kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: «Дүниежүзілік мұхит», «материк», «арал», «түбек», «теңіз» (шеткі, ішкі), «шығанақ», «бұғаз» ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру. Картадан мұхиттарды, теңіздерді, материктерді көрсете білу және сипаттай алуға үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері»

Сабақ:№14 Сыныбы: 10 а Күні:

Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
«Дүниежүзілік мұхит», «материк», «арал», «түбек», «теңіз» (шеткі, ішкі), «шығанақ», «бұғаз» ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру. Картадан мұхиттарды, теңіздерді, материктерді көрсете білу және сипаттай алуға үйрету.
Дамытушылық:
Ойларын жинақтай білуге, өз бетімен еңбектену іскерліктерін, ойлау қабілеттерін, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:
Жолдастарына көмек беру, тапқырлыққа, белсенділікке, табандылыққа, табиғи ортаны аялай білуге тәрбиелеу, географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, тест жұмысы, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің физикалық картасы, оқулық, суреттер, кескін карта,қосымша деректер
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
а) Сәлемдесу.
ә) Түгендеу.
б) Сабаққа назар аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Топпен жұмыс.

І- топ Тынық мұхиты

ІІ- топ Атлант мұхиты

«Кім жылдам?»

  1. Гидросфера дегеніміз не? (су қабығы)
    2. Табиғатта су неше күйде кездеседі? (үш күйде)
    3. Физикалық картадан гидросфераның қандай бөліктерін көруге болады? (өзен, көл, мұхит, теңіз, мұздықтар)
    4. Судың мұхиттан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін не деп атайды? (дүниежүзілік су айналымы)
    5. Табиғаттағы судың рөлі қандай? (маңызы өте зор, сусыз тіршілік жоқ)
    6. Үйде дайындаған: Cуға қатысты мақал - мәтелдер, суға қатысты тиым сөздер сұрау.
    ( «Бұлақ көрсең көзін аш», «Сулы жер – нулы жер», «Өзен жағалағанның өзегі талмайды», «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Судың да сұрауы бар», «Таза су ең алдымен адам денсаулығының басты кепілі», «Лас суда лаң көп», «Су бүлінсе, сүлдең қалар, ауру асқынса, мүрдең қалар», «Су өткен жерге өсімдік шығады», «Су - табиғаттың ажары», «Су біткен жерде өмір де бітеді» т. б.)
    7. Сонымен судың пайдасы мен маңызы зор, сусыз тіршілік жоқ екені белгілі. Суды қорғау үшін не істеу керек?
    ( - ретсіз пайдаланбау;
    - зауыт, фабрикалардан шыққан қалдықтарын суға төкпеу;
    - тазартқыш қондырғыларынан сүзіп өткізу;
    - мемлекеттік заңда көрсетілген өзен, көл суларын қорғау туралы іс - шаралар
    орындалып отыруын қадағалау.)



  2. «Миға шабуыл» стратегиясы бойыншаГидросфераның құрамдас бөліктерін атап, тақтаға топтастыру.
    Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу (МҰХИТТАР)
    Сұрақтары:
    1. Су тек мұз түрінде кездесетін ғаламшар?(Марс)
    2. Гидросфераның құрамдас бөлігі (Мұздық)
    3. Судың көп бөлігін алып жатқан гидросфераның бөлігі / яғни 97 пайызын (мұхит)
    4. Су қабығы (гидросфера)
    5. Қайда 20 млрд км3 су бар? (мантия)
    6. Гидросфераның тығыз байланыстағы қабығының бірі (атмосфера)
    7. Мұхиттардағы, атмосферадағы, өзендердегі, көлдердегі, мұздықтардағы, жер астындағы сулар үнемі неде болады? (айналым)
    8. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың ішіндегі тек қай ғаламшарда су сұйық күйінде кездеседі? (Жер)

    ІІІ. Жаңа сабақ.
    Мұғалімнің кіріспе сөзі:
    Балғын бөбек ақыл – ойдан нәр алған,
    Айтты суға, ағып тұрған краннан:
    - Сен қайдансың? Неден пайда болғансың?
    - Мұхиттанмын, мен мұхиттан жаралғам!
    Сосын бөбек ақыл – ойдан нәр алған,
    Көк орманда жасыл – желек оралған.
    - Сен қайдансың? – деп сұрады шықтан бір.
    - Мұхиттанмын, мен мұхиттан жаралғам!
    - Сен, газды су, көпіршік боп таралған,
    - Біліп қой, дос, мен шалғайдан келгенмін.
    - Мұхиттанмын, мен мұхиттан жаралғам!
    Балғын бөбек ақыл – ойдан нәр алған,
    Боз тұманнан, бұталарға оралған.
    - Сен қайдансың? – деп сұрады, ол айтты:
    - Мен де, досым, Көк мұхиттан жаралғам!
    Ғаламат па? Болмаңыздар шүбәлы,
    Бозғылт тұман, мама бұлттар шұбады.
    Ішкен шайың, қырау мен шық, әр тамшы,
    Барлығы да мұхиттан боп шығады!
    Ендеше балалар, жер ғаламшарындағы барлық судың атасы, адамзатқа әлі түсініксіз болып жатқан өзгеше әлем дүниесі – мұхиттар әлеміне арналған сабағымызды бастайық.

