Тақырыбы: Дүние жүзінің табиғат ресурстары
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты: Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру, табиғат ресурстарға шаруашылық баға беруге үйрету, жекелеген табиғат ресурстарының таралу заңдылығы мен негізгі ерекшеліктері туралы білім беру.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 86-беттегі оқулық картасы., 10 сыныптың атлас картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Түсіндіру, сұрақ -жауап әдісі
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең –үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ кезең -жаңа сабақты түсіндіру
ІҮкезең – білім мен икемділіктерін бекіту
ІV кезең – қорытындылау:
V кезең – бағалау.
VІ кезең – үйге тапсырма беру:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті | |||||||
І | Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. | Оқушылар сабаққа даяр отырады. | |||||||
ІІ | Қоғам мен табиғат арасындағы байланыс, табиғат ресурстарының жіктелуі. 1.Табиғат дегеніміз не? 2.Адам күрделі «табиғат-қоғам» жүйесі дегенді қалай түсінесің? 3,Оқулықтағы 2- сызбанұсқаны талдап бер? Бұл сызбаны аяқтаңыз. Сарқылатындарға және сарқылмайтындарға қандай табиғат ресурстар жататынын ойлаңыз.
| Ең алдымен балалар сұрақтарға жауап береді. Сосын табиғат ресурстарын есіңе түсіріп, оларға анықмата береді.
Сосын табиғат ресурстарының жіктемелерін айтады (қолдану аясына қарай, сарқылу дәрежесіне қарай, пайда болу көздері) | |||||||
ІІІ ІҮ | Ең алдымен балаларға осындай сұрақтарды қояды: 1. Табиғат ресурстары дегеніміз не? 2. Неліктен физикалық географияда пайдалы қазбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың, топырақ жамылғысының, судың таралуына көп көңіл бөлінеді? 3. Қазақстан қандай табиғи қорлар жөнінен әлемдік орындарға ие? 4. Неліктен қазіргі табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселелеріне көп көңіл бөлінуде? Сосын барлық табиғаттағы байлығын табиғи ресурстары делінетіні, адам өмірінде олардың қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдаланылатыны да табиғи ресурстары деп аталатынын айтады. Оқушыларды сандар бойынша 3 топқа бөлу: Әр оқушы сызбада көрсетілген тапсырмаларды жеке-жеке орындап, талдап айтып шығады.
І-топ: Минералдық, жер ресурстары ІІ-топ: Тұщы су, орман ресурстары ІІІ-топ: Мұхит,климаттық ресурстар
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқушыларға келесі тапсырманы береді: 1. Минералдық ресурстары дегеніміз не? Олардың маңызы қандай? Мысал келтіріңіз. 32 Жер ресурстары дегеніміз не? Олардың маңызы қандай? Олар республикамыздың қай өңірлерде көбірек таралғанын анықтаңыз. 3.Тұщы су ресурстары дегеніміз не? Олардың маңызы қандай? 4. Орман ресурстары дегеніміз не? Олардың маңызы қандай? Дүние жүзінің қай өңірлерде су қоры көп, қай аймақтар суға тапшы? 5. Дүниежүзілік мұхит ресурстары дегеніміз не? Олардың маңызы қандай? Олар дүние жүзінде қалай таралған? 6. Табиғи қорларды тиімді пайдаланудың негізгі жолдарын көрсетіңіз | Ең алдымен балалар өз беттерінше табиғат ресурстары туралы сұрақтарға жауап береді..
Оқушыларға өткен тақырыпты бекіту мақсатында бірнеше сұрақтар қойып тез-тез жауап алу әдісін қолдану. Оқушыларды өз ойларын толық жеткізу және есте сақтау қабілетін арттыру. |
Сабақ барысы:
V. Қорытындылау: | (сұрақ-жауап)
|
VІ.Рефлексия: | Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі |
ҮІІ.Бағалау: | Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. |
ҮІІІ.Үй тапсырмасы: | Оқулық бойынша тапсырма § 9. 82 беттен оқу 86 беттегі картаны талдап келу. Өңделетін егістік жерді кескін картаға түсіру. |