Просмотр содержимого документа
«География сабағында қойылатын талаптар»
Астана каласы
№8 орта мектеп
География пәні оқытушысы
Куракбаева Райса Оразалиевна
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Мектептің жүрегі -мұғалім. Ұстаз- оқушыны тұлға етіп қалыптастыратын ұлы тұлға. Ұстаз шәкіртке білім бере отырып шығар биігін таңдай білуге көмектеседі және соған тәрбиелейді. Сол себепті әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, заман талабына сай азамат етіп қалыптастыру мұғалімнің- басты міндеті. Сабақ барысында жаңа техналогияны тиімді пайдалана білу оқушылардың белсенділігін одан әрі арттырады. Оқушының ойлау қабілетінің дамуы үшін олардың өзіндік танымы мен сенімін арттырып, қолдарынан келетін көп істерге мүмкіндіктер беруге бағыт берген дұрыс. Мен сабақтарымда ойын – , викториналық – конкурс, топтық сайыс , саяхат сабақ, талдау әдістері мен 7,8,9,10 – сыныптарда материктер мен мұхиттар географиясы, Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясы, шет елдер географиясын өткен кезде интеграциялық сабақ, блок сабақ, сабақ – конференция – оқушылардың өздік шығармашылық жұмыстарын қорғау сияқты сабақ түрлерін қолданамын.
Сабақ барысында алған білімдермен теориялық білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуді өзіме мақсат етіп аламын. Жергілікті жер туралы географиялық білімдерін жетілдіру мaқсaтында сыныптaр бойынша жүйелі жұмыстaр жүргізу. Бұл жұмыстaрды география сабақтары мен сарамандық жұмыстарды жинақтап орындауда қорыту арқылы жүргізуге болады. Cарамандық жұмыстарды бірнеше түрге бөліп қарауға болады. Математикалық, экономикалық есептер: шеңберлі, бағынды диaграммалар: грaфиктер сызу, стaтистикaлық кесте; сурет, кaрта, глобуспен жұмыстар т.б . Менің ойымша, география сабағында осы жұмыстарды жетілдірсе ,оқушылардың оқу сапасы өздігінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сабақта экономикалық білім берудің бірнеше әдіс – тәсілдерін: табиғаттағы көркемдікті сезіне білуге үйрету; қоршаған ортаның өзгерістерін байқау, бақылау; өлкетану жұмыстары арқылы зерттеу, зерделеу; қоршаған ортаның ластануы жайлы ғылыми материалдарды жинақтау; көгілдір экрандағы хабарлар арқылы пайдалануға болады.
ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры. География пәні де ақпараттануы қажет етері анық. География пәнінің мұғалімі жан-жақты болуы шарт. Компьютер, ғаламтор жүйесімен байланыста болу қажет. Бұл жүйе әлемді ғылыми орталықтандыруға, кітапхана ақпараттары кеңінен пайдалануға болады.
Оқушылардың өз жауапкершіліктерін түсініп, өздеріне қойылған міндеттерін орындап, өз бетінше ізденіп, пікірі мен көзқарасын қалыптастыру деңгейіне жетуі үшін үнемі даму үстінде болуын мұғалім қадағалауы қажет. Мұғалімге жаңа міндеттер жүктеліп, озық педагогикалық бағытын дамытуда оқыту идеясы басшылыққа алу көзделеді.
География сабағынан алған білімін жетілдірудің негізінде оқушы өз бетінше ізденуі, мұғалімге әдістемелік көмек көрсетуі шектеліп қалмай, қосымша білім көздеріне сүйенгені дұрыс.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептегі барлық оқушы бірден өзіндік ізденіс жұмысымен айналысуына мүмкіндіктер мол. Шығармашылықпен айналысатын оқушының өз бойында туа біткен дарыны немесе пәнге деген қызығушылығы басым болуы тиіс. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ғана аша алады. Шығармашылық арқылы баланың танымы қалыптасады.
Қорыта келгенде, сабақтарды осындай әдіс – тәсілдермен өткізу арқылы мен оқушылардың өз бетімен оқып-үйрене алатынына, өзінің оқуы үшін өзі жауапты екендігін сезінетіндігіне, қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артатындығына, олардың ой еркіндігі дамитынына көзім жетті.Сондықтан оқушыға білім беруде әрбңр ұстаз шебер де талапты болу-қазіргі кезеңің талабы.