    - Мұхит деп нені айтады? Мұхит деп жер бетінің 3\4 бөлігін алып жатқан орасан зор суды айтамыз, егер глобусты шыр айналдырып қарасақ көгілдір түстің басым екенін көреміз. Ол дүниежүзілік мұхит деп аталады, оның үлесіне бүкіл жер бетінің 361млн. шқ. тиеді. Дүниежүзілік мұхит бір - біріне жалғасып жатқан жеке - жеке төрт мұхиттан тұрады. Дүниежүзілік мұхиттың кез – келген нүктесінен келесі нүктесіне құрлыққа аяқ баспай жетуге болады.
    - Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлықты материктер немесе континенттер деп атайды. Дүние жүзінде алты материк бар.
    (оқушылар материктерді атайды)

Мұхиттардың атауы.- 1520 – 1521 ж. ж. Ф. Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде алғаш рет Тынық мұхитын жүзіп өткен, сол сапарында ешқандай дауылға, цунами толқындарына ұшырамағандықтан, оған «Тынық мұхит» деп ат қойған. Шын мәнінде ең тынышсыз, дауыл жиі болып тұратын мұхит.
- Ежелгі еуропалықтар өздерінен батыста орасан зор құрлық бар деп есептеген, қиялдарынан шыққан бұл құрлықты Атлантида деп атаған және оны су астына батып кетті деп болжаған, ал Атлантида құрлығы батқан су айдыны Атлант мұхиты деген атқа ие болып қалған деген болжам бар.
- Ал Үнді мұхитының атауы португалдық теңізде жүзуші Васко да Гаманың тұңғыш рет осы мұхитты жүзіп өтіп Үндістанға баруымен байланысты.
- Солтүстік мұзды мұхитының аты айтылып тұрғандай солтүстікте орналасқандықтан және бетін мұз басып жататындықтан осылай аталған.


«Кім тез?» Алтын сандық тапсырмасымен жұмыс
- Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған бөлігі арал деп аталады. (картадан Гренландия, Мадагаскар, Исландия аралдарын табыңдар)
- Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігін түбек деп атайды.(Пиреней, Үндістан, Апенин т. б.)
Тәжірибе алаңы.1 л суға 30-35 грамм тұз салып, дәмін тату.Осындай кермек дәм- теңіз суының дәміне ұқсас болып келеді.
Мұхит бөліктері.
«Шеберлігіңді шыңда» кезеңі.Мұхиттан келген хат.


Теңіздер- деп мұхиттың құрлықпен, аралдармен немесе су асты қыраттарымен азды көпті бөлініп жатқан бөліктерін атайды.
Шеткі, Ішкі
Баренц, Карск, Лаптевтер Жерорта, Қара, Азов, Балтық
т. б

Бұғаз - құрлықты екіге бөліп тұрған және көршілес екі су алабын жалғастыратын жіңішке су алабы.
(Дрейк, Магеллан, Гибралтар, Ла - Манш)

Шығанақ - Мұхиттың, теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі
(Калифорния, Мексика, Гудзон, Бенгаль)

ІV. Бекіту.
1. Картамен жұмыс. (кескін картаға мұхиттар мен материктердің аттарын жазу)
3. «Сандар сөйлейді» ойыны (Ұяшық таңдау арқылы сандардың мәнін ашу)
361 млн км2, 92 млн км2, 11022 м, 180 млн км2, 8742 м, 5527м, 75 млн км2, 7729 м, 14 млн км2
4. «Ең, ең, ең...» ойыны
Ең үлкен материк. Еуразия
Ең үлкен мұхит. Тынық
Ең терең шұңғыма. Мариан
Ең суық мұхит Солтүстік Мұзды мұхиты
Ең таяз мұхит Солтүстік Мұзды мұхиты
Ең жылы мұхит Үнді мұхиты
Ең терең мұхит Тынық мұхиты
Ең кіші мұхит Солтүстік Мұзды мұхиты
Ең ұзын мұхит Атлант мұхиты
Ең енді мұхит Тынық мұхиты
Ең кіші материк Австралия

V. Қорытынды.
Жаратылыстары адам қайран қаларлық таңғажайып тіршілік иелері мұхит астында өмір сүруде. Асқан ақылдылықпен, ғажайып шеберлікпен жаратылған бұл дүниені ғалымдар енді ғана ашқан мұхит суларының араласпау құпиясын біле отырып, әлемнің әлі ашылмаған жұмбақ сырлары, ғажайып құпияларының көптігін байқаймыз.

ҮІ.Бағалау:
VІІ. Үйге тапсырма
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері

Автор: КасеноваГульхан Кайбылдаевна

Дата: 13.12.2016

Номер свидетельства: 369110

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Д?ниеж?зілік м?хит ж?не оны? б?ліктері "
    ["seo_title"] => string(45) "duniiezhuzilik-mu-khit-zh-nie-onyn-boliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "135236"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416889650"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Конспект урока по тему "Д?ниеж?зілік м?хит ж?не оны? б?ліктері" "
    ["seo_title"] => string(70) "konspiekt-uroka-po-tiemu-duniiezhuzilik-mu-khit-zh-nie-onyn-boliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "194037"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427722271"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) ""Д?ниеж?зілік м?хит ж?не оны? б?ліктері" ?ыс?а мерзімді саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(66) "duniiezhuzilikmukhitzhnieonynboliktierikyskamierzimdisabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "280614"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453394104"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Дүниежүзілік мұхиттар және оның бөліктері"
    ["seo_title"] => string(48) "duniiezhuzilik_mu_khittar_zh_nie_onyn_boliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "363981"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480439735"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Д?ниеж?зілік м?хит "
    ["seo_title"] => string(22) "duniiezhuzilik-mu-khit"
    ["file_id"] => string(6) "136398"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417100193"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства