«?аза?станны? болаша?ы-білімді ?рпа?та» - деген Елбасымыз. ?азіргі та?да мектеп о?ушыларыны? сапалы білім алуына барлы? жа?дай жасал?ан. Сонды?тан о?ушылар мы?ты п?ндік білімді ме?геріп ?ана ?оймай, оны на?ты ?мірдегі жа?дайларда пайдалану?а да?дылану керек.
Сыныбы: 5
П?ні: Жаратылыстану
Саба?ты? та?ырыбы: Те?іздер мен к?лдер
Саба? ма?саты:Те?із бен к?л туралы білім-танымын шы?дау.
Білімділік міндеті: Те?із мен к?лді? айырмашылы?ы туралы ма?л?мат беру, оларды? адам ?мірі ?шін ма?ызы туралы білімдерін ке?ейту.
4. Д?ниеж?зілік м?хит дегеніміз не? (Материктерді? аралы?ында орналас?ан ?лкен сулы ал?аптарды м?хит дейді)
II. Жа?а саба?ты ме?геру.
Кіріспе с?з: Балалар, б?гінгі саба?ымыз та??ажайып саяхат т?рінде ?теді. Біз кемемен «Білім» м?хитын кесіп ?тіп, ?азыналы арал?а баруымыз керек. М??алім- кемені? капитаны, ал сендер- жас те?ізшілерсі?дер. ?азыналы арал?а жету ?шін к?птеген аялдамалардан ?туіміз керек. ?р аялдамада тапсырмалар болады, сол тапсырмаларды д?рыс орындаса?, біз арал?а жетеміз.
1 аялдама: «?ызы?ушылы?ты ояту»:
Гидросфера?а нелер жатады?
І, ІІІ топтар:Те?іздер туралы о?ып, оларды? т?рлері мен айырмашылы?тарын ай?ындау.
ІІ,ІV топтар:К?лдер туралы о?ып, оларды? т?рлері мен айырмашылы?тарын ай?ындау.
Адам ?мірі ?шін к?лдер мен те?іздерді? ?андай пайдасы бар?
ІІІ. Саба?ты бекіту.
2аялдама: «Байланысшылар жа?алауы»
-Кемемізде т?щы су ?оры аз. Біз байланысшылар?а к?мектессек ?ана олар бізге су береді. Сонды?тан ?азір жа?а саба?ты ме?гергендері?ді білу ма?сатында «Те?естіру тапсырмасын» орындаймыз.
1
М?хит
А
??рлы??а с??ына енген к?л, те?із, м?хит суларыны? бір б?лігі
2
?зен
?
Биіктен т?мен ?арай ??лай а??ан су
3
Те?із
Б
??рлы? ?стіне жина?тал?ан м?з
4
Арал
В
Суды? газ к?йінен с?йы? к?йге ауысуы
5
Арасан
Г
Жербетінде таби?и ойыстар?а жина?тал?ан су
6
Архипелаг
?
М?хиттарды? е? тере? жері
7
Ш???ыма
Д
Бір-біріне жа?ын, жал?ас аралдар тобы
8
К?л
Е
Емдік суларды? шы?ып жат?ан жері
9
Конденсация
Ж
Айналасын сумен ?оршал?ан ??рлы?ты? кішігірім б?лігі
10
М?зды?
К
Материктер мен аралдар ар?ылы б?лініп жат?ан м?хитты? бір б?лігі
11
Сар?ырама
?
Таби?и жолмен жасал?ан арна ар?ылы а?атын су
12
Шы?ана?
Л
Айналасын материктер ?оршап жат?ан е? ?лкен су ?оймасы
Просмотр содержимого документа
«"Те?іздер мен к?лдер" саба?ы »
Теңіздер мен көлдер
Сүндетов Ғабит Насырұлы
География пәнінің мұғалімі
Астана қаласы №24 орта мектеп
«Қазақстанның болашағы-білімді ұрпақта» - деген Елбасымыз. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Сондықтан оқушылар мықты пәндік білімді меңгеріп қана қоймай, оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға дағдылану керек.
