Тақырыбы | Солтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы. |
Мақсаты | С.Қ ның шаруашылығын, көліктік жағдайын оқи отырып, түсінуге мүмкіндік беру.Оқушыларға бағыт бағдар бере отырып , өз бетінше жұмыс істеуге , шығармашылық қиялын ұштауға , қорытынды жасауға машықтандыру. |
Жалпы мақсат | Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыландыру |
Күтілетін нәтиже | Тақырыпты түсіне отырып ойын жеткізе білу арқылы аталған өңірдің өнеркәсібі және көлік кешенімен танысады. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Миға шабуыл, Конверт-сұрақ, Жұптық әңгіме, Аялдама |
Қолданылатын ресурстар | Флипчарт, маркерлер, карта, стикерлер, ноутбук |
Ұйымдастыру кезеңі | Жаңа тақырыпқа байланысты сыныпты 1-2-3 ке саналу арқылы 3 топқа бөлу | Оқушылардың мұндағы мақсаты саналу арқылы өз жұптарын тауып, топ болып құралу |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Білім Қызығушылық тарын ояту | Миға шабуыл арқылы Сұрақ жауапты пайдалану | Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру. Өткен тақырыпқа арналған үй тапсырмасын қайталауға сұрақтар қойылды | Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру. Топпен жұмыс жасау, жарыс арқылы сабаққа деген ынталары артады |
Түсіну | Өткен тақырыпты меңгертуде «Конверт-сұрақ» әдісін қолдану және жаңа тақырыпқа бастама | Сабақта қолданылатын әдіс оқушыларды сыни ойлауына ықпал етеді. Мұнда әр бала, өз ойын айтып,шығармашылығын қалыптастырады. Ол дегеніміз – бала бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ұйымдастырушы рөлін атқарады. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттері сабақ үстіндегі проблемалық сұрақтарды шешу кезінде, бір сұраққа бірнеше нұсқада жауап берумен және ситуациялық жағдайлардан жол тауып шығу әрекеттерінен байқалады. | Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу, өткен сабақтарды қайталау Топпен жұмыс жасау |
Қолдану | ,,Жұптық әңгіме,, әдісін пайдалану арқылы меңгерту | Бұл әдіс арқылы оқушы мен оқушы арасында «Жақын арадағы даму аймағы»(ЖАДА)(Выготский) қалыптасты. Себебі: әр жұп түсінбеген немесе қиындық тудырған сұрақтарын бір-біріне қою арқылы жұптасып, жауап іздеді, талқылады, жаңа тақырыпты бірі-біріне түсіндіреді | Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады |
Талдау | Сұрақтар арқылы талдау | Жаңа сабақты түсініп мағынасын ашу , ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру, сақина салмақ әдісі арқылы әр топқа арнайы сұрақтар беру, олар сол сұрақ арқылы түсініктері салмақты түрде айта біледі | Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу |
Жинақтау | Жаттығулар Кітаппен тапсырмалармен жұмыс | Жаңа тақырыпты талдау мақсатында тапсырмалармен кітаппен жұмыс жасау тапсырылады | Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жек дара тапсырмаларды орындайды, нәтижесінде топтаса отырып ортақ жауап табу керек |
Бағалау | Өзін-өзі бағалау Бағдарша, бағалау парақшалары | Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату | Өзін өзі топпен бағалайды |
Рефлексия | Стикерлерді толтыру | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру |