kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Еуразияны? ішкі сулары

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды Еуразия материгіні? ішкі суларымен таныстыру. Оларды? ерекшеілктері мен ма?ыздылы?тарына то?талу.О?улы?пен, картамен ж?мыс істей отырып Еуразия материгіні? ішкі сулары жайлы ал?ан білімді ?орытындылап кесте ар?ылы оларды? ой-?рісін, ойлау и?абілетін, белсенділігін арттыру.О?ушылар?а адам ?міріне ішкі суларды? пайдасы мен ?андай зияны бар екенін т?рбиелік жолмен айтып т?сіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Еуразияны? ішкі сулары»

Астана қаласы №58 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Турузбекова Акмарал Кымбатовна


Сыныбы: 7 «В»

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Еуразияның ішкі сулары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Еуразия материгінің ішкі суларымен таныстыру. Олардың ерекшеілктері мен маңыздылықтарына тоқталу.

2.Дамытушылық:Оқулықпен, картамен жұмыс істей отырып Еуразия материгінің ішкі сулары жайлы алған білімді қорытындылап кесте арқылы олардың ой-өрісін, ойлау иқабілетін, белсенділігін арттыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларға адам өміріне ішкі сулардың пайдасы мен қандай зияны бар екенін тәрбиелік жолмен айтып түсіндіру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі:топтық жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Еуразияның ішкі сулар картасы, оқулық, сұрақтар, каточкалар, тест, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырма сұрау

  3. Жаңа тақырып түсіндіру

  4. Жаңа тақырыпты бекіту

  5. Сабақты қорытындылау

  6. Үй тапсырмасын беру

  7. Бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, оларды топтар бойынша отырғызу, зейіндерін тұрақтандыру.

Топтастыру мақсатында оқушыларға өзен, көл, сарқырама және мұхит атауларымен визиткалар тандауға беріледі. Олар:

Өзендер – Іле, Жем, Еділ, Нұра, Шу

Көлдер – Алакөл, Балқаш, Марқақөл, Үлкен Алматы, Зайсан

Сарқырамалар – Ниагара, Виктория, Анхель, Ливингстонг, Игуасу

Мұхиттар – Тыңық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды

Оқушыларға сабақ барысын айту.

  • Үй тапсырмасы Еуразия географиялық орналасуы, зерттелу тарихы және материгінің жер бедері мен қазба байлықтары, сонымен қатар климаты туралы тест, карточка және кескін карта арқылы сұралады;

  • Жаңа тақырып слайд түрінде қысқаша түсіндіріледі;

  • Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында әр топқа мұғалім үстелінде жатқан Еуразия материгінің ішкі суларына біреуін тандап, оған 5 минут ішінде шығармашылық оймен қорғап береді. Қорғауға 3 минуттан;

  • Қорытындыәр топқа сөзжұмбақтар беріледі, оны шешуге 3 минут және сыныпқа айтып , тексеруге 2минуттан

  • Үй тапсырмасын беру

  • Бүгінгі сабақты бағалау

Әр топтың басшысына бағалау парағын тапсыру.

Бағалау парағы

Сынып: 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Еуразия. Ішкі сулары

Оқушының аты-жөні

бағалары

Жалпы бағасы

Үй тапсырмасы бойынша

Жаңа тақырыпты бекітуі бойынша (плакат)

Жаңа тақырыпты қорыту бойынша (географиялық казино)

Сабақтағы белсенділігі


1








Ескерту. Бағалау шкаласы

Тест бойынша

«5» - 9-10 дұрыс жауап

«4» - 6-8 дұрыс жауап

«3» - 3-5 дұрыс жауап

Карточка бойынша

Сұрақтарға жауаптың толықтығына байланысты 5 баллдық жұйе

Кескін карта бойынша

Дұрыс табылған әр географиялық объект 1 балл


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өтілген тақырыптар бойынша 8 оқушыға 2 нұсқадан тұратын тест, 8 оқушыға карточкалар және 12 оқушыға кескін карта арқылы тапсырмалар.