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: Теңіздер мен көлдер
Сабақ мақсаты:Теңіз бен көл туралы білім-танымын шыңдау.
Білімділік міндеті: Теңіз мен көлдің айырмашылығы туралы мағлұмат беру, олардың адам өмірі үшін маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелілік міндеті: Қоршаған ортаны қорғауға, өмір сүріп отырған планетасын экологиялық апаттардан қорғауға, оны сүюге тәрбиелеу;
Пәнаралық байланыс: Биология, экология.
Сабақ беру әдісі: Аралас сабақ
Сабақ көрнекілігі:Карта, кескіндемелер, кеменің суреті.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
-Амандасу рәсімі: Күніміз ашық болсын,
Түніміз жарық болсын.
Ауамыз таза болсын,
Суымыз мөлдір болсын.
- Топқа бөліп отырғызу.
II. Үй жұмысын тексеру .
«Мұхиттар» тақырыбынан алған білімдеріңді қандай деңгейде меңгергендеріңді тексеру мақсатында мына сұрақтарға жауап берулерің керек.
«Географиялық торша» ойыны
Ойынның мақсаты:Оқушылардың өткен тақырыпты меңгеру деңгейін анықтап, білімдерін бағалау.
Ойынның шарты:Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа өз атауларына байланысты сұрақтар беріледі.
1 топ: Тынық мұхиты
1. Мұхиттың ең терең жері? (Мариан шұңғымасы, тереңдігі 11022 метр)
2. Экватор маңындағы судың беткі температурасы? (+26 С, +29 С)
3. Акулалардың ұзындығы қаншаға тең? (15 метр)
4. Мұхиттың орташа тереңдігі? (4000 метр)
2 топ: Атлант мұхиты
1. Ең терең жері қалай аталады? (Пуэрто-Рико шұңғымасы)
2. Суының орташа температурасы қандай? (+25 С)
3. Дүниежүзілік балық аулаудың қанша пайызы тиесілі? (40%)
4.Балық аулау кәсібімен қанша мемлекет айналысады? (115 мемлекет)
3 топ: Үнді мұхиты
1. Негізгі бөлігі қай жарты шарда орналасқан? (Оңтүстік жарты шарда)
2. Ең терең жері? (Зонд шұңғымасы, тереңдігі 7209 метр)
3. Суының орташа температурасы қанша? (+20 С жоғары)
4. Қызыл теңіздің тұздылығы қанша? (37% жетеді)
4 топ: Солтүстік мұзды мұхиты
1.Салыстырмалы түрде суы қандай болып келеді?( тұщылау болып келеді)
2. Ең терең жері? (5527 метр)
3. Өзендерін ата? (Обь, Енисей, Лена, Печора, Маккензи)
4. Дүниежүзілік мұхит дегеніміз не? (Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды мұхит дейді)
II. Жаңа сабақты меңгеру.
Кіріспе сөз: Балалар, бүгінгі сабағымыз таңғажайып саяхат түрінде өтеді. Біз кемемен «Білім» мұхитын кесіп өтіп, қазыналы аралға баруымыз керек. Мұғалім- кеменің капитаны, ал сендер- жас теңізшілерсіңдер. Қазыналы аралға жету үшін көптеген аялдамалардан өтуіміз керек. Әр аялдамада тапсырмалар болады, сол тапсырмаларды дұрыс орындасақ, біз аралға жетеміз.
1 аялдама: «Қызығушылықты ояту»:
Гидросфераға нелер жатады?
Теңіз
Өзен
Бу
Көл
Гидросфера
Мұхит
Бұлақ, қайнар
Жер асты сулары
Мұздық
І, ІІІ топтар:Теңіздер туралы оқып, олардың түрлері мен айырмашылықтарын айқындау.
ІІ,ІV топтар:Көлдер туралы оқып, олардың түрлері мен айырмашылықтарын айқындау.
Көлдің теңізден қандай айырмашылығы бар?
Өз жеріңдегі өзен, көлдерді қандай мақсатқа пайдаланып отыр?
Адам өмірі үшін көлдер мен теңіздердің қандай пайдасы бар?
ІІІ. Сабақты бекіту.
2аялдама: «Байланысшылар жағалауы»
-Кемемізде тұщы су қоры аз. Біз байланысшыларға көмектессек қана олар бізге су береді. Сондықтан қазір жаңа сабақты меңгергендеріңді білу мақсатында «Теңестіру тапсырмасын» орындаймыз.
1
Мұхит
А
Құрлыққа сұғына енген көл, теңіз, мұхит суларының бір бөлігі
2
Өзен
Ә
Биіктен төмен қарай құлай аққан су
3
Теңіз
Б
Құрлық үстіне жинақталған мұз
4
Арал
В
Судың газ күйінен сұйық күйге ауысуы
5
Арасан
Г
Жербетінде табиғи ойыстарға жинақталған су
6
Архипелаг
Ғ
Мұхиттардың ең терең жері
7
Шұңғыма
Д
Бір-біріне жақын, жалғас аралдар тобы
8
Көл
Е
Емдік сулардың шығып жатқан жері
9
Конденсация
Ж
Айналасын сумен қоршалған құрлықтың кішігірім бөлігі
10
Мұздық
К
Материктер мен аралдар арқылы бөлініп жатқан мұхиттың бір бөлігі
11
Сарқырама
Қ
Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су
12
Шығанақ
Л
Айналасын материктер қоршап жатқан ең үлкен су қоймасы
Ойынның шарты:Қазақстанның картасынан қандай теңіздер мен көлдер бар екенін көрсету.
4 аялдама: «Түрлі-түсті теңіздер» ойыны
Ойынның шарты: Мәтінде қандай теңіз туралы айтылып тұрғанын табу.
Бұл теңіз Еуразия және Африка аралығында, литосфералық плиталардың түйісу аумағында орналасқан. Мұнда дүние жүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады. Бұл қай теңіз? (Қызыл теңіз)
Бұл теңіз Солтүстік Мұзды мұхитының ең кішкентай теңізі. Бұл қай теңіз? (Ақ теңіз)
Бұл теңіз мұхиттан оқшауланып Еуразия материгіне ішкері кіріп орналасқан. Осы теңіз жағалауындағы сауықтыру-демалыс орындары, табиғи – климаттық жағдайлары қолайлы ұштасқан курорттары айрықша көзге түседі. Бұл қай теңіз? (Қара теңіз)
Ең үлкен көл- ... (Каспий). Дүние жүзіндегі ең терең көл- ... (Байкал). Арал теңізі бұрын аумағы жөнінен дүние жүзіндегі көлдердің арасында ...( ІІ орынды) алатын. Қазақстандағы Аралдан кейінгі ірі көл - ... (Балқаш). Балқаш көлінің ерекшелігі? (Суының бір жартысы тұщы, бір жартысы тұзды болып келеді).
V. Сабақты қорытындылау.
Сонымен, балалар, бүгін біз сендердің білімдеріңнің арқасында қазыналы аралға келіп жеттік. Сендер тапқан қазына- бүгінгі алған білімдерің.
-Сабақта сен үшін не жаңалық болды?
-Мұзафар Әлімбаев атамыз: Туған жерді сүю- парыз,
Сүю үшін білу- парыз,
Қасиетін ұғу –парыз,
Күзетінде тұру-парыз, -деп айтқан екен. Осы сөздерді қалай түсінесіңдер?
Көлдер мен теңіздердің суы неге ластанады? Өз пікіріңді айт.
VІ. Үй тапсырмасы.
§ 22 параграфты оқу.«Суды қалай қорғау керек?» эссе жазу.