Просмотр содержимого документа
«Географиялық модельдер»
Тарау:1.Географиялық зерттеу әдістері
Сабақтың тақырыбы : Географиялық модельдер
Оқу мақсаты:
8.1.1.5 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің модельдерін түрлі материалдардан немесе түрлі техникаларда жасау арқылы ерекше-ліктері мен қасиеттерін түсіндіреді
Бағалау критерийі
Географиялық нысандардың, құбылыстардың және процесстердің модельдерін жасайды.
Географиялық нысандардың, құбылыстардың және процесстердің ерекшеліктері мен қасиеттерін түсіндіреді .
Миға шабуыл:
«Модель», «модельдеу» түсінігін қалай түсінесіздер?
Сіздер қандай модельдерді білесіздер?
Сіздер қандай географиялық модельдерді білесізддер?
Белгі - белгілі бір белгілермен көрсетілген ақпараттық модель
Диаграмманы пайдалану арқылы құрлықтың жер телімдерін пайыздық бөлінуі жайлы айтып беріңіздер.
Жоспар сипаттамасы
1 климатограмма
Қантар айының t ˚ С
2 климатограмма
Шілде айының t ˚ С
3 климатограмма
Жауын –шашынның мөлшері
Қай уақытта
Шағын топтарға бөліну
Оқушылар 4 шағын топқа бөлінеді. Мұғалім топтық жұмыс туралы нұсқаулық береді. Топ атаулары: «Дала», «Картография», «Теория», «Зерделеу». Топ мүшелері топ басшыларын сайлайды (Топтық жұмыс алгоритмі таратылады).
Топтық жұмыстапсырма 1
І. «Дала» тобына «Технология («Көркем еңбек»)» пәніндегі практикалық дағдылары мен теориялық әдісті қолдану арқылы жанартаудың моделін жасау ұсынылады.
ІІ. «Картография» тобына картографиялық әдісті қолдана отырып Эйяфьяллаёкулль жанартауынан шыққан күл мен түтінді тасымалдаған желдің басты бағыттарын көрсету (жел өрнегі) ұсынылады.
ІІІ. «Теория» тобына теориялық әдіс арқылы жергілікті аталған жанартаутың экономикаға тигізген кері әсері туралы ақпарат (ақпаратты мұғалім ұсынады немесе ғаламтордан оқушылардың өздері іріктеп алады) жинақтап, кесте толтыру ұсынылады.
ІV. «Зерделеу» қашықтықтан зерделеу әдісі арқылы ғарыштан түсірілген Исландия жанартауларының аэрофотосы арқылы аралдағы жанартаулардың орналасу планын жасау ұсынылады.
Эйяфьяллаёкулль жанартауы, Исландия. 2010 ж.
Бағалау
Оқушылар тапсырманы орындап болып, презентациялайды.
Бағалау: 1-топты 2-топ, 2-топты 3-топ т. с. с. бағалау іске асады.
Кері байланыс. Мұғалім сұрақ қояды:
Таңдаулары бойынша 2-3 жұп рефлексия жасайды.
Топтық жұмыс.тапсырма 2
1 топ:
Африканың табиғат зонасының моделін жасайды
2 топ
Бриз желінің моделін жасайды
3 топ
Өзен жүйесінің моделін жасайды
4 топ
Жер қыртысының моделін жасайды
Бағалау
Мұғалім бағалайды.
Бағалау критерийлері:
Географиялық нысандардың, құбылыстардың және процесстердің модельдерін жасай алады:.
Географиялық нысандардың, құбылыстардың және процесстердің ерекшеліктері мен қасиеттерін түсіндіре алады:.
Ең бастысы:
Сіздер қандай объектілердің үлгісін білесіздер? Мысалдар келтіріңіздер.
Нысанның қандай қасиеттері модельде көрінеді? Мысал келтіріңіздер.
Модель жер шарының нысаны туралы айтып беріңіздер.
Модель ... ... ... ... объектінің ұқсастығы.
Модельді құрудың мақсаты: бақыланатын объект туралы ............. сақтау, оны басқа адамдарға беру.
Рефлексия:
1. Осы сабақта не үйрендім?
2. Тапсырмаларды орындауда қиындықтар болды ма?
3. Бұл сабақта не маңызды болды?
Үйге тапсырма:
Өз қалауыңша бір географиялық құбылыстың моделін жасап келу