kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ақштың табиғат жағдайлары мен халқы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Халқы: саны, ұдайы өсуі, сыртқы көші-қон, ұлттық құрамы, орналасуы. АҚШ халқының саны жөнінен де дүние жүзінде үшінші орын алады; тұрғындарының саны жөнінен ол ГФР, Франция, Ұлыбритания және Италияны қосып алғандағыдан кем түспейді. Демографтардың болжамдарына қарағанда ел тұрғындарының саны 2000 ж. қарай 265—270 млн. адамға жетпек; бұл бір ғана XX ғасырдың ішінде оның халқы 3,5 есе өседі деген сөз. Алайда АҚШ жас ұлт ретінде халықтың табиғи өсуі жөнінен дүние жүзінде алғашқы орындардың бірін алған уақыт келмеске кетті. 80—90-жылдары бұл өсім айтарлықтай кеміп, жас-жыныстық пирамидаға да әсер етті. Халықтың жылдық абсолюттік өсуі қазір 2 млн. адамға жетпей отыр. Иммиграция қашан да АҚШ халқының санына зор ықпал етіп келеді және солай бола береді де. Мысал. XIX ғасырдың басынан бері елге 70-ке жуық елден 55 млн. адам келді. Қазір де бірқатар шектеулерге қарамастан, жыл сайын елге 1 млн.-дай адам келеді. АҚШ халқының ұлттық құрамын қалыптастырзда жаппай иммиграция шешуші рөл атқарды. Қазіргі американ ұлты — бұл ең алдымен әлемнің әр түрлі бөліктерінен, әсіресе Еуропа [4] мен Африкадан қоныс аударушылардың этникалық араласуы мен қосылуының нәтижесі. XX ғасырдың екінші жартысында Еуропадан иммиграция айтарлықтай азайды, бірақ оның есесіне Азиядан, әсіресе Латын Америкасынан иммиграция жасаушылардың саны артты. Латын Америкасынан иммиграция жасаушылар арасында мексикандықтар басым; күнкөріс қаражатын табу үшін олардың миллиондаған адамдары шекарадан ашық және жасырын түрде өтіп жатады. Оларды "брасерос" (дәлме-дәл аударғанда "қол күшін сататын адамдар" дегенді білдіреді) деп атайды. Қазіргі кезде АҚШ-та жүзден астам этностар тұрғанымен, этнограф-ғалымдар оларды басты үш этникалық топқа біріктіреді: 1) АҚІІІ американдарына, немесе жай ғана американдарға, яғни қазір ағылшын тілін ана тілім деп есептейтін әр түрлі ұлт қоныс аударушыларының ұрпақтарына; 2) АҚШ-қа таяуда ғана қоныс аударып, бұл елге әлі де "жерсініп" үлгірмеген адамдарды қоса есептейтін өтпелі иммигранттар топтарына; 3) байырғы тұрғындар — аборигендерге (үндістер, эскимостар және т. б.). АҚШ американдары бүкіл халықтың 3/4-ін; ал аборигендер — 1%-тейін құрайды. Соған қарамастан, АҚШ-тың өте көптеген географиялық атауларының үндістерден шыққанын байқауға болады. Қара американдар (афроамерикандар, негрлер) американ ұлтының құрамында ерекше үлкен топ құрайтынын сендер білесіңдер, олар АҚШ халқының 12%-ін құрайды. Бұрын негр халқының негізгі бөлігі Оңтүстікте, XIX ғасырда құлдықты жойғанға дейін плантациялық шаруашылық үстем болған "қара белдеуде" тұрды. Соңғы онжылдықтарда негрлердің жартысы Солтүстік пен Батыстың қалаларына қоныс аударды, олар оңтүстік штаттарда да қазір негізінен алғанда қалаларда тұрады. Халықтың діни құрамы да оның ұлттық құрамымен тығыз байланысты. [5] Халықтың орналасуының орташа тығыздығының көрсеткіші жөнінен АҚШ дүние жүзіндегі халық неғұрлым тығыз қоныстанған 20 елдің ішінде 18-орын алады (1 км²-ге 27 адам). Ел ішінде халықтың орналасуында өте үлкен айырмашылықтар бар. Мысал. АҚШ тұрғындарының 70%-і дерлік елдің жалпы жер көлемінің не бары 12%-ін алып жатқан территорияда тұрады. Теңіз (көл) жағасындағы штаттар мен таулы штаттар арасындағы айырмашылық өте зор: 1 км²-ге 350—400-ден 2—3 адамға дейін келеді. Соңғы уақытта халықтың, ең алдымен зейнеткерлердің Солтүстік штаттарынан ("қар белдеуі") Оңтүстік штаттарына ("күн белдеуі") ішкі көшіп-қонуы артты. Жалпы алғанда, бәрінен де Техас, Флорида, әсіресе Калифорния штаттарының халқы тезірек өсуде. АҚШ халқының орналасуы ең алдымен қалалар географиясына байланысты, мұнда жалпы саны 9 мыңдай қала бар. Солтүстікамерикандық қала үлгісінің өзіндік ерекшеліктері көбіне қалалардың жастығына байланысты болып келеді. Американ қалалары негізінен төртбұрышты болып жоспарланады. Әдетте, Орталық іскер аудан, немесе "даунтаун" үнемі көзге түседі, онда басқару органдары, банктер, бұқаралық ақпарат және қызмет көрсету құралдары орналасады. Үлкен қалалардың келбетін әдетте аспанмен тілдескен биік үй¬лер айқындайды, олар қала күш-қуатының, оның гүлденуінің көрсеткішіндей. Қаланың қалған бөліктерінде 3—5 қабатты, ал орталықтан қашықтаған сайын — жеке үйлер басым болады. Бұл қаланың барынша қанат жаюына және қала агломерацияларының қалыптасуына жағдай туғызады. АҚШ — нағыз қала агломерацияларының елі. Мысал. 1950 ж. АҚШ-та 170, ал 80-жылдардың соңында — 300-дей қала агломерациясы болды. АҚШ-та небары 6 "миллионер" қала, 40 шақты "миллионер" агломерация бар. АҚШ халқының жартысы осыларда тұрады. Осымен қатар, агломерациялардың орталықтары мен шеткі бөліктерінің арасындағы арақатынас та өзгерді. Агломерация орталықтарында Жердің бағасының ұдайы өсуі, жеке автомобиль көлігі кеңінен дамып отырғандықтан экологиялық және көлік жағдайының нашарлауы, оның үстіне орташа американдықтың кіші болса да, өз үйінде тұруға тырысуы қала маңындағы зоналардың бей-берекет жайылып өсуіне әкеп соқтырды. Қазір мұндай "бір қабатты Америкада

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ақштың табиғат жағдайлары мен халқы»

Халқы: саны, ұдайы өсуі, сыртқы көші-қон, ұлттық құрамы, орналасуы. АҚШ халқының саны жөнінен де дүние жүзінде үшінші орын алады; тұрғындарының саны жөнінен ол ГФР, Франция, Ұлыбритания және Италияны қосып алғандағыдан кем түспейді. Демографтардың болжамдарына қарағанда ел тұрғындарының саны 2000 ж. қарай 265—270 млн. адамға жетпек; бұл бір ғана XX ғасырдың ішінде оның халқы 3,5 есе өседі деген сөз. Алайда АҚШ жас ұлт ретінде халықтың табиғи өсуі жөнінен дүние жүзінде алғашқы орындардың бірін алған уақыт келмеске кетті. 80—90-жылдары бұл өсім айтарлықтай кеміп, жас-жыныстық пирамидаға да әсер етті. Халықтың жылдық абсолюттік өсуі қазір 2 млн. адамға жетпей отыр. Иммиграция қашан да АҚШ халқының санына зор ықпал етіп келеді және солай бола береді де. Мысал. XIX ғасырдың басынан бері елге 70-ке жуық елден 55 млн. адам келді. Қазір де бірқатар шектеулерге қарамастан, жыл сайын елге 1 млн.-дай адам келеді. АҚШ халқының ұлттық құрамын қалыптастырзда жаппай иммиграция шешуші рөл атқарды. Қазіргі американ ұлты — бұл ең алдымен әлемнің әр түрлі бөліктерінен, әсіресе Еуропа [4] мен Африкадан қоныс аударушылардың этникалық араласуы мен қосылуының нәтижесі. XX ғасырдың екінші жартысында Еуропадан иммиграция айтарлықтай азайды, бірақ оның есесіне Азиядан, әсіресе Латын Америкасынан иммиграция жасаушылардың саны артты. Латын Америкасынан иммиграция жасаушылар арасында мексикандықтар басым; күнкөріс қаражатын табу үшін олардың миллиондаған адамдары шекарадан ашық және жасырын түрде өтіп жатады. Оларды "брасерос" (дәлме-дәл аударғанда "қол күшін сататын адамдар" дегенді білдіреді) деп атайды. Қазіргі кезде АҚШ-та жүзден астам этностар тұрғанымен, этнограф-ғалымдар оларды басты үш этникалық топқа біріктіреді: 1) АҚІІІ американдарына, немесе жай ғана американдарға, яғни қазір ағылшын тілін ана тілім деп есептейтін әр түрлі ұлт қоныс аударушыларының ұрпақтарына; 2) АҚШ-қа таяуда ғана қоныс аударып, бұл елге әлі де "жерсініп" үлгірмеген адамдарды қоса есептейтін өтпелі иммигранттар топтарына; 3) байырғы тұрғындар — аборигендерге (үндістер, эскимостар және т. б.). АҚШ американдары бүкіл халықтың 3/4-ін; ал аборигендер — 1%-тейін құрайды. Соған қарамастан, АҚШ-тың өте көптеген географиялық атауларының үндістерден шыққанын байқауға болады. Қара американдар (афроамерикандар, негрлер) американ ұлтының құрамында ерекше үлкен топ құрайтынын сендер білесіңдер, олар АҚШ халқының 12%-ін құрайды. Бұрын негр халқының негізгі бөлігі Оңтүстікте, XIX ғасырда құлдықты жойғанға дейін плантациялық шаруашылық үстем болған "қара белдеуде" тұрды. Соңғы онжылдықтарда негрлердің жартысы Солтүстік пен Батыстың қалаларына қоныс аударды, олар оңтүстік штаттарда да қазір негізінен алғанда қалаларда тұрады. Халықтың діни құрамы да оның ұлттық құрамымен тығыз байланысты. [5] Халықтың орналасуының орташа тығыздығының көрсеткіші жөнінен АҚШ дүние жүзіндегі халық неғұрлым тығыз қоныстанған 20 елдің ішінде 18-орын алады (1 км²-ге 27 адам). Ел ішінде халықтың орналасуында өте үлкен айырмашылықтар бар. Мысал. АҚШ тұрғындарының 70%-і дерлік елдің жалпы жер көлемінің не бары 12%-ін алып жатқан территорияда тұрады. Теңіз (көл) жағасындағы штаттар мен таулы штаттар арасындағы айырмашылық өте зор: 1 км²-ге 350—400-ден 2—3 адамға дейін келеді. Соңғы уақытта халықтың, ең алдымен зейнеткерлердің Солтүстік штаттарынан ("қар белдеуі") Оңтүстік штаттарына ("күн белдеуі") ішкі көшіп-қонуы артты. Жалпы алғанда, бәрінен де Техас, Флорида, әсіресе Калифорния штаттарының халқы тезірек өсуде. АҚШ халқының орналасуы ең алдымен қалалар географиясына байланысты, мұнда жалпы саны 9 мыңдай қала бар. Солтүстікамерикандық қала үлгісінің өзіндік ерекшеліктері көбіне қалалардың жастығына байланысты болып келеді. Американ қалалары негізінен төртбұрышты болып жоспарланады. Әдетте, Орталық іскер аудан, немесе "даунтаун" үнемі көзге түседі, онда басқару органдары, банктер, бұқаралық ақпарат және қызмет көрсету құралдары орналасады. Үлкен қалалардың келбетін әдетте аспанмен тілдескен биік үй¬лер айқындайды, олар қала күш-қуатының, оның гүлденуінің көрсеткішіндей. Қаланың қалған бөліктерінде 3—5 қабатты, ал орталықтан қашықтаған сайын — жеке үйлер басым болады. Бұл қаланың барынша қанат жаюына және қала агломерацияларының қалыптасуына жағдай туғызады. АҚШ — нағыз қала агломерацияларының елі. Мысал. 1950 ж. АҚШ-та 170, ал 80-жылдардың соңында — 300-дей қала агломерациясы болды. АҚШ-та небары 6 "миллионер" қала, 40 шақты "миллионер" агломерация бар. АҚШ халқының жартысы осыларда тұрады. Осымен қатар, агломерациялардың орталықтары мен шеткі бөліктерінің арасындағы арақатынас та өзгерді. Агломерация орталықтарында Жердің бағасының ұдайы өсуі, жеке автомобиль көлігі кеңінен дамып отырғандықтан экологиялық және көлік жағдайының нашарлауы, оның үстіне орташа американдықтың кіші болса да, өз үйінде тұруға тырысуы қала маңындағы зоналардың бей-берекет жайылып өсуіне әкеп соқтырды. Қазір мұндай "бір қабатты Америкада" бүкіл Америкадағы отбасының 2/3-сі тұрады, ал қалалардың орталық бөліктерінде таяу уақытқа дейін халықтың саны кемумен болды. Сендер бұл процестің субурбандалу деп аталғанын білесіңдер. 50-жылдары американ географтары АҚШ-та бұдан да гөрі ірі қала түзілімдері — мегалополистердің қалыптасқанын атап көрсетті. Қазір елде осындай үш мегалополис бар. Олар — Солтүстік-Шығыс, Көл маңы және Калифорния мегалополисі. Олардың Бостоннан Вашингтонға дейін созылып жатқан біріншісін қысқаша "Босваш", Чикаго мен Питтсбург аралығында орналасқан екіншісін —"Чипитс", ал үшіншісін (Сан-Франциско — Сан-Диего)— "Сан-сан" деп атайды.

Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Ақштың табиғат жағдайлары мен халқы

Автор: Баймурзина Гулден Кадирбаевна

Дата: 05.02.2019

Номер свидетельства: 498549

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(12) "ма?ала "
    ["seo_title"] => string(7) "mak-ala"
    ["file_id"] => string(6) "172335"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423809298"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Білекті бірді жы?ады, Білімді мы?ды жы?ады "
    ["seo_title"] => string(47) "biliekti-birdi-zhyg-ady-bilimdi-myn-dy-zhyg-ady"
    ["file_id"] => string(6) "243140"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445625009"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства