Просмотр содержимого документа
«Чехия Республикасы»
Сабақ: №17 Бекітемін: _______________ _______
Сыныптар: 11 А Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Күні
Күні: Бихиенова Х. М.
Тақырыбы: Чехия
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Чехия елінің басты ерекшелігі туралы білім беру. Чехия елінің экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктері, елдің тарихи қалыптасу кезеңдері, халқының тұрмыс-салтының басты ерекшеліктері, шаруашылығын дамытудың алғышарттары туралы білік-дағдыны қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталарды басшылыққа ала отырып, елдің экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктерін, шаруашылығының көп салалы болып дамуының бсты шартын анықтау, туристік объектілердің маңызына, сыртқы экономикалық байланыстарына сипаттама беруді үйрету.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Чехияның экономикалық картасы, «Чехияның сауда әріптестері» атты сурет.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)
ІVкезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
Мұғалім әрекеті
Оқушылар әрекеті
І
Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІ
Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерінен Шығыс Еуропа аймағындағы елдердің экономикалық-географиялық жағдайларын сипаттауларын және экономикалық үш топтағы елдерге сипаттама берулерін тексереді, кейін келесі сұқрақтар бойынша ауызша жауаптарын тыңдайды:
1. Аймақтың әрбір елінің табиғат ресурстарының түрлерін, олардың ел экономикасын дамытудағы ролі.
2. Аймақтағы саяси құрылымында өзгерістер жүріп жатқан елдер
3. Шығыс Еуропа елдерінің бір-бірімен ұқсастық, айырмашылық жақтары, олардың себептері
Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді.
ІІІ
Тақырыпты түсіндіруде Чехияға жалпы шолудан бастап, одан әрі қарай мынадай жоспар түрінде:
Аумақтың құрамы, экономикалық-географиялық жағдайы
Мемлекеттік құрылымы
Табиғат жағдайлары, табиғат ресурстары
Халқы
Шаруашылығы
Сыртқы экономикалық байланыстары
Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдауға кіріседі, сұрақтарға жауап береді.
Сипаттама беру жоспарын жазып алады. Топтарға бөлініп, өз тақырыптарын оқып, талдай бастайды. Қысқаша конспект жазып отырады. Түсінбеген жерлерін сұрап, өз ойларымен бөліседі.
ІV
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар өз тақырыптарын айтып, бір-біріне сұрақтар қояды. Кейін мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Елдің экономикалық-географиялық жағдайының қандай басты ерекшеліктері бар?
2. Елдің мемлекет болып қалыптасуында қандай тарихи кезеңдері болды?
Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
V
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІ
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.