kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Демографиялық мәселе және оны шешу жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі демография болып табылады.Бұл мақалада Қазақстанның әр облысының демографиялық көрсеткіштерін қарастырамыз

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Демографиялық мәселе және оны шешу жолдары»

Мақала

Демографиялық мәселе және оны шешу жолдары

Аятхан Бейбітгүл

Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез – құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім бүтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің ахуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор.2015ж. 1 ақпанға еліміздегі халық саны 17 439,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 646,3 мың (55,3%), ауылдықтар – 7 793,0 мың адамды (44,7%) құрады. 2014 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 252,3 мың адамға немесе 1,5% өсті. Табиғи өсім шамасының артуы еліміздің 10 аймағында (Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан  облыстарынан басқаларында) байқалды.Республикада халықтың табиғи қозғалыс процесін бейнелейтін көрсеткіштердің жалпы деңгейі артуда.2014жылғы қаңтар-қарашада туылғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда еліміздің барлық (Қарағанды, Қостанай, Қызылордадан басқа) облыстарында өсті.Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан сияқты облыстарда бала туу деңгейі республикалық орташа деңгейден жоғары (1000 адамға – 17,3 22,8 нәресте).Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Сотүстік Қазақстан облыстарында халықтың өлу деңгейі жоғары (1000 адамға –11,8-12,6 өлім) Төрт облыста (Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан)  өлгендер саны туылғандардан басым, яғни табиғи кему процесі жүріп жатыр.Республикадағы барлық тіркелген өлім жағдайларының жартысына жуығы қан айналымы жүйесі ауруларының еншісінде, мұның өзінде Батыс Қазақстан. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстары мен Алматы қаласында осы себептерден өнім үлесі осы аймақтарда өлгендердің жалпы санынан 50 жоғары.2015жылдың қаңтар-қарашасында республикада 1 жасқа дейінгі 3,9 мың нәрістенің шетінегені тіркелді немесе бұл 1000 нәрестеге 19,5 жағдай (1999 жылғы қаңтар – қарашада – 4 мын немесе 1000 нәрестеге 20,2 шетінеу).2000 жылдың есепті кезеңінде сәбилер өнімінің деңгейі өткен жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда Алматы (1000 туылғанның 16-дан 13,9 на дейін), Ақмола (23,8 ден 16,8 ге дейін), Атырау (21,1 ден – 18,2 ге дейін), Батыс Қазақстан (20,7-ден-18,7 ге дейін), Қарағанды (20,5 тен 19-ға дейін), Маңғыстау (30,5 тен 25,8-ге дейін). Солтүстік Қазақстан (18,7 ден 16,4-ке дейін) облыстарында және Алматы (16,2-ден 15-ке дейін) Астана қалаларында (18,1 – ден 16,3 – ке дейін) кеміді.

Алайда сәбилердің шетінеуі Павлодар (1999 жылдың қаңтар – қарашасындағы 25-тен 2000 жылғы қаңтар – қарашада 25,8 – ге дейін), Жамбыл (21,4 тен 23,9 ға дейін), Қызылорда (22,5 тен 23,3 – ке дейін), Қостанай (20,8 – ден 22,1 – ге дейін) және Ақтөбе (18,5-тен 22-ге дейін) көбейгені атап айту керек. 1 жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеу себептерінің құрылымында аса жоғары (60-дан астам) бағалы салмақ тыныс алу органдары мен шарана кезінде пайда болатын патологиялық ауруларға түсіп түр. Ал 1-5жасар сәбилер көбінесі қабынудан шетінейді (осы жастағылардың жалпы санының 17,6).

