СЛАНБЕКОВА КАРЛЫГА БОРАНКУЛОВНА
Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің
тарих және география пәндерінің оқытушысы
Балқаш ауданы, Бақанас ауылы
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Дүниежүзілік мұхит проблемаларының туындауы, проблеманың мәні мен шешу мүмкіндіктері туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Студенттердің сыни ойлау, шешім қабылдай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғаттың сұлулығын аялауға, табиғаттағы өзгерістерді сезуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, карта, видео
Пәнаралық байланыс: тарих, қоршаған ортаны қорғау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу, түгендеу.
-Психологиялық ахуал
-Сандар арқылы топқа бөлу
ІІ. Мақсат қою:
«Болжау стратегиясы» жұмбақ хаттар арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын болжау.
Хаттардағы сұрақтар:
1.Гидросфераның ірі бөлігін ата?
2. «Океанология» ғылымы нені зерттейді?
3. Француз зерттеушісі Жак Кусто жүзіп өтіп, мінезіне сипаттама беріп, сол сипаттама
мен аталған ? Бұл не?
Сонымен балалар, бүгінгі сабақ не туралы болмақ? Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы «Дүниежүзілік мұхит проблемалары»
ІІІ. Жаңа сабақ:
«Дүниежүзілік мұхит» туралы видео көрсету
Қызығушылығын ояту: «Күн шуағы» ойыны
Шарты: аспанды бұлт жауып тұр, бұлттардың артында сұрақтар берілген, міне біз берілген тапсырмаларды орындау арқылы күннің нұрын, сәулесін ашамыз.
1. Мұхит сөзінің мағынасы?
2. Мұхиттың ауданы?
3.Мұхит суының жалпы көлемі?
4. Мұхит суының құрамы?
5. Мұхит суының басты қасиеті ?
6.Мұхит суының тұздылығы?
7. Ең кіші мұхит?
8. Дүниежүзілік мұхиттардың көлемі?
9. Ең үлкен мұхит және оның ауданы?
10. Тынық мұхитының ең терең жері ?
2. «Мағынаны тану»
А) джигсо әдісі
Б) топтастыру стратегиясы «Мұхитты пайдалану»
В) Постер қорғау: «Менің географиялық зерттеулерім»
-Дүниежүзілік мұхит не себепті ғаламдық проблемаға айналып отыр?
-Мұхит суының ластануы және оны шешу жолдары ?
ІҮ.Бекіту:
3. «Ой толғаныс»
«Футбол» ойыны
1. Дүниежүзілік мұхит проблемаларын шешу жолдары?
2. Дүниежүзілік мұхитты ластаушы факторлар?
3. Дүниежүзілік мұхиттағы мұнай өнімдерімен қатты ластанған аудандарды табыңдар?
4. Дүниежүзілік мұхиттағы ең лас аудан?
5. Лас суларды көп әкелетін өзендер?
6. Дүние жүзілік мұхиттың тіршілік үшін маңызы қандай?
«Кубизм» стратегиясы
1. Теңіз шаруашылығы дегеніміз не?
2. Дүниежүзілік мұхитқа шыға алмайтын елдер мұхит суын ластауға қатысуы мүмкін бе?
3. Мұхит суларының ластануы қандай ғаламдық проблемаларды туғызуы мүмкін?
4. “Теңіздер хартиясы” қашан қабылданды?
5. Дүниежүзілік мұхитқа неше тонна мұнай құйылуда?
6. 1 м ³ лас су неше м³ мұхит суын ластайды?
«Сандар сөйлейді»
1843 жыл
1858 жыл
1955-1956
1990 жыл
1982 жыл
ҮІІ. Қорытынды: бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: § 60 оқу, мазмұнын айту