Орта мерзімді (II тарауға) жоспар. География пәні, 9-сынып
Өтілу мерзімі | Сағат саны | Тарау/сабақ тақырыбы, мақсаты | Күтілетін нәтиже | Оқытуда қолданылатын әдіс – тәсілдер, оқыту формасы | Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы | Үйрену барысын бағалау | Негізгі дерек көздері, құрал - жабдықтар |
14.10 | 1 | Сабақтың тақырыбы: Халықтың ұлттық құрамы және діни құрамы Мақсаты: Халықтың ұлттық және діни құрамы туралы білімдерін қалыптастыру. | А) Қазақстанның халқының ұлттық құрамын және көпұлтты мемлекет екендігін біледі. Дүниежүзіндегі қазақ диаспорасының саны қанша екендігін, қазақ этносы 70-ші орында екендігін анықтайды. В) Диаспора, депопуляция, этнография туралы білімдерін одан әрі кеңейтеді. С) Халықтың діни құрамын біліп, Қазақстанда қалыптасқан діни ұйымдардың пайдасы мен зиянын талдай алады. | Жеке, жұптық, топтық жұмыс формалары; тренинг «Әр ұлттың сәлемдесуі», миға шабуыл, топқа бөлу (сабақ тақырыбына байланысты қазақ, орыс, дүнгендер), постер шығару әдісі, топтық, зерттеушілік әңгіме, сандар сыр шертеді, сәйкестендіру тесті (интербелсенді тақтаның көмегімен). | Жеке, жұптық, топтық жұмыс; АББҚ балаларға қолжетімді тапсырмалар, талантты және дарынды балаларға кеңейтілген тапсырмалар. | Формативті бағалау әдістері: Топта өзара бағалау, критерий бойынша топтық бағалау, өзін-өзі бағалау, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Бағдаршам» «Басбармақ» әдісімен рефлексия. | Әдістемелік нұсқау, жұмыс дәптері, маркер, флипчарт, интербелсенді тақта, атлас, кескін карта, стикерлер, тест тапсырмалары, бағалау парақтары. |
16.10 | 1 | Сабақтың тақырыбы: Елді мекендердің түрлері, қала халқы, кенттену Мақсаты: Елді мекендердің түрлері, соның ішінде қала халқы және қалалық агломерация, урбандалу туралы білімдерін кеңейту. | А) Елді мекендердің түрлерін біледі және агломерация туралы түсініктерін одан әрі кеңейтеді. В) Тұрғындар саны бойынша қалалардың жіктелуін ажырата алады. С) Қалалық елді мекендердің қоршаған ортаға әсері қандай екенін дәлелдей алады. | Жеке, топтық жұмыс формалары; тренинг «Жер сілкінісі», стикердегі диалог, топқа бөлу (қалалардың атауына байланысты Астана, Алматы, Орал), «Өкіл» әдісі, Географиялық диктант. | Жеке, топтық жұмыс; кеңейтілген тапсырмалар, логикалық сұрақтар. | Формативті бағалау әдістері: Топта өзара бағалау, критерий бойынша топтық бағалау, өзін-өзі бағалау, «смайлик» әдісімен рефлексия. | Әдістемелік нұсқау, жұмыс дәптері, интербелсенді тақта, бағалау парақтары, смайликтер, атлас, карта, стикерлер, маркер. |
21.10 | 1 | Тақырыбы: Ауыл халқы, халықтың тығыздығы мен орналасуы Мақсаты: Ауыл халқының жалпы сипаттамасы, 2005-2013 жылдардағы қала және ауыл халқының арақатынасын және Қазақстан халқының тығыздығын меңгерту. | А) Қазақстанда қанша ауылдық елді мекен орналасқанын және халықтың тығыздығы туралы біледі. В) Табиғи-тарихи және экономикалық жағдайлармен байланысты Қазақстанның кей бөліктерінің ауылдық елді мекендері бір-бірінен айырмашылық жасайтынын анықтайды. С) Ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту мақсатында қандай жұмыстар атқаратынын талдай алады. | Жеке, топтық жұмыс формалары; тренинг «Қарақшылар», ой қозғау, топқа бөлу ( Батыс Қазақстандағы өзендерге байланысты Жайық, Деркөл, Көшім), постер шығару әдісі, топтық, зерттеушілік әңгіме, «серпілмелі сұрақтар» ойыны, тест тапсырмасы. | Жеке, топтық жұмыстар; АББҚ балаларға қолжетімді тапсырмалар, талантты және дарынды балаларға кеңейтілген тапсырмалар. | Формативті бағалау (мадақтау), критерий бойынша топтық бағалау, өзін-өзі бағалау, постерді стикерлер арқылы бағалау, «Басбармақ» әдісімен рефлексия. | Әдістемелік нұсқау, жұмыс дәптері, интербелсенді тақта, стикерлер, маркер, тест тапсырмалары, бағалау парақтары. |
23.10
| 1 | Тақырыбы: Халықтың көші-қоны Мақсаты: Механикалық қозғалыс және ішкі, сыртқы көші-қон туралы білімдерін кеңейту.
| А) Халықтың көші-қоны және механикалық қозғалыс туралы біледі. В) Ішкі және сыртқы көші-қонды ажырата алады. С) Еліміздегі көші-қонның шаруашылыққа әсерін талдай алады. | Жеке, жұптық, топтық жұмыс формалары; тренинг «Атомдар мен молекулалар», Ой қозғау (картамен жұмыс), топқа бөлу (адамның жақсы қасиеттеріне байланысты адамгершілік, имандылық), миға шабуыл, «Жәрмеңке» әдісі, «Классификация» әдісі, сәйкестендіру тесті (интербелсенді тақтаның көмегімен). | Жеке, жұптық, топтық жұмыстар. Кеңейтілген тапсырмалар, мәтінмен жұмыс, сәйкестендіру тесті. | Формативті бағалау: Критерий арқылы бағалау, өзара бағалау, топтық бағалау, «Бағдаршам»«смайлик» әдісімен рефлексия.
| Әдістемелік нұсқау, жұмыс дәптері, бағалау парақтары, стикерлер, маршруттық карта, тест тапсырмалары, смайликтер. |
Қазақстанның халқы бойынша 9-сыныпқа арналған төрт тақырыпқа арналған орта мерзімді жоспарды жеті модульдің идеяларын кірістіре отырып жоспарладым. Орта мерзімді жоспар география пәні бойынша берілген бағдарлама аясында жасақталды. Ол бойынша талантты және дарынды оқушылармен жұмыс, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, білім беруде сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, бағалау модульдері ескеріліп жоспарланды. Жаңа форматты білім алу тұрғысында мұғалім бір сабағында барлық деңгейдегі оқушылардың қабілеттілік сұранысын ескеру керек болғандықтан дарынды оқушыларды дамыту мақсатында талантты және дарынды балаларды оқыту модулі бойынша кеңейтілген тапсырмалар енгіздім. Жоспардағы тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып құрастыруға бағытталған. География сабағында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және диалогтік оқытудың өкіл әдісі, жәрмеңке әдісі, әңгіме-дебат, диалогтік әңгіме тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білімдерін кеңейту мен жаңа мәліметтермен жұмыстануын қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ білім беруде ақпараттық коммуникативті технологияларды қолдану пән бойынша білім алуды жетілдіре түсетін модуль болып табылады. Соның ішінде слайдпен, интербелсенді тақтамен жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмын. Жаңа форматта білім беру үшін мұғалім мен оқушының мақсатты іс-әрекеттерін бағалау үшін бағалау модулінің өзін-өзі, өзара, жұптық, топтық бағалау әдістерін сабаққа кірістірдім. Себебі постер құру сияқты әдістерге осы бағалау түрін пайдаланған дұрыс. Сонымен бірге екі жұлдыз, бір ұсыныс әдісі галерея әдісіне тиімді болады деп ойлаймын. Сондықтан оқыту үшін бағалау модулі енгізілді. Жалпы орта мерзім жоспарының сабақты алдын-ала жүйелеп қоюда маңызы зор. Себебі толық бір тарауды қандай әдіс-тәсілдерді қолданып өткізетініңді жоспарлап қоясың. Тақырыптарды саралай отырып қай сабаққа қай әдістің тиімді екенін білесің. Сабақтың барлық үдерісін тізбектеп отырасың. Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда сабақтың мақсатын айқын қоя білуді, нақты күтілетін нәтижені шығара білуді, тақырыптың күрделілігіне қарай отырып сол тақырыпқа тиімді болады деген әдістерді қолдана алуды үйрендім. Үйрену барысында сабақтың уақыты тиімді пайдалануы үшін оқушыларды критерий арқылы бағалауды ұйымдастыра алуды, оқушылардың өздігінен оқып үйренуі үшін мүмкіндік беруді үйрендім. Бірақ та әлі де жетілдіретін тұстарым көп. Әдіс-тәсілдердің қатарын көбейтуім керек, картамен жұмысты, Блум таксономиясы арқылы сұрақ қоюды жетілдіруім керек. Қорыта айтқанда, орта мерзім жоспарын құру барысында менің әдістерім көп өзгерді. Алдағы уақытта бұл 7 модульде берілген әдіс-тәсілдерді тағы да тереңірек меңгеруге талпынамын. Жаңаша ізденіс, жаңаша көзқарас жалғасын тауып ел ертеңі келешек ұрпақтың, білім алудағы жетістікке жету жолында нәтижелі еңбек ететініме сенімдімін.