2015 жылдың 11 айында елімізді тұтастай алғанда тіркелген неке – 83,8 мың, ажырусы 25,3 мың (немесе 1000 адамға 6,2 неке қиылып, 1,9 ажырасу), ал 1999 жылғы қаңтар – қарашада тиісінше 78,9 мың неке және 23,6 мың ажырасу немесе 1000 адамға 5,8 неке қиылып, 1,7 ажырасу орын алды.2000 жылғы қаңтар-қарашада көшіп қонушылар саны – 347, 6 мың адам (1999 жылғы осы кезеңде – 346 мың болған). 1999 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда былтыр еліміздегі халықтың көшіп-қонуынан шеккен шығыны 2,2 қысқарып, 116,7 мың адам болды.Мемлекетаралық көшіп-қону байланыстарының ішінде Қазақстан үшін ТМД елдерімен айырбастау аса қарқынды  болды. 2015жылдың 11 айында жалпы көшіп-кетушілердің 75 процент осы елдерге кетті. Сыртқы көшіп-қону бойынша жаппай кетушілік Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарында орын алды.ТМД   елдеріне кетушілердің жалпы санының 69,9 пайыз орыстар, ал ТМД-дан тыс елдерге кетушілердің 63,3 пайыз- немістер.

2015 жылдың қаңтар – қарашасында еліміздің шегінде олай-былай орын ауыстыру өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,9 мың адамға немесе 6,9 процент – қа көбейген. Мұның өзінде көшіп-қону қарқының көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда былтыр 114 болса, 2011 жылғы қаңтар-қарашада 106 еді. Облыс аралық алмасуда теріс көшіп-қону сальдосы республиканың көптеген облыстарында орын алды, аса көбі Алматы (-2,9 мың адам), Оңтүстік Қазақстан (-2,8 мың), Қостанай (-2,5 мың), Шығыс Қазақстан (2,4 мың) және Жамбыл (-2,2 мың) облыстарында байқалды. Облысаралық алмасуда оң және аса көп өсім бұрынғыша Алматы (9,7 мың) және Астана (6 мың) қалаларының еншісіне тиеді.Соңғы халық санағының мәліметтеріне қарағанда, елдегі тұрғындар саны 1 миллион 246 мың адамға, 7,7 процентке азайған. 1989 жылы Қазақстандықтардың саны 16 миллион 199 мың адам болса, қазір 14 миллион 953 мың адамды құрайды. 2724,9 мың шаршы км. Жерді алып жатқан Қазақстанның әрбір шаршы километріне 5,5 адамнан келеді. Бұл Қазақстанның әлемдегі халық аз қоныстанған елдер қатарында екендігін оңғартады.Тұрғындар санының күрт кемуі Қарағанды (335210 адамға немесе 19,1 пайыз) Шығыс Қазақстан (236201 адамға немесе 13,4 пайыз), Ақмола (228135 адамға немесе 21,5 пайыз), Қостанай (206115 адамға немесе 16,7 пайыз), Солтүстік Қазақстан (186085 адамға немесе 20,4 пайыз), Павлодар облыстарында (135330 адамға немесе 14,5 пайыз) анық байқалуда.

Қазақстандықтар санының кемуі өлке тұрғындарының демографиялық құрылымындағы ерекшеліктерге байланысты. Дәлірек айтқанда, орыс тілді тұрғындардың атамекеніне көшуінен және табиғи өсімінің төмен деңгейде болуынан туындауда.Ресми статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56 пайызы қалаларды, 44 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Тұрғындардың урбанизациялану деңгейіне қарай Қарағанды (қала халқының үлес салмағы 82,2 пайыз), Маңғыстау (78,4 пайыз), Павлодар (63,4), Қызылорда (60,5) , Шығыс Қазақстан (58,8), Атырау (58,2), Ақтөбе (56,2) Қостанай (54,2) облыстары ерекшеленеді.Қазақстан тұрғындарының этникалық құрамында қазақтар мен орыстардың үлес салмағы басым Қазақтардың үлес салмағы жыл өткен сайын өсіп келе жатса, орыстардың саны  70 – жылдардың соңынан бері қарай кемуде.Қазақтар 1989 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта 1488181 адамға көбейіп, қазір 7 миллион 985 мың 39 адамға жетіп отыр, яғни тұрғындардың 53,4 –ың құрайды. Бұл көрсеткіш 2011жылы 40,1 пайыз болатын. Сонымен 1930 жылдардан соң, қазақтар өз Отанында алғаш рет сан жағынан көп ұлтқа айналды. Қазақтар санының көбеюі мен үлес салмағының артуы олардың табиғи өсімінің нәтижесі және елден қазақ емес ұлттардың көшуіне байланысты. Сондай-ақ оған қазақтардың алыс (Қытай, Монғолия, Иран, Ресей, Өзбекстан, Түркменістан) шетелдерден елге оралуы да жер етуде. Олардың қазіргі саны 4479620 адамды құрайды. Осылайша орыстардың елдегі үлес салмағы 37,4 процентен 30 пайызға түсті. Елдегі кейбір басқа этностардың да саны кемуде. Немістер-593414 адамға, Украиндар – 328637 адамға,татарлар – 71793 адамға, белорустар – 66011 адамға, Әзірбайжандар – 10656 адамға, кәрістер – 1074 адамға азайды. Ал, Қазақстандағы өзбек пен ұйғыр халқының саны мен үлес салмағы артуда. Өзбектер 39621 адамға, яғни 2,5 пайызға көбейіп, 370663 адамды; ұйғырлар 28839 адамға, яғни 1,4 пайызға көбейіп, 210365 адамды құрады.

