Сабақ тақырыбы | §8. Ел халқының жастық-жыныстық құрамы және денсаулығы |
Мақсаты: | Халықтың жастық-жыныстық құрылым мен денсаулығы туралы оқып үйрену |
Күтілетін нәтиже: | А)Халықтың туу және өлім деңгейі туралы біледі; В) Қазақстан халқының жастық-жыныстық пирамидасын ажыратып, кестеге түсіре алады; С) Халықтың денсаулығына сипаттама бере отырып, талдай алады; |
Сабақтың көрнекілігі | Оқулық, бағалау парақтары, кесте, диаграмма, визуалды айғақтар, слайд, бейнеролик, қиынды суреттер, доп, рефлексия парағы, стикерлер, http://kivvi.kz/watch/91lg4myz5j58/ |
Әдіс-тәсілдер | «Стикердегі диалог», ассосация, .«Тақырыптық теннис», сәйкестендіру, «Екі жақты күнделік», «Серпілген сауал», «Post-it» |
Уақыты | Мұғалімнің іс -әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Кіріспе (10 мин) | -сынып оқушыларымен амандасып, сыныпта жағымды орта орнату -сынып оқушыларын Қазақстанның жұлдызды жұптарының аттары арқылы жұптастыру. (2 мин) Тоқтар мен Бейбіт, Қыдырәлі мен Қарақат, Құралай мен Мирас, Жанболат пен Жазира, Бүркіт пен Айша, Сәбит пен Алтынай, Медет пен Клара -үй тапсырмасын тексерместен бұрын бағалау парағын тарату; (жұптық бағалау) -үй тапсырмасын «Стикердегі диалог» әдісімен тексеру; (5 мин) «Болашақтағы халық санын арттыру үшін қандай үлес қосар едің?» (3 мин) | Оқушылар мұғаліммен амандасып, көңіл-күйлерін айтады; Оқушылар Қазақстанның жұлдызды жұптарының аттары арқылы жұптасады. Оқушылар бағалау парақтарын алып, сабақтың әр кезеңінде жұптарын бағалап отырады. Оқушылар берілген сұрақтарға шынайы, әрі жылдам жауап беруге тырысады. Сыныптан 1-2 оқушы сұраққа жауап береді. |
Тұсаукесер (2 мин) | Оқушыларға визуалды айғақтар ретінде суреттер көрсетіледі. Оқушыларға Қазақстанның жұлдызды жұптары атымен жұптасуының мәнін сұрап, жаңа сабақпен байланыс орнату. (2 мин) | Оқушылар сол суреттерге ассосация жасай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын айқындайды; Жаңа сабақтың тақырыбын анықтаған соң дәптерге жазып алады. |
Негізгі бөлім (25 мин) | Оқушыларға мәтінмен жұмыс беріледі. (5 мин) Мәтінмен танысып болған соң оқушыларға жұпта тапсырма беріледі. Тапсырмалар: 1.«Тақырыптық теннис» әдісін жұпта тақырыпты талдауға беру. (5 мин) 2. Ресурс қағаздарына 5 кесте бойынша диаграмма құру, түсіндіру; (5 мин ) 3. Сәйкестендір. (2 мин) 4. «Екі жақты күнделік» (5 мин) Ғалымның ойы | Менің тұжырымым | Денсаулық сақтау жүйесі қалыптасқан елдермен салыстырғанда елімізде медицинаның бәсекелестік қабілеті төмен | Келсемін, себебі.... | Келіспеймін, себебі...... | 5. Сабақ соңында оқушыларға http://kivvi.kz/watch/91lg4myz5j58/ сайтынан бейнебаян көрсетемін. (3 мин). Бұл бейнебаянда қазіргі еліміздің демографиялық жағдайы туралы статистикалық мәлімет берілген. Еліміздегі туғандар мен өлім-жітім, сондай-ақ қартаю үрдісі туралы мәлімет айтылады. | Мәтінді оқып шығады. 1.«Тақырыптық теннис» әдісі бойынша оқушылар жұпта осы сабақта білгендерін ортаға салады, яғни берілген шкала бойынша бір-бірін бағалайды. 1-3 =3 ұпай 4-8 =4 ұпай 9-15 =5 ұпай 2.Оқушылар берілген қағазға кестені диаграмма түрінде түсіреді. Көршісі 3 баллдық жүйемен бағалайды. 3. Оқушылар суреттер мен цифрларды жұпта жылдамдыққа сәйкестендіреді. Дұрыс жауаптар оқылып, қатемен жұмыс орнайды. Критериймен бағалау. Барлығы – 3 ұпай 5-4 дұрыс – 2 ұпай 3-1 дұрыс 1 ұпай 4. Оқушылар берілген күнделік бойынша өз ойларын айтады. Оқулықтағы мәліметтерді өмірмен байланыстыра отырып, өз ойларын дәлелдейді. Мадақтау, ынталандыру арқылы бағалау 5. Оқушылар бейнебаянды тамашалап, сұрақтары болса, мұғалімге сұрақ қояды. |
Қорытынды (8 мин) | Сабақты «Серпілген сауал» әдісімен әрі сабақты бекітіп, әрі сергіту мақсатында қорытындылау (3 мин) Кері байланыс: «Post-it» әдісімен алу (2 мин) Бағалау. Жұптарында критерий бойынша бағаланған ұпай саны бойынша бағаланады. (2 мин) Үйге тапсырма: (1 мин) - §8. Ел халқының жастық-жыныстық құрамы және денсаулығы тақырыбын қайталау - «Салауатты Қазақстан» бағдарламасымен танысып, сұрақтар дайындап келу | Оқушылар бір-біріне жаңа сабақты қорытындылап сұрақ қойып жауап алады. Оқушылар тақтада ілініп тұрған смайликтерге барып өз стикерлерін іледі. Бүгінгі сабақ бойынша «Түсінгенін», «Қиындық болғанын», «Түсінбегенін» жазады. |