Тест

І нұсқа

1. Солтүстік Америка материгінің  ең төмен жатқан жері.

а) Каспий теңізі ә) Өлім аңғары

б) Өлі теңіз в) Валдес түбегі

2. Еуразия материгінің ең үлкен түбегі

а)Камчатка ә)Үнді-Қытай

б)Үндістан в)Арабия

Солтүстік Және Оңтүстік Америкаларды біріктіріп тұрған канал

а)Суэц ә)Ла-Манш

б)Панама в)Дрейк

4. Дүние жүзіндегі ең биік шың

а)Джомолунгма ә)Аконкагуа

б)Косцюшка в)Мак-Кинли

5. Қай тау шыңының биіктігі 6960 м

а)Джомолунгма ә)Аконкагуа

б)Косцюшка в)Мак-Кинли

6. Еуразия материгінің солтүстік шеткі нүктесі

а)Челюскин ә)Рока

б)Пиай в)Дежнев

7. Тянь-Шань тауына екі рет саяхат жасаған ғалым

а)Ш.Уалиханов ә)П.П.Семенов

б)Н.М.Прежевальский в)Қ.Сәтпаев

8. Еуропаны Азиядан бөліп тұрған тау

а)Гималай ә)Памир

б)Орал в)Альпі

9. Еуразия шөлдері

а)Тар, Ливия ә)Үлкен Виктория, Гоби

б)Такла-Макан, Атакама в)Такла-Макан, Тар

10. Еуразия материгінің батысы шеткі нүктесі

а)Челюскин ә)Рока

б)Пиай в)Дежнев

ІІ нұсқа

1. Еуразия материгінің  ең төмен жатқан жері.

а) Каспий теңізі ә) Өлім аңғары

б) Өлі теңіз в) Валдес түбегі

2. Африкам мен Еуразияны біріктіріп тұрған канал

а)Суэц ә)Панама

б)Ла-Манш в)Дрейк

3. Норвегия мен Швеция мемлекеттері орналасқан түбек

а)Арабия ә)Үнді-Қытай

б)Үндістан в)Скандинавия

4. Оңтүстік Американың ең биік шың

а)Джомолунгма ә)Аконкагуа

б)Косцюшка в)Мак-Кинли

5. Биіктігі 2230м-ден аспайтын шың

а)Джомолунгма ә)Аконкагуа

б)Косцюшка в)Мак-Кинли

6. Еуразия материгінің шығыс шеткі нүктесі

а)Челюскин ә)Рока

б)Пиай в)Дежнев

7. Қашқарияны зерттеген қазақ ғалымы

а)Ш.Уалиханов ә)П.П.Семенов

б)Н.М.Прежевальский в)Қ.Сәтпаев

8. Еуразиядан Үндістанды бөліп тұрған тау

а)Гималай ә)Памир

б)Орал в)Альпі

9. Еуразия шөлдері

а)Тар, Ливия ә)Тар, Гоби

б)Такла-Макан, Атакама в)Калахари, Ливия

10. Еуразия материгінің оңтүстік шеткі нүктесі

а)Челюскин ә)Рока

б)Пиай в)Дежнев

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

І нұсқа

ә

в

б

а

ә

а

ә

б

в

ә

ІІ нұсқа

б

а

в

в

б

в

а

а

ә

б

Карточкалар:

1 карточка

Еуразия материгінің арктикалық климаттық белдеуіне сипаттама

2 карточка

Еуразия материгінің субарктикалық климаттық белдеуіне сипаттама

3 карточка

Еуразия материгінің қоңыржай климаттық белдеуіне сипаттама

4 карточка

Еуразия материгінің субтропиктік климаттық белдеуіне сипаттама

5 карточка

Еуразия материгінің тропиктік климаттық белдеуіне сипаттама

6 карточка

Еуразия материгінің субэкваторлық климаттық белдеуіне сипаттама

7 карточка

Еуразия материгінің экваторлық климаттық белдеуіне сипаттама

8 карточка

Еуразия материгіндегі биіктік белдеулеріне сипаттама


Кескін карта бойынша тапсырмалар:

