Просмотр содержимого документа
«Халықтың көші - қоны.»
Тексерілді:___________
Пәні: География Сыныбы: 9 күні: 24.10.2017.
Пән мұғалімі: Уразбаева Р.Р.
Сабақтың тақырыбы: Халықтың көші - қоны.
1.Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?
Білу: Миграция ұғымын қалыптастыру.
Түсіну: Қазақстандағы көші-қон, халық санының өзгеруіне , ел шаруашылығының дамуына әсерін, кейбір жылдары көші-қонның арту себептерін анықтау.
Қолдану: Шаруашылықтың дамуы мен көші-қон арасындағы байланыс әсерінен халық санының өзгеруін анықтау
Талдау: Қазақстанның көші-қоны, ішкі және сыртқа көші-қонға сипаттама беру.
ЖинақтауКөші-қон бағыттарын сипаттау
Бағалау:Еліміздегі халықтың болашақтағы көші-қонына болжам жасау
2.Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?
Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу
3.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау
4. Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?
Ерте болған оқышыларға қосымша тапсырмалар беру
5. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?
Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында
Сабақтың барысы
Уақыты
Мұғалімнің іс -әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
5 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, олардың көңілін сабаққа аудару, сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.
Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау және
оқушыларды қала аттары жазылған қағаздарды жасырын түрде тарату арқылы топқа бөлу:
1 топ: Астана
2 топ: Алматы
3 топ: Шымкент
4 топ: Ақтөбе
Оқушылар топқа бөлінеді.
Тақтадан күн ретін жазып алады.
сабақтың жалпы мақсатымен және өткізу жоспарымен танысады
10 минут
Кіріспе бөлім Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.
Кім жылдам?
Механикалық қозғалыс .....................................................
Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.
20 минут
Негізгі бөлім
а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады
б)Оқушыларға мәтінмен танысу және постер жасап, оны қорғау тапсырылады:
Астана тобына - Халықтың көші-қоны: жалпы түсінік
Алматы тобына - Көші-қонның негізгі типтері.
Шымкент тобына - Қазақстандағы халық көші-қоны: масштабы мен географиясы.
Ақтөбе тобына - Сыртқы көші-қонның үш ағымы.
а)Оқушылар тақырыпты жазып алады
б)Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды, постер жасап, қорғайды және бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.
10 минут
Қорытынды бөлім
Сұрақ-жауап
Халық санының өзгерісі мен көші-қонның арасында қандай байланыс бар?
Көші-қонның еліміз шаруашылығы дамуына әсері қандай?
1994 жылы көші-қонның ең жоғары шегіне жетуі қандай себеппен байланысты? (34-сурет)
Күнделікті өмірде көші-қонның қандай түрлерін білесіңдер?
Картамен жұмыс
Халық санының өзгерісі, шаруашылықтың дамуы мен көші-қон арасындағы байланысқа сипаттама беріңдер
Оқушының жеке пікірі (көзқарасы)
Өздеріңнің көзқарастарың бойынша еліміздегі көші-қонның болашағы қандай болады деп ойлайсыңдар?
Үй тапсырмасы: 82-беттегі «Сен білесіңбе?» қосымша мәліметтерді оқу, 84- беттегі тестерді шешу.
Оқушыларға сұрақтар қойылады. Олар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.