80 %)
Қызылорда облысы, Айдарлы ауылынан 10 км жерде орналасқан мазар (Қожжан Қожа)
Сырдария ауданы шаруашылықтың қай түріне маманданған? (мал шаруашылығы)
Айдарлы ауылында жеті жылдық мектеп қай жылы ашылды? (1937ж)
ІІІ. «Белес» бөлімінде ойынға қатысушылар сұраққа көмек алуға болады. Егер дұрыс жауап бермесе, сондай – ақ келесі топқа кезек бермегені үшін ұпайы кемиді.
1 – топқа арналған сұрақтар:
Бастауын Орталық Тянь – Шань сілемдерінен алатын Орталық Азиядағы ірі өзендердің бірі. Көмек: Арал теңізіне құяды (Сырдария)
1899 жылы Каллаур бес қақпалы қорған құрылысын және оның маңайвндағы бекіністер қалдықтарын есепке алды. 1961жылы Хорезм археология – этнографиялық экспедициясы зерттеу қорытындысына қарағанда, керамика мен археология материалдары оның Іңкәрдария қалаларына ұқсас екендігін көрсетті. Бұл қай қала? Көмек: Бұл қала Айдарлы ауылынан 8 км жерде орналасқан (Асанас)
2 – топқа арналған сұрақтар:
Қазақстан мен Орта Азия жерінде, Солтұстік бөлігі Қазақстанның бірталай жазық өңірлерін алып жатқан ойпат. Көмек: Бұл ойпатқа Қызылорда облысы толығымен кіреді (Тұран)
Каспий теңізін тұйық алап ретінде көрсетіп, оның пішінін шығыстан батысқа қарай созылған күйінде бейнеленген, Сырдария мен Әмудария Каспийге құяды деп есептеген, Арал теңізін картаға түсірген ғалымды ата? Көмек: Б.з. ІІ ғасырында өмір сүрген грек ғалымы (Птоломей)
ІҮ. «Бекет» бөлімінде команда жанашырларына сұрақ қойылады.
Каспий теңізіне құятын өзендерді атап беріңдер? (Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл)
Еуразия кіндігі деп Қазақстандағы қай жерді атайды? (Шығыс Қазақстан оьлысы, Абай ауданы, Жидебай елді мекені)
Еуропа мен Азия орталығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Ол көлдің Гиркан, Хазар, Хвалын және тағы басқа 60 – тан астам атауы бар. Ол қай көл? (Каспий көлі)
Арал теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан түбек? (Барсакелмес)
Ү. «Асу» бөлімінің тапсырмалары – бейнесұрақтар.
1. Бұл әулиенің ата – тегі Сыр бойына 2 – 3 ғасыр бұрын ислам дінін тарату үшін келді. Аңыз деректерінде әулиенің Бағдат, Бұқара шаһарларында діни білім алғаны айтылады. Көріпкелдігі мен әулиелігі Сыр елі мен Өзбекстан жеріне кең тараған. Ұрпақтары 17 ғасырдың аяғында қабірінің басына кесене тұрғызған. Сұрақ: Бұл жерде қай әулие туралы айтылады және мына суреттегі мазар қалай аталады? (Қожжан Қлжа мазары)
2. Рблыстың орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік – аумақтық бөлініс. Аудан аумағында 16 елді мекен бір кенттік және 14 ауылдық округ бар. Сұрақ: Экрандағы карта бөлігі Қызылорда облысының қай ауданын сипаттайды? (Сырдария ауданы)
3. Экрандағы мына ескерткіш Қызылорда облысынан шыққан ақын – жазушыларға арналып салынған. Сұрақ: Ескерткіштегі ақын – жазушыларды ата? (З. Шүкіров, Қ. Мұхамеджанов, Ә. Тәжібаев)
4. Қожжан Қожа мазарының оңтүстік батысында орналасқан әулие мазары көрсетілген. Бұл әулие мен Қожжан Қожа әулие нағашылы – жиенді болған дейді. Сұрақ: Мынау қай әулиенің мазары? (Асанас әулие мазары)
Осы бөлімнен кейін жеңімпаз анықталып, сол команда келесі «Жерұйық» бөліміне өтеді.
ҮІ. «Жерұйық» бөлімінде аңыз оқылады. Оқылған аңыздың не жайында екенін табу керек.
1934 жылы Патыма мен Махат әке баласы болмай осы киелі қорғанға барып түнейді. Қорған күмбезінің ортасына от жағып отырса, түн ортасында алдыңғы бір аяғын көтеріп жолбарыс кіріп келеді. Ол әжеге қарай жылжиды, көтерген аяғы гүп болып ісіп кетіпті. Содан әже омырауынан тебенін алып табанын аршиды.
Сол кезде кірген жиде тікені қанды іріңмен атып шығады. Қолымен қайта – қайта басып іріңін тазалайды.Содан кейін жолбарыс шегініп кеткен екен. Сол әулиенің шарапатынан сол кісілер ұлды – қыздды болыпты деседі.
1989 жылы археологиялық зерттеулер жүргізіліп біраз қалыпқа келтіріліпті. Сырты қоршалған, қазір соған зиярат етушілер барып тұрады.
Бұл әулие желеп – жебеген киелі жер біз тұрған ауылдан 8 шақырым оңтүстік батысқа қарай орналасқан.