Кескін карта бойынша тапсырмалар:

  1. Гималай таулары

  2. Аппенин түбегі

  3. Шығыс Еуропа жазығы

  4. Лимпопо өзені

  5. Балтық теңізі

Кескін карта бойынша тапсырмалар:

  1. Альпі тауы

  2. Периней түбегі

  3. Батыс Сібір жазығы

  4. Атакама шөлі

  5. Амудсен теңізі

Кескін карта бойынша тапсырмалар:

  1. Карпат тауы

  2. Камчатка түбегі

  3. Такла-Макан шөлі

  4. Мексика маңы ойпаты

  5. Фиджи теңізі

Кескін карта бойынша тапсырмалар:

  1. Алтай тауы

  2. Үндістан түбегі

  3. Каспий маңы ойпаты

  4. Үлкен Суайрық жотасы

  5. Охота теңізі

Кескін карта бойынша тапсырмалар:

  1. Памир тауы

  2. Үнді-Қытай түбегі

  3. Гоби шөлі

  4. Эребус жанартауы

  5. Кар теңізі

Кескін карта бойынша тапсырмалар:

  1. Иран қыраты

  2. Корея түбегі

  3. Өлі теңіз

  4. Калахари шөлі

  5. Лаптевтер теңізі

Кескін карта бойынша тапсырмалар:

  1. Тибет тауы

  2. Арабия түбегі

  3. Эребус шыңы

  4. Амазона ойпаты

  5. Саргасс теңізі

Кескін карта бойынша тапсырмалар:

  1. Кавказ тауы

  2. Скандинавия түбегі

  3. Орал тауы

  4. Колорада өзені

  5. Росс теңізі

Кескін карта бойынша тапсырмалар:

  1. Арарат тауы

  2. Таймыр түбегі

  3. Арал маңы ойпаты

  4. Үлкен Виктория шөлі

  5. Бенгал шығанағы

Кескін карта бойынша тапсырмалар:

  1. Алтай тауы

  2. Тар шөлі

  3. Кіші Азия түбегі

  4. Атлас тауы

  5. Филлиппин теңізі

Кескін карта бойынша тапсырмалар:

  1. Альпі тауы

  2. Ұлыбритания аралы

  3. Хонсю аралы

  4. Анд тауы

  5. Бофорт теңізі

Кескін карта бойынша тапсырмалар:

  1. Кавказ тауы

  2. Ирландия аралы

  3. Шығыс Еуропа жазығы

  4. Ниагара сарқырамасы

  5. Белленгаузен теңізі


Жаңа тақырып түсіндіру (слайд арқылы) :

Еуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Мұнда жер шарының көптеген ірі өзендері, көлемді және терең көлдері жерасты суының мол қоры бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Олардың орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланыста келеді.

Өзен торы материктің ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында өте сирек, тек жағалық бөліктеріне қарай жиілейді. Материктің 1/3 бөлігін ішкі тұйық алап құрайды. Солтүстік Мұзды мұхит алабына материктің Ресей жері арқылы ағып өтетін ең ірі өзендері мен Скандинавия түбегенің қысқа өзендері жатады.

Көктемде бастауынан сағасына дейін мұздан біртіндеп босайтындықтан, мұз құрсаулары п.б. су қатты тасиды. Атлант мұхиты алабына еуропалық бөліктегі өзендер жатады. Ірілері: Дунай, Рейн, Висла және т.б. өзендердің көпшілігі таулардан басталатындықта жоғары ағысында шоңғалдар мен сарқырамалар жасап, Тар аңғарларымен арындап ағады. Өзендер әр түрлі климаттық белдеулер арқылы ағып өтетіндіктен, олардың жеке бөліктерінде қоректену көзі әр түрлі болуы мүмкін. Өзендері кеме қатынасына жарамды, ал оңтүстіктегі өзендер егістер мен бау-бақшаларды суаруға пайдаланылады.

Тынық мұхит алабына енетін өзендер биік таулардан басталады, жоғарғы ағысында таулық сипатта болады. Ағыны қатты болғандықтан тау жыныстарын тез бұзады және жылдам ағызып тасымалдайды. Ірі өзендеріне Амур, Янцзы, Хуанхэ, Меконг жатады. Муссондық климат жағдайында өзендердің деңгейі жыл мезгілдеріне қарай өзгереді, қыста географиятық ендікке байланысты кейбіреуі катады. Солтүстіктегі ұсақ өзендерді қоспағанда, барлығы дерлік жаңбыр суымен қоректенеді.

Үнді мұхит алабының ірі өзендеріне Үнді, Ганг, Брахмапутра, Тигр және Евфрат жатады. Бұл өзендер таудан басталатындықтан мұздықтармен, жаңбыр суымен қоректенеді. Жазғы жаңбырлы маусым кезінде өзендердің деңгейі шұғыл көтеріледі. Өзендер негізінен егістік алқабын суаруға пайдаланылады.

Ішкі тұйық алапқа Шығыс Еуропа жазығының, Орал тауы мен Кавказдың едәуір бөлігі, Орта Азия мен Қазақстан жері түгелдей дерлік, Иран таулы қыраты мен Арабия түбегінің ішкі аймақтары жатады. Бұл алқаптағы өзендердің ірілері – Еділ, Жайық, Әмудария мен Сырдарйя, Іле өзендері ғана ішкі көлдерге құяды. Бұл алаптың ірі өзені – Еділ.

Еуразияда көлдер көп, олардың қалыптасуы, аумағы, суының қасиеттері, таралу заңдылығы әркелкі. Ең ірілері – Ресейдегі Ладога, Онега, Скандинавиядағы Венерн, Веттерн көлдері.

Жер қыртысындағы терең жарылыстарды орналасқан көлдерге Байкал, Ыстықкөл, Зайсан, Женева және т.б. көлдер жатады. Байкал – д.ж. суы аса мөлдір, ең терең көл (ең терең жері 1620м).

Еуразиядағы қалдық көлдер қатарына жататындардың ең ірілері: Каспий, Арал, Балқаш, Лобнор және т.б.

Қазіргі заманғы мұз басу Еуразияның солтүстігіндегі аралдарда (Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф Жері архипелагы, Жаңа Жер аралының солтүстігі), сондай ақ биік тауларда (Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Памир, Тибет, Гималай) таралған. Памир тауында материктегі ең ірі Федченко мұздығы (ұз. 77км) орналасқан.

Көпжылдық тоңдар Еуразияның солтүстігіндегі үлкен алқапты алып жатыр. Тоңдардың оңтүстік шекарасы Монғолияға дейін жетеді. Тау жыныстарының тоңды қабатында мұз жатады, оның қалыңдығы Кола түбегінде бірнеше метр болса Таймыр түбегінде 1500м-ге дейін жетеді. Жазда тоңды қабат 40-15см тереңдікке дейін ериді. Ғалымдар көп жылдық тоңның п.б.-лу себебін қатал климат жағдайында жылдық орташа температура 0ºС-тан төмен болуымен және қардың жұқа болуымен түсіндіреді. Мәңгә тоң қабатының қалың болуы оның өте ертеде қалыптасқандығын дәлелдейді.

Батпақтар жауын-шашынның булану мөлшерінен артық болатын жазықтар мен көп жылдық тоң бар аудандарда кең таралған. Еуразияда Жер шарындағы батпақтардың 80%-ы орналасқан. Батпақтар, әсіресе, Батыс Сібір жазығы мен Полесье, Мещера, Амур брйы, Колхида ойпаттары мен Балтық бойында көп. Шымтезекті батпақтардан шымтезек (торф) өндіріледі. Батпақты аудандарды құрғату арқылы шабындықтарға, егістіктерге айналдыруға болады.

Еуразия материгінде жер асты суларының да мол қоры бар. Жер асты сулары өте таза болғандықтан ауыз суы ретінде пайдаланылады. Әсіресе қабатаралық (артезиан) суларының маңызы зор. Ірі артезиан алаптары Батыс Сібір мен Қазақстан, Орта Азия мен Монғолия жерлеріне тән. Әлемдік курорттар мен демалыс орындары құрамы әр түрлі минералды суларға бай аудандарда (Солт. Кавказ, Карпат, Оңт. Еуропа, Алтай, Тянь-Шань таулары және т.б.) орналасқан.


Жаңа сабақты бекіту:

Әр топқа мұғалім үстелінде жатқан Еуразия материгінің ішкі суларына біреуін тандап, оған 5 минут ішінде шығармашылық оймен қорғап береді. Қорғауға 3 минуттан;


Атауы


Ұзындығы

Алабының ауданы, мың км²

Орташа су шығыны, м/сек

Еуразия

Янцзы

Обь (Ертіспен бірге)

Амур (аргуньмен бірге)

Хуанхэ

Меконг

Лена

Енисей

Еділ (Волга)

Үнді

Евфрат

Брахмапутра

Дунай

Ганг

Аравади


5800

5410

4440

4845

4500

4400

4102

3531

3180

3065

2900

2850

2700

2150


1808

2990

1855

771

810

2490

2580

1360

980

63

935

817

1120

430


34000

12700

10900

2000

11200

17000

19800

7710

3850

3850

12000

6430

13000

13000


Қорытынды. Әр топ «Географиялық казино» ойының ойнайды. Ойын ержесі бойынша әр топқа 500 тенге көлемінде несие беріледі. Сол ақшаны бірінші сұраққа бас тігіледі. Сұрақ барлық топтарға бірдей қойылады. Әр топ алдына «1», «2» және «3» деген казино төртбұрыштары қойылады. Сұрақ жауабын қайсысы дұрыс десе сол төртбұрышқа ақша салынады. Дұрыс жауап айтылғанда, жеңіс не жеңіліс екенін анықталады.

  • Еуразияның ішкі сулары неше алапқа қарайды

1)3 2)4 3)5*

  • Тыңық мұхит алабына қарайтын өзендер?

1)Дунай 2)Янцзе* 3)Үнді

  • Атлант мұхит алабына қарайтын өзендер?

1)Хуанхе 2)Тигр 3)Рейн*

  • Үнді мұхит алабына қарайтын өзендер?

1)Амур 2)Ганг* 3)Меконг

  • Дүние жүзінің аса мөлдір суымен және ең терең көл болғанымен әйгілі көл?

1)Каспий 2)Балқаш 3)Байкал*


Үй тапсырмасын беру

Үйге §20 оқу, мазмұны

Кескін картаға Еуразияның ішкі суларын түсіру

Еуразияның ішкі суларына байланысты қызықты ақпарат жинап келу

Бағалау

Сабақтың қалай өткендігін және оқушылардың қызығушылығы мен ынталарын ескеріп, оқушыларға мақтап айтып өту немесе кері жақтарын айту


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Еуразияны? ішкі сулары

Автор: Турузбекова Акмарал Кымбатовна

Дата: 15.03.2016

Номер свидетельства: 306009

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Еуразия ішкі сулары"
    ["seo_title"] => string(22) "ieuraziia_ishki_sulary"
    ["file_id"] => string(6) "445187"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1513661446"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Еуразияның ішкі сулары"
    ["seo_title"] => string(27) "ieuraziianyn_ishki_sulary_1"
    ["file_id"] => string(6) "445198"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1513664632"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Еуразияны? ішкі сулары 7- сынып"
    ["seo_title"] => string(29) "ieuraziianynishkisulary7synyp"
    ["file_id"] => string(6) "311230"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459173412"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Еуразияның ішкі сулары"."
    ["seo_title"] => string(24) "euraziianyn_ishki_sulary"
    ["file_id"] => string(6) "521397"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1569840557"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Еуразия материгінің ішкі сулары ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(50) "ieuraziia_matierighinin_ishki_sulary_ashyk_sabak_1"
    ["file_id"] => string(6) "436336"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509639614"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства