Елбасымыз Н?рс?лтан Назарбаев ХХI ?асыр ортасында ?аза?стан хал?ына арнал?ан идеяны ?сын?ан болатын.Ол м??гілік ел идеясы болатын.. Сенімді серігі – ?лтты? идея. ?лтты? идеяны? тарихи орнын, оны? кешегі, б?гінгі, ерте?гі болмыс-бітімін аны?тау ?шін алдымен «?лт», «идея» ??ым-т?сініктеріне то?тала кеткен ж?н.
«?лт» (латынша – nascor) термині Ежелгі Римде аз халы?тар деген ма?ынада ?олданыл?ан екен. Б?гінде «?лт» терминіне берілген аны?тамалар ?исапсыз к?п.
Идея – грек с?зi, образ, ??ым, т?сiнiк ма?ыналарында ?олданылады. Ат?аратын мiндетiне ?арай идея алуан-алуан ?ырымен к?зге т?седi. Мысалы, бiрде ол сырт д?ниенi бейнелейтiн ?о?амды? сананы? пiшiнi болса, ендi бiрде адамны? басты сенiмi орнына ж?редi. Шы?арманы? т?пкi т?йiнi ма?ынасында да ?олданылатыны бар.
«М?рат» с?зі де ма?ынасы жа?ынан «ма?саттан» ма?ыздыра?, ж?рекке жа?ыныра?. ?айткенде де, м?ратсыз ?лт та, мемлекет те жер бетінде бол?ан емес. ?аза? даласында ?лтты? идея байыр?ы т?рік д?уірінде мемлекеттік, тіпті империялы? биікке к?терілді. VIII ?асырда: «Б?кіл т?ркі хал?ы ?шін ?ызыл ?анымды ж?гірттім, т?нде ?йы?тамадым, к?ндіз отырмадым, т?рт б?рышта?ы халы?ты? б?рін бейбіт еттім: бастыны е?кейттім, тізеліні б?ктірдім!», деген бабаларымыз «М??гілік Ел» ??р?анына сенімді еді.
?аза? ханды?ыны? ша?ыра? к?теруі¬мен ?лтты? идея мемлекет пен оны ??раушы этносты, тарих саба?тасты?ын ?збестен, дараландыратын фактор?а айналды. Кейінде ол идея талантты ?л-?ыздарын ?лемдік а?ыл-ойды? ас?ар шы?ына алып шы?у?а септігін тигізді. Ендеше, ?лтты? идеямызды? бес ?асырдан астам тарихы бар екен. Оны? ?зi бiрнеше д?уiрден т?рады. ?аза? ханды?ы т?сында ?лтты? идеяны? ?зегiн мемлекеттiліктi ны?айту, этникалы? аума?ты ?алыптастыру, бiрде тiлiн, бiрде тiсiн к?рсеткен Ресей, ?ытай, Жо??ар, Орта Азиялы? мемлекеттермен о?тайлы ?арым-?атынас орнату, б?секеге т?теп беру ??рады.
Жа?сы менен жайса?ны? басын ?лiмге байла?ан ХVІІІ ?асыр Абылай хан д?ние салуымен ?аза?ты? ма?дайында?ы ба?ын ?шырды. Ресейдi? боданды?ына кiрген ?аза? ?о?амы ?леуметтiк-саяси ж?не аума?ты? т?тасты?ынан айырылды. Т?л мемлекеттi? болмауымен ?оса бiрт?тас а?паратты? ке?iстiктi? жо?ты?ы да жалпы?лтты? идеяны? ?рiсiн тарылтты, жолын кестi. «Б?лiп ал да билей бер» саясатынан туында?ан ?рбiр саяси к?ш, ?леуметтiк ?ауым ?з биiгiне, к?здегенiне лайы? ?лтты? идеяны д?ниеге ?келдi. ХVІІІ ?асырда Абылай мен Бота?анны?, ХІХ ?асырда Махамбет пен Байма?амбет с?лтанны?, Кенесары мен ?о?ыр??лжаны?, ХХ ?асыр басында С?кен мен Ма?жанны?, ?лiби мен ?лиханны? ?стан?ан ?лтты? м?раты барша ?аза??а орта? едi деп, ешкiм айта алмас. И?, б?лар ?рiсi – ту?ан хал?ына, берiсi – со?ынан ерген пікірлес ?ауым?а ?ызмет еткiсi келдi. Бiра?, уа?ыт ?зi к?рсеткендей, бiреулерi ат т?белiндей азшылы?ты? м?ратын жалаулатса, екiншiлерi – барша ?аза?ты? болмаса да ?алы? к?пшiлiктi? м?ратын д?п басып таба ал?аны а?и?ат. Сырым, Махамбет, Кенесарылар ?лтты? идеяны ?арулы к?рестен тапса, Шо?ан, Абай, Ыбырайлар а?артушылы?тан, ?лихан, Ахмет, Мiржа?ыптар Алаш автономиясынан, Шо?ай т?тас Т?ркiстанды ??рудан, ?лiби, С?кендер тапты? к?рес ілімін олжалады.
Егер ?лтты? идеяны? м?ні – ?лтты? та?дыр аны?та?ыш тілегі, ниеті, оны ілгері ?адам басу?а ж?мылдырушы фактор, к?н т?ртібіндегі басты м?селені шешуге ба?ыштал?ан мазм?нды ?рі кесек ой десек, осыларды? жиынты? формуласы М.Дулатов д?йектеген «Оян, ?аза?!» т??ырнамасында жатыр. Б?л ?ран емес, М.Дулатовты? ?ле?дер жина?ы да емес. Халы? ?асіретін, замана келбетін д?лме-д?л ай?ында?ан с?уегейлік. Шынында да екі ?асыр?а жуы? созыл?ан отарлау, ?орлы? пен зорлы? халы?ты? д?ниетанымына, мінезіне, ?мірсалтына, шаруашылы?ына орасан зор н??сан келтіріп, е?сесін т?сірген еді, алды-артын ба?амдау ?асиеттерінен айыра баста?ан болатын.
Бір м?шелден де аз мерзім ішінде ?лы даланы ?оз?алыс?а ?келген «Оян, ?аза?!» идеясы ма?сат-м?ратына жетіп, 1917 жылды? жазынан оны? орнын «?аза? автономиясы» ?лтты? идеясы басты. Большевиктік билік ?аза? хал?ына ?исапсыз ?асірет ?келетінін Алаш басшылары 1917 жылы-а? ескертті. ?азан т??керісін «найзаны? ?шымен, айбалтаны? ж?зімен бол?ан» зорлы? актісі ретінде ?абылда?ан ?.Б?кейханов, обалы нешік, ?у бастан ?аза? ж?ртын бірігуге, ма?сатты ?рекетке, бас аманды?ын ?амтамасыз етуге ша?ырды. «Есік алдынан дауыл, ?й артынан жау келді! – деп дабыл ?а?ты ол. – Алашты? баласы, А?табан ш?бырынды, ал?ак?л с?ламадан со?, 200 жылда, басы?а бір ?иын іс келді! А?са?ал а?а, азамат іні, от басы аразды? дауды ?ой; бірік, ж?рт ?ызметіне кіріс! Алашты? басын ?ор?ау?а ?ам ?ыл!». Б?л «?ор?ан, ?аза?!» ?лтты? идеясы еді. Біра? Алаш к?семіні? са?тандыруынан ?орытынды шы?пады. Большевиктер Алаш ?нін т?ншы?тыру ?шін к?ш ?олданумен ?атар ?аза? автономиясы идеясын ?з пайдасына ?тымды жарата алды. А?и?атына келгенде, ?аза??а мемлекеттік ??рылымы автономиядан т?мен м?ртебені ?сыну?а жол ?алмады. Соны? ?зінде ?рдісті ?ш жыл?а созды. 1920 жылы ??рыл?ан ?аза? АКСР-і т?рі жа?ынан ?лтты? мемлекеттік ??рылым к?рінгенімен, мазм?ны, ?кілеттігі, миссиясы бойынша ?уырша? м?ртебесінде ?ал?анын тарих та?ылымы сан рет д?лелдеді.
Ке?естiк ?аза?станда?ы ?лтты? идеяны? тарихы мен та?дырын бiр ауыз с?збен шиырып айтар болса?, ол – ?лтжанды т?л?аларды? ?асiретi мен ?у?ын-с?ргiнге ?шыра?аны, кешегi ?ралуан ?лтты? идеяны ?у баста?ы тартымды м?н-ма?ынасынан ж?рдай бол?ан утопиялы? социалистiк идеяны? алмастыр?аны, ол – ?з елiндегi, ?з жерiндегi біраз ?аза?ты? к?шпен та?ыл?ан саяси-идеологиялы? тапшыл ?рандар мен адасулар ?серiнен ?аза?тан жатсыну?а бет т?зегенi. ?лтын с?йген, социалистiк эксперименттерден ?ара б?лттай т?нiп келе жат?ан апатты? с?мды?ын ?апысыз ??ын?ан рухы биiк а?ын-жазушылар, ?алымдар, жекелеген т?л?алар ту?ан хал?ыны? тiлi, дiнi, м?дениетi, жерi ?шiн от?а к?йiп, су?а т?скенмен, ?ылышынан ?ан там?ан тоталитарлы? ж?йе ?аза?станда тiлге же?iл, ж?рекке жылы ?лтты? идеяны т?зуге де, халы??а ?сыну?а да жеткiзбедi, к?ктей солдырды. 20-30-жылдары Алаш зиялылары ??рбанды??а шалын?аннан кейiн ?лтты? идеяны табу ба?ытында?ы талпынысты «ЕСЕП» партиясыны?, «Жас т?лпар» ?оз?алысыны? д?ниеге келгенiнен, «?аза? ?дебиетi», «Зерде» газет-журналдарында?ы ?лт тарихы, тiлi, м?дени м?расы жайлы жарияланымдардан, Ш.Смахан?лыны? ?аза? мектептерiн ашу?а жанталасынан, 1979 жыл?ы Целиноград, 1986 жыл?ы Алматы о?и?аларынан к?ргенiмiз л?зiм. ?йт-кенмен, ба?ыт – ма?сат?а тура жеткiзетiн да??ыл жол емес. Ке?естік 70 жылды? ішінде ?исапсыз ?асiреттi басынан ?ткiзген, демографиялы? азшылы?ты? ?серінен ?лтты? болмыс-бітімінен ажырай жазда?ан бізді? ел т?уелсiздiктi? табалдыры?ынан кемел ?лтты? идеясыз аттады.
Т?уелсіздік та?ы атысымен ?лтты? идея м?селесі белсенді ?ол?а алынды. Т?рлі пікірлер орта?а салынды. Олар ?о?амды? сана?а игі ?сер еткені с?зсіз. Алайда, ?ылыми ізденістер бір арна?а то?ыспа?ан к?йде ?ала берді. Мемлекеттік билікті? ашы? та жария ?олдауынсыз ?лтты? идея табылмайтыны, тамырына ?ан ж?гірмейтіні белгілі болды. Ж?лдызды с?т Прези дентімізді? «?аза?стан жолы – 2050: бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша?» атты халы??а Жолдауын жариялаумен туды. Енді не істеу керек?
Біріншіден, «М??гілік Ел» идеясын зерттеуде, насихаттауда, о?у ?дерісіне енгізуде самар?аулы??а жол бермеу керек. Б?л істен барша зиялы ?ауым, саяси партиялар, ?о?амды? бірлестіктер, ?кіметтік емес ?йымдар, БА? тыс ?алмауына Парламент пен ?кімет, Президент ?кімшілігі жа?дай жаса?аны абзал.
Екіншіден, заманауи ?лтты? идеямызды балаба?шада т?рбиеленіп жат?ан б?лдіршіндерден бастап о?ушылар?а, студенттерге, жастар?а жеткізу ?шін бар к?шті сал?ан арты?ты? етпейді. Осыларды? санасына, ?мір салтына сі?¬ген ??ндылы? пен сенім «М??гілік Ел» орнатуды? ?оз?аушы к?ші болары к?м?нсіз.
?шіншіден, «М??гілік Ел» идеясын ?аза?станды? к?сіпкерлер, бизнесмендер, бай-ба?ландар ?олдауыны? ма?ызы зор. Олар ?алымдармен ынтыма?тасуы ар?ылы м?селені тере?інен зерделеген е?бектерді? д?ниеге келуіне септесер еді.
Т?ртіншіден, болаша?ы жар?ын ?лтты? идеямызды ?аза?станда?ы барлы? этнос¬тар мен айма?тар?а жеткізу ат?арылар іс-шараны? бір парасы ?ана. Ол ?лемдік а?паратты?, ?ылыми ке?істіктерден ойып т?рып ?з орнын алуы керек.
Со??ы ?ш ?асырда ?аза? даласында д?ниеге келген озы? ?лтты? идеяны? бірде-біреуі жасампаз миссиясын толы? ат?ара алмай, тарих ?ойнауына кірген еді. Есесіне Ке?естік тоталитаризмні? тапты?-партиялы? ?атыгез идеясы т?л?аларымызды баудай т?сіріп, ?аза?станды ?ркениет ?лемінен жыра??а ?кете жаздады. ?аза? еліні? м??гілігіне, г?лденуіне ?ызмет ететін идея енді туды. Осынысымен-а? «?аза?стан жолы – 2050: бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша?» Жолдауыны? м??гілік ??мыры басталды.
Шыны керек, Елбасымыз М??гілік Елге бастайтын, абыройлы ?рі м?ртебелі жолды жал?астыратын жастар?а, я?ни Бізге зор сенім артып отыр. ?йткені, Отанымызды? болаша?ын баянды етіп, а?а буын салып кеткен сара жолды жал?астыратын – Біз, жастар! Сонды?тан, ?лемні? дамы?ан 30 еліні? ?атарына ену жолында аянбай е?бек етіп, ?аза? Елін т?ртк?л д?ниеге таныту – тікелей жастарды? ?олында! ?лт К?шбасшысыны?, ел ерте?і – жастар?а к?бірек ж?гіне с?йлеуі – осыны? айшы?ты д?лелі. «Б?л Стратегия Сіздерге арнал?ан. Оны ж?зеге асыратын да, жемісін к?ретін де сіздер. Елді? болаша?ын бірге жаса?ыздар!» деген Елбасы ?аза?станны? болаша?ын жастармен байланыстырады. Б?гінде республикамызды? ?рбір екінші т?р?ыны 30 жас?а толма?ан ?скеле? жастар. Жас буын ?кілдеріне арнал?ан мемлекеттік ба?дарламалар с?тті ж?зеге асуда. Со??ы жылдары жо?ары білім алу?а берілетін гранттар саны ?л?айтылып, мемлекеттік «Болаша?» Ба?дарламасы аясында жас ?аза?станды?тар ?лемні? та?даулы о?у орындарында озы? білім алуда. Е? басты міндет ретінде белгіленген - ?лемні? е? дамы?ан 30 еліні? ?атарына кіру – ?аза?стан жастарыны? мойнына ж?ктелер ?лкен міндет болма?. Біз, жасотанды?тар, ?з білімімізбен, жа?ашылды??а деген ??штарлы?ымызбен осы м?рат?а лайы? болу?а, соны? талабына жауап беруге тиіспіз. Сонда, «?аза?стан-2050» Стратегиясын орындау ?олымыздан келеді. ?азіргі та?да еліміздегі мемлекеттік ба?дарламаларды ж?зеге асырушы да, жемісін к?руші де – Біз, жастар. Сонды?тан, ?зімізге артылып жат?ан сенімді ?лкен жауапкершілікпен а?тау?а міндеттіміз. Елбасыны? жастар саясаты дамуын на?тылай т?скені – жастар?а ?лкен сенім арт?аны деп ?абылдаймын. Мерейлі істерді? берекелі бастауы белгіленген аталмыш тарихи ??жатта е? бастысы – ?лтты? идеяны? т??ыры ай?ындалып, ?аза? тіліні? м??гілік тіл екендігі айтылды. Шынымен-а?, ?аза? тілі – ?лт тірегі. Д?л осы «М??гілік Ел» ??ымы ?лтты ?йыстырып, болаша??а бет ал?ан ба?дарымызды? д?рысты?ына кепіл бола алады. Сонды?тан келешегіміз кемел болуы ?шін – б?секеге ?абілетті мемлекет болуымыз шарт. ?аза? тілі – орта? ??ндылы?ымыз. ?аза? тілі – мемлекетімізде ?мір с?ретін ?лттар мен ?лыстар ?йыт?ысыны? кепілі болуы ?ажет.
М??гілік Ел — жалпы ?аза?станды? орта? ша?ыра?ымызды? ?лтты? идеясы. Бабаларымызды? арманы. ?Р Президенті Н.?. Назарбаевты? бастамасымен Астанада ас?а? рухымыз бен м??гілік м?раттарымызды паш етіп т?р?ан «М??гілік Ел» салтанат ?а?пасыны? салынуы «М??гілік Ел» идеясыны? мелекеттік идеология?а айнал?анды?ыны? бір д?лелі. «М??гілік Ел» с?зіні? тере? тарихи тамыры ж?не ?лкен ма?ыналы м?ні бар. Т?рік шежіресінде «м??гі» с?зі «Т??ір», «??дай», «Алла» с?здерімен ма?ыналас ?олданылды. Осыдан кейін, «М??гілік Ел» «Алла Та?аланы? елі, хал?ы» дегенді білдіреді ж?не мемлекет пен ?лтты? уа?ытпен шектелмеген т?мары болады деуге толы? негіз бар.
«М??гілік ел - ата-бабамызды? сан мы? жылдан бергі асыл арманы екенін барлы?ымыз білеміз. Ол арман ?лем елдерімен терезесі те? ?атынас ??ратын, ?лем картасынан ойып т?рып орын алатын т?уелсіз мемлекет атану еді. Ол арман т?рмысы ба?уатты, т?тіні т?зу шы??ан, ?рпа?ы ерте?іне сеніммен ?арайтын ба?ытты ел болу еді. Біз б?л армандарды а?и?ат?а айналдырды?.
Пайдаланыл?ан ?дебиеттер:
1.То?ысбаев Б., Сужикова А. Тарихи т?л?алар. — Алматы, «Алматыкітап» баспасы, 2005. — 368 бет.
2. Сызды?ов С.М., Селиверстов С.В., Сызды?ова Ж.С., Джаферсой Н., Кара А., ?абылдинов З.Е. Н.Назарбаевты? еуразиялы? идеясы ж?не т?ркі ке?істігі. ?жымды? монография. — Астана, «Сарыар?а» баспасы, 2011. — 404 бет.
3.Зиябек ?абылдинов. Астана а?шамы, Тегі асыл ел тарихын т?гендейді, 10.02.2014ж.
4. Бас редактор: Ерлан Сыды?ов. «MANGI EL» халы?аралы? ?ылыми-к?пшілік тарихи журналы, — Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. — 108 бет
5. «?аза?стан жолы - 2050: Бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша?», атты халы??а арна?ан жолдауы. « Егемен ?аза?стан» газеті, 2014, 17 ?а?тар
Просмотр содержимого документа
««М??ГІЛІК ЕЛ »ИДЕЯСЫН ІСКЕ АСЫРУ. »
«МӘҢГІЛІК ЕЛ »ИДЕЯСЫН ІСКЕ АСЫРУ.
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін,
ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға
жет嬬лейтін идея бар.
Ол – Мәңгілік Ел идеясы» Н.Ә.Назарбаев.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ХХI ғасыр ортасында Қазақстан халқына арналған идеяны ұсынған болатын.Ол мәңгілік ел идеясы болатын. . Сенімді серігі – ұлттық идея. Ұлттық идеяның тарихи орнын, оның кешегі, бүгінгі, ертеңгі болмыс-бітімін анықтау үшін алдымен «ұлт», «идея» ұғым-түсініктеріне тоқтала кеткен жөн.
«Ұлт» (латынша – nascor) термині Ежелгі Римде аз халықтар деген мағынада қолданылған екен. Бүгінде «ұлт» терминіне берілген анықтамалар қисапсыз көп.
Идея – грек сөзi, образ, ұғым, түсiнiк мағыналарында қолданылады. Атқаратын мiндетiне қарай идея алуан-алуан қырымен көзге түседi. Мысалы, бiрде ол сырт дүниенi бейнелейтiн қоғамдық сананың пiшiнi болса, ендi бiрде адамның басты сенiмi орнына жүредi. Шығарманың түпкi түйiнi мағынасында да қолданылатыны бар.
«Мұрат» сөзі де мағынасы жағынан «мақсаттан» маңыздырақ, жүрекке жақынырақ. Қайткенде де, мұратсыз ұлт та, мемлекет те жер бетінде болған емес. Қазақ даласында ұлттық идея байырғы түрік дәуірінде мемлекеттік, тіпті империялық биікке көтерілді. VIII ғасырда: «Бүкіл түркі халқы үшін қызыл қанымды жүгірттім, түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым, төрт бұрыштағы халықтың бәрін бейбіт еттім: бастыны еңкейттім, тізеліні бүктірдім!», деген бабаларымыз «Мәңгілік Ел» құрғанына сенімді еді.
Қазақ хандығының шаңырақ көтеруі¬мен ұлттық идея мемлекет пен оны құраушы этносты, тарих сабақтастығын үзбестен, дараландыратын факторға айналды. Кейінде ол идея талантты ұл-қыздарын әлемдік ақыл-ойдың асқар шыңына алып шығуға септігін тигізді. Ендеше, ұлттық идеямыздың бес ғасырдан астам тарихы бар екен. Оның өзi бiрнеше дәуiрден тұрады. Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегiн мемлекеттiліктi нығайту, этникалық аумақты қалыптастыру, бiрде тiлiн, бiрде тiсiн көрсеткен Ресей, Қытай, Жоңғар, Орта Азиялық мемлекеттермен оңтайлы қарым-қатынас орнату, бәсекеге төтеп беру құрады.
Жақсы менен жайсаңның басын өлiмге байлаған ХVІІІ ғасыр Абылай хан дүние салуымен қазақтың маңдайындағы бағын ұшырды. Ресейдiң бодандығына кiрген қазақ қоғамы әлеуметтiк-саяси және аумақтық тұтастығынан айырылды. Төл мемлекеттiң болмауымен қоса бiртұтас ақпараттық кеңiстiктiң жоқтығы да жалпыұлттық идеяның өрiсiн тарылтты, жолын кестi. «Бөлiп ал да билей бер» саясатынан туындаған әрбiр саяси күш, әлеуметтiк қауым өз биiгiне, көздегенiне лайық ұлттық идеяны дүниеге әкелдi. ХVІІІ ғасырда Абылай мен Ботақанның, ХІХ ғасырда Махамбет пен Баймағамбет сұлтанның, Кенесары мен Қоңырқұлжаның, ХХ ғасыр басында Сәкен мен Мағжанның, Әлiби мен Әлиханның ұстанған ұлттық мұраты барша қазаққа ортақ едi деп, ешкiм айта алмас. Иә, бұлар әрiсi – туған халқына, берiсi – соңынан ерген пікірлес қауымға қызмет еткiсi келдi. Бiрақ, уақыт өзi көрсеткендей, бiреулерi ат төбелiндей азшылықтың мұратын жалаулатса, екiншiлерi – барша қазақтың болмаса да қалың көпшiлiктiң мұратын дөп басып таба алғаны ақиқат. Сырым, Махамбет, Кенесарылар ұлттық идеяны қарулы күрестен тапса, Шоқан, Абай, Ыбырайлар ағартушылықтан, Әлихан, Ахмет, Мiржақыптар Алаш автономиясынан, Шоқай тұтас Түркiстанды құрудан, Әлiби, Сәкендер таптық күрес ілімін олжалады.
Егер ұлттық идеяның мәні – ұлттың тағдыр анықтағыш тілегі, ниеті, оны ілгері қадам басуға жұмылдырушы фактор, күн тәртібіндегі басты мәселені шешуге бағышталған мазмұнды әрі кесек ой десек, осылардың жиынтық формуласы М.Дулатов дәйектеген «Оян, қазақ!» тұғырнамасында жатыр. Бұл ұран емес, М.Дулатовтың өлеңдер жинағы да емес. Халық қасіретін, замана келбетін дәлме-дәл айқындаған сәуегейлік. Шынында да екі ғасырға жуық созылған отарлау, қорлық пен зорлық халықтың дүниетанымына, мінезіне, өмірсалтына, шаруашылығына орасан зор нұқсан келтіріп, еңсесін түсірген еді, алды-артын бағамдау қасиеттерінен айыра бастаған болатын.
Бір мүшелден де аз мерзім ішінде Ұлы даланы қозғалысқа әкелген «Оян, қазақ!» идеясы мақсат-мұратына жетіп, 1917 жылдың жазынан оның орнын «Қазақ автономиясы» ұлттық идеясы басты. Большевиктік билік қазақ халқына қисапсыз қасірет әкелетінін Алаш басшылары 1917 жылы-ақ ескертті. Қазан төңкерісін «найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен болған» зорлық актісі ретінде қабылдаған Ә.Бөкейханов, обалы нешік, әу бастан қазақ жұртын бірігуге, мақсатты әрекетке, бас амандығын қамтамасыз етуге шақырды. «Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді! – деп дабыл қақты ол. – Алаштың баласы, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда, басыңа бір қиын іс келді! Ақсақал аға, азамат іні, от басы араздық дауды қой; бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!». Бұл «Қорған, қазақ!» ұлттық идеясы еді. Бірақ Алаш көсемінің сақтандыруынан қорытынды шықпады. Большевиктер Алаш үнін тұншықтыру үшін күш қолданумен қатар Қазақ автономиясы идеясын өз пайдасына ұтымды жарата алды. Ақиқатына келгенде, қазаққа мемлекеттік құрылымы автономиядан төмен мәртебені ұсынуға жол қалмады. Соның өзінде үрдісті үш жылға созды. 1920 жылы құрылған Қазақ АКСР-і түрі жағынан ұлттық мемлекеттік құрылым көрінгенімен, мазмұны, өкілеттігі, миссиясы бойынша қуыршақ мәртебесінде қалғанын тарих тағылымы сан рет дәлелдеді.
Кеңестiк Қазақстандағы ұлттық идеяның тарихы мен тағдырын бiр ауыз сөзбен шиырып айтар болсақ, ол – ұлтжанды тұлғалардың қасiретi мен қуғын-сүргiнге ұшырағаны, кешегi әралуан ұлттық идеяны әу бастағы тартымды мән-мағынасынан жұрдай болған утопиялық социалистiк идеяның алмастырғаны, ол – өз елiндегi, өз жерiндегi біраз қазақтың күшпен таңылған саяси-идеологиялық тапшыл ұрандар мен адасулар әсерiнен қазақтан жатсынуға бет түзегенi. Ұлтын сүйген, социалистiк эксперименттерден қара бұлттай төнiп келе жатқан апаттың сұмдығын қапысыз ұғынған рухы биiк ақын-жазушылар, ғалымдар, жекелеген тұлғалар туған халқының тiлi, дiнi, мәдениетi, жерi үшiн отқа күйiп, суға түскенмен, қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйе Қазақстанда тiлге жеңiл, жүрекке жылы ұлттық идеяны түзуге де, халыққа ұсынуға да жеткiзбедi, көктей солдырды. 20-30-жылдары Алаш зиялылары құрбандыққа шалынғаннан кейiн ұлттық идеяны табу бағытындағы талпынысты «ЕСЕП» партиясының, «Жас тұлпар» қозғалысының дүниеге келгенiнен, «Қазақ әдебиетi», «Зерде» газет-журналдарындағы ұлт тарихы, тiлi, мәдени мұрасы жайлы жарияланымдардан, Ш.Смаханұлының қазақ мектептерiн ашуға жанталасынан, 1979 жылғы Целиноград, 1986 жылғы Алматы оқиғаларынан көргенiмiз ләзiм. Әйт-кенмен, бағыт – мақсатқа тура жеткiзетiн даңғыл жол емес. Кеңестік 70 жылдың ішінде қисапсыз қасiреттi басынан өткiзген, демографиялық азшылықтың әсерінен ұлттық болмыс-бітімінен ажырай жаздаған біздің ел тәуелсiздiктiң табалдырығынан кемел ұлттық идеясыз аттады.
Тәуелсіздік таңы атысымен ұлттық идея мәселесі белсенді қолға алынды. Түрлі пікірлер ортаға салынды. Олар қоғамдық санаға игі әсер еткені сөзсіз. Алайда, ғылыми ізденістер бір арнаға тоғыспаған күйде қала берді. Мемлекеттік биліктің ашық та жария қолдауынсыз ұлттық идея табылмайтыны, тамырына қан жүгірмейтіні белгілі болды. Жұлдызды сәт Прези дентіміздің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауын жариялаумен туды. Енді не істеу керек?
Біріншіден, «Мәңгілік Ел» идеясын зерттеуде, насихаттауда, оқу үдерісіне енгізуде самарқаулыққа жол бермеу керек. Бұл істен барша зиялы қауым, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ тыс қалмауына Парламент пен Үкімет, Президент Әкімшілігі жағдай жасағаны абзал.
Екіншіден, заманауи ұлттық идеямызды балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерден бастап оқушыларға, студенттерге, жастарға жеткізу үшін бар күшті салған артықтық етпейді. Осылардың санасына, өмір салтына сің¬ген құндылық пен сенім «Мәңгілік Ел» орнатудың қозғаушы күші болары күмәнсіз.
Үшіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясын қазақстандық кәсіпкерлер, бизнесмендер, бай-бағландар қолдауының маңызы зор. Олар ғалымдармен ынтымақтасуы арқылы мәселені тереңінен зерделеген еңбектердің дүниеге келуіне септесер еді.
Төртіншіден, болашағы жарқын ұлттық идеямызды Қазақстандағы барлық этнос¬тар мен аймақтарға жеткізу атқарылар іс-шараның бір парасы ғана. Ол әлемдік ақпараттық, ғылыми кеңістіктерден ойып тұрып өз орнын алуы керек.
Соңғы үш ғасырда қазақ даласында дүниеге келген озық ұлттық идеяның бірде-біреуі жасампаз миссиясын толық атқара алмай, тарих қойнауына кірген еді. Есесіне Кеңестік тоталитаризмнің таптық-партиялық қатыгез идеясы тұлғаларымызды баудай түсіріп, Қазақстанды өркениет әлемінен жыраққа әкете жаздады. Қазақ елінің мәңгілігіне, гүлденуіне қызмет ететін идея енді туды. Осынысымен-ақ «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының мәңгілік ғұмыры басталды.
Шыны керек, Елбасымыз Мәңгілік Елге бастайтын, абыройлы әрі мәртебелі жолды жалғастыратын жастарға, яғни Бізге зор сенім артып отыр. Өйткені, Отанымыздың болашағын баянды етіп, аға буын салып кеткен сара жолды жалғастыратын – Біз, жастар! Сондықтан, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында аянбай еңбек етіп, Қазақ Елін төрткүл дүниеге таныту – тікелей жастардың қолында! Ұлт Көшбасшысының, ел ертеңі – жастарға көбірек жүгіне сөйлеуі – осының айшықты дәлелі. «Бұл Стратегия Сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Елдің болашағын бірге жасаңыздар!» деген Елбасы Қазақстанның болашағын жастармен байланыстырады. Бүгінде республикамыздың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған өскелең жастар. Жас буын өкілдеріне арналған мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асуда. Соңғы жылдары жоғары білім алуға берілетін гранттар саны ұлғайтылып, мемлекеттік «Болашақ» Бағдарламасы аясында жас қазақстандықтар әлемнің таңдаулы оқу орындарында озық білім алуда. Ең басты міндет ретінде белгіленген - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру – Қазақстан жастарының мойнына жүктелер үлкен міндет болмақ. Біз, жасотандықтар, өз білімімізбен, жаңашылдыққа деген құштарлығымызбен осы мұратқа лайық болуға, соның талабына жауап беруге тиіспіз. Сонда, «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау қолымыздан келеді. Қазіргі таңда еліміздегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырушы да, жемісін көруші де – Біз, жастар. Сондықтан, өзімізге артылып жатқан сенімді үлкен жауапкершілікпен ақтауға міндеттіміз. Елбасының жастар саясаты дамуын нақтылай түскені – жастарға үлкен сенім артқаны деп қабылдаймын. Мерейлі істердің берекелі бастауы белгіленген аталмыш тарихи құжатта ