Просмотр содержимого документа
«Тарихы терең танылған елдің болашағы жарқын»
Тарихы терең танылған елдің болашағы жарқын
Ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, Ұлы мұраттар жолындағы күрестердің нәтижесінде жеткен ел тәуелсіздігі 25 жыл толып отыр. Егеменді ел болғанымыздың арқасында қоғамдық – саяси өмірде, экономикада түбегейлі өзгерістер болып, әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттермен иық тірестіретін дәрежеге жеттік. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде қоғамның барлық саласында басымдыққа ие болып, оның ішінде жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде.
XXI ғасыр - ұлы өзгерістерге толы жаңашылдық пен білімділердің, сондай-ақ бәсекелестіктің қатал ғасыры. Ендеше бұл заманда өмір сүретін адамдар түрлі ғылым салаларын үйренумен қатар өз халқының тарихы мен мәдениетімен терең таныс болғаны абзал. Нағыз отансүйгіш-патриот адам -ол өз ұлтының тілін дінін, ділін құрметтеп, мәдениеті мен тарихынан жан-жақты хабардар жан.
Келешегі бодандық заманда тарихымыз сан мәрте бұрмаланып, басқа халықтың том – том тарихын зорлықпен оқытқан кезеңді, ұлты үшін құрбан болған асылдарымызды оқуға, тануға тиым салған уақытты да көзіміз көрді. Тәуелсіздіктің арқасында хан – батырларымыз бен ұлыларымыз жайындағы тарихи шындықты білуге мүмкіндік туып отыр.
Осы орайда, үстіміздегі жылы желтоқсан айының 22 жұлдызында қаламыздағы Майшай Әбенова атындағы жалпы орта мектебінде білім бөлімінің жоспарына сай тарих-география пәндерінен қалалық семинар болып өтті. «Мәңгілік ел» патриоттық актісі аясында көшпелілер өркениеті мен Қазақстан мемлекетінің тарихын таныған, толерантты азаматты тәрбиелеу тақырыбында ұйымдастырылған семинар жұмысының негізгі мақсаты “Мәңгілік ел” идеясының мәнін аша отырып, білімді, рухани адамгершілік құндылықтарға бай азаматты қалыптастыру болып табылады.
Қалалық семинардың жұмысын мектеп директоры Элмира Тулеуова мен қалалық білім бөлімінің әдіскері Талғат Бегасилов ашып беріп, оның жүргізілуіне басшылық жасап отырды.
Семинар барысында 6 мұғалімнің үлгілі ашық сабақтары көріліп, ғылыми конференциямен қорытындалды. Атап айтқанда, Кемелбекова Нүриләнің 6-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен “Сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы” сабағы; Шойынбетова Гүлнұрдың 7-сыныпта география пәнінен “Австралияның табиғаты” сабағы; Қалдыбаева Жанардың 10-сыныпта тарих пәнінен “Моғолстан. Әбілқайыр хандығы” сабағы; Жұмадуллаева Жанаттың 9-сыныпта география пәнінен “Қара және түсті металлургия өнеркәсіптерінің сала ішіндегі және салааралық байланысы” сабағы; Самұратова Ақжанның 5-сыныпта “Түркістан тарихы өткені мен бүгіні “ және Данияров Ғалымжанның 5-сыныпта “Испиджаб, Иассы қалаларының тарихы “ атты сыныптан тыс сабақтары семинарға қатысушылардың көңілінен шығып,жоғары бағаланды.Пән мұғалімдері өз сабақтарында сын тұрғысынан ойлау,критериалды бағалу ,ақылдың алтын қалпағы,презинтация арқылы тақырыпты қорғау сияқты түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып,оқушылардың түйткілді мәселелердің өздеріне ойланта,тақырыпты топпен бірлесе шешуге ықпал жасады. Сабақ барысында пайдаланылған көрнекілік түрлері мен техникалық құралдар қажетті жерінде орынды әрі жүйелі түрде қолданылды. Мұғалімдер сабақты қорытындылау кезеңінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тықырыппен сәтті байланыстыра білді.Тарих пәнінің мұғалімі Фатима мұхамеджанова ұйымдастыруымен мектептің АКТ залында өткізілген ғылыми конференцияда 8-сынып оқушысы Мәуленқұл Алтынайдың “Отырар –ұлылар мекені” тақырыбында қорғады (ғылыми жетекшісі ХҚТУ-нің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ербол Абдраманов); 10- сынып оқушысы Тоғызбай Ариланның “Кеңес Одағының батыры-Абдулла Үсенов” тақырыбында( ғылыми жетекшісі ХҚТУ-нің доценті филология ғылымдарының кандидаты Қ.Тәжиев) ғылыми жоба жұмыстары қорғалды. Семинар жұмысына уақыт бөліп арнайы келген университет мамандыры мектеп ұжымы мен жоғары оқу орнының арасындағы байланысты дұрыс жолға қойып, оқушылардың ғылыми жұмыстар мен айналысуға қызықшылығын арттыру мақсатында нақты жүйелі істер атқарып отырған мектеп директоры Э.Тулеуоваға ризашылықтарын білдіріп, мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім артатындықтарын айтты.
Семинар соңы мектеп оқушыларының концертіне ұласып, 10-сынып оқушысы А.Ибрагимова өзінің Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына шығарған өлеңін оқыды. Жақында ғана өткен қалалық жас айтыскер ақындар сайысының жеңімпазы 5-сынып оқушысы Диханбай Ерсайын тұғырлы тәуелсіздікке арнау-толғауын орандады.
Жиын қорытындысында пән мұғалімдерінің еңбектері семинарға қатысушылар тарапынан өте жақсы деп бағаланып,білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.Ал тарих пәнінен Ғ.Данияров пен география пәнінің мұғалімі Ж.Жұмадуллаеваның іс-тәжірибелерін қала көлемінде тарату жөнінде білім бөлімінің әдістемелік кабинетіне сұраныс берілді.Аталған іс-шараның ұйымдастырылуы мен дайындық жұмыстарына тікелей басшылық жасап,оның өз дәрежесінде өткізілуіне үлкен үлес қосқан мектеп басшысы Э.Тулеова ханым өз сөзінде семинар жұмысын жоғары бағалай келе,қатысушыларға алғыс білдірді.
Аталған іс – шараның ұйымдастырылуы мен дайындық жұмыстарына тікелей басшылық жасап, оның өз дәрежесінде өткізілуіне үлкен үлес қосқан мектеп басшысы Э. Тулеуова ханым өз сөзінде семинар жұмысын жоғары бағалай келе, қатысушыларға алғыс білдірді.