Республикадағы ұлттарда жыныстық арасалмақ әртүрлі. Ерлердің үлесі 1000 әйелге шаққанда қазақтарда 978, ұйғырларда 999, орыстарда 843, татарларда 842, украиндарда 872 адамнан келеді., Жамбыл облысында – 1023, Ақтөбе облысында 1021 ер азаматтан келеді.Барлық облыстар бойынша қалалардағы әйелдер саны басым болып, жыныстық арасалмақтағы үйлесімсіздік тереңдей түсуде. Мәселен, 2011 жылы қалаларда ер адамдар тұрғындардың 47,5 пайызын құраса, 2012 жылы 46,7 деңгейіне түсті. 2014 жылы 1000 әйелге 907 ер адам келсе,2015 жылы 879 ер адамнан келді.Республика тұрғындарының жастық құрылымында туудың төмендеуіне байланысты ересек адамдардың санының артып, қартаюы белең алуда. 2012 жылы 9 жасқа дейінгі балалар тұрғындардың 22 процентін құраса, 2013 жылы17,8 процент құрады. Жалпы 19 жасқа дейінгі жастардың үлес салмағы 41 проценттан 37,8 пайызға түсіп кетті. Керісінше 60 жастан асқандар 2012 жылы 9 процент болса, 2013жылы 10,8 –пайызға көтерілді.





Мұндай жағдай көбінесе орыс, украин және белорус халықтарына тән. 60 жастан асқандар орыстар арасында 17 процент, украиндар арасында 24,7 процент, белорустар арасында 23,8 процент. Қазақтар тұрғындар ішіндегі жас халық, орташа жасы – 25 себебі олардың басым көпшілігі – балалар мен жастар.

Халықтың өсіп-өнуіне тұрғындардың жастық,жыныстық құрылымы тікелей әсер етеді. Тұрғындар неғұрлым жас болса және жыныстар арасындағы үйлесімділік қолайлы болса, соғұрлым өніп-өсу қарқынды жүреді.Ал табиғи өсім-Қазақстан үшін тұрғындар саны өсімінің бірден-бір көзі. 80 жылдардың соңынан республикада туу төмендеп, керісінше өлім жетім көбейе түскен. Соның нәтижесінде табиғи өсім қарқыны бәсеңдеді. Бұрын табиғи өсім коэффициенті 18,1 промиль болса, 1999 жылы 4,4 промильге төмендеді. Ауыл тұрғындарының табиғи өсім деңгейі қалалықтарға 4,3 есе жоғары. Республикадағы ұлттар арасында табиғи өсім біркелкі емес.Табиғи өсім өзбектер (22,0) мен қазақтар (13,5) арасында жоғары. Ал, орыстар (-4,9), украиндар мен белорустар (-8,6) арасында соңғы жылдары туудан өлім жоғары болып тұр.90 – жылдары тұрғындар арасында некелесу коэффициенті күрт төмендеді, ол жыл сайын үш еседен астам қысқарды.Қазіргі кезде ауылды жерлерге қарағанда қалаларда некелесу 1,2 есе көп болып тұр. Сондай-ақ ажырасу да біршама азайды. Қазіргі кезде тіркелген 3 некенің біреуі ажырасуда. Ажырасқандардың төрттен бірі (23,8) бес жылға дейін некеде тұрған.

1998 жылдан бастап республикада туу азая бастады. Қазақстанда бірінде бір әйелге 2,5 баладан келеді. Ең төменгі көрсеткішке Алматы қаласы (бір әйелге 1,5 баладан) мен Солтүстік, Шығыс өңірлерінің (бір әйелге 1,8 баладан) тұрғындары, ал жоғары көрсеткішке оңтүстік өңір (бір әйелге 3,4 баладан) тұрғындары ие. Тұрғындарының басым көпшілігін қазақтар құрайтын Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында балалар көп туылуда. Көпке дейін қазақтар арасында туылудың азаюы ашық байқала қойған жоқ еді, тек 90-жылдардың ортасынан туу көрсеткіші бәсеңдей түсті. Қазақ әйелдерінің туу коэффициенті қазір 3,1 процентке тең. Бала туудың бәсеңдеуі Оңтүстік Қазақстан өңірлеріне де тән бола бастады. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында бір әйелге орта есеппен 3,2 ден 3,6 баладан келеді. Бұл қазақтардың да біртіндеп көп балалықтан бас тарта бастағанын оңғартады. Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік демографиялық саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 тамыздағы № 1272 қаулысына сәйкес әзірленді және 5 жылға есептелген.Бағдарлама ел халқының табиғи және ырықсыз қозғалысындағы негізгі процентерді: өсіп-өнетін денсаулық жағдайын жақсарту және бала тууды ынталандыру жөнінде шаралар қабылдау жолымен бала тууды, өлімді және көші-қонды реттеуге, халықтың өлімін азайтуға, көші-қонды реттеуге бағытталған.

ТМД елдерінде 1990 жылдары өлім-жетімнің артуы демографиялық мәселеге айналды. Өлім-жетім көрсеткішінде еңбекке жарамды тұрғындардың үлес салмағы жоғарырақ. 2015 ж. тіркелген өлім-жетім оқиғаларының үштен бірі еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың үлесіне тиеді, ал олардың ішінде әйелдерге қарағанда ер азаматтардың үлес салмағы 3,6 есе көп. Қан айналымы, тыныс алу органдарының ауруы салдарынан және оқыс оқиғалардан қаза табушылардың саны біршама азайғанымен өлім-жетім көрсеткіші жоғары деңгейде қалды. Ол көп жағдайда қоршаған ортаның ластануынан, тамақтану сапасының төмендеуінен, тұрғындардың алкоголь ішімдіктеріне әуестенуінен туындауда. Қазақтардың орташа өмір сүру жасы орыстарға қарағанда төмен. Ол қазақтардың үлес салмағы басым түсетін ауылды жерлерде әлеуметтік – экономикалық жағдайдың нашарлығымен байланысты. Сондай-ақ қазақтар тығыз тұратын жерлердің біразы экологиялық апат аймаққа жатады. Салыстыра қарау үшін шетелдердегі орташа өмір сүру көрсеткішіне назар аударайық: ол жапонияда – 76,1, Испанияда – 75,7, Қоста – Рикада – 75,6, Андаррода-75,3, Гонконг пен Израильде – 75,1, Австралияда – 75, Швецияда – 74,8, Грекияда – 74,6, Ұлыбритания – 73,2 жас.

Қазақстан тұрғындары денсаулығының нашарлауы көп жағдайда қоршаған ортаның экологиялық жағдайының төмендеуінен. Мысалы, Семей ядролық полигоны аймағының радиоактивті ластануынан, Арал теңізі өңірінің агрохимиялық ластануға ұшырауынан туындауда. Соның салдарынан осы өңірлерде генетикалық ауытқушылық және психикалық аурулардың жиі шығуы қазіргі кезде алаңдаушылық тудырып отыр. 1990 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта онкологиялық аурулар екі есе, эндокриндік жүйелер аурулары екі есеге жуық, қан аурулары бір жарым есе көбейді.Жұқпалы аурулар да жоғары деңгейде қалып отыр. Дегенмен олармен ауырғандар соңғы жылдары азайды. Қазақстанда тұрғындар санының азаюының басты себептерінің бірі – көші – қондық. Көші-қондық процестің қарқынды жүруі 90 жылдары бұрыңғы кеңестер Одағы құрамындағы елдердің бәріне де тән қалыптасты.Көші – қондық 90-жылдардың басынан бастап барлық облыстарда орын алды. Әсіресе, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл, Семей Талдықорған облыстарында жоғары деңгейге жетті. Соның нәтижесінде Қазақстан халқының саны 1993 жылға қарай қысқара бастады, оның орнын табиғи өсім жаба алмады. Көші-қон процесінің барысында 1993 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта тұрғындар саны 1637,3 мың адамға қысқарды (1) 1994 жылы 410,4 мың адам республикадан көшті.Қазақстаннан көшушілер, негізінен, шетелдерге қоныс аударды. ТМД елдеріне көшушілер саны 1132,6 мың адамға жетті. Олардың басым көпшілігі Ресейге көшті 1990 жылы көші –қоншылардың 74 проценті, 1999 жылы 89,8 пайызы сонда барып орнықты. Қазақстаннан көшушілердің азаюына байланысты Ресейге көшіп барушылардың саны 2 еседен астам қысқарды.



Демографиялық процестердегі келеңсіз жәйттерге қарамастан, елде біртіндеп ілгерілеушілік байқалуда. Мәселен, өлім-жітім, ажырасу секілді, т.б. теріс көрсеткіштер, көші – қондық процестердегі теріс мәселелер бәсеңдеді. Бұл – елдегі демографиялық ахуалдың жақсарып келе жатқандығының айғағы. Үкіметтің осы бағыттағы қызметіне үлкен үмітпен қарауға болады. Ең бастысы, қазіргі демографиялық мәселедегі басым бағыттарды дәл анықтап, оны шешудің тиімді жолдарын таба білу керек.

Осыған орай әлемде индустриализация мен урбанизацияныңжоғары қарқынды жүруінен туындап жатқан ғаламдық сипатқа ие мәселелер бар екендігі де ескерілуі тиіс. Ондай мәселелер қатарына «өркениет ауруы» атанған-туудың азаюы, өлім –жітімнің өсуі, тұрғындар құрамында қариялардың көбеюі секілді құбылыстарды жатқызуға болады. Бұл мәселелер қоғамдық пікірде алаңдаушылық туғызуда.Бүгінгі таңда демографиялық саясат саласында қалыптасып отырған мәселелерді шешу аса маңызды мәселе. Сондықтан оның ауқымы және халықтың қоныстануы жоғары кәсіби деңгейде жан-жақты талданғаны абзал, әрі оның нәтижелері объективті тұрғыда ашылып көрсетілуі тиіс. Туындаған мәселелерді шешу қоғамдағы тұрақтылық пен Қазақстан Республикасының болашағын қамтамасыз етуге бағытталған демографиялық саясаттың табысты жүруіне тікелей байланысты.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Демографиялық мәселе және оны шешу жолдары

Автор: Аятхан Бейбітгүл

Дата: 07.11.2017

Номер свидетельства: 437509

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Ша?ын жина?ты мектептерде саба? жоспарлау мен ?йымдастыруды? тиімді жолдары "
    ["seo_title"] => string(87) "shag-yn-zhinak-ty-miektieptierdie-sabak-zhosparlau-mien-u-iymdastyrudyn-tiimdi-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "186656"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426402643"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Бала т?рбиесіндегі отбасы мен балаба?шаны?  ынтыма?тасты?ы. "
    ["seo_title"] => string(65) "bala-t-rbiiesindieghi-otbasy-mien-balabak-shanyn-yntymak-tastyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "236662"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444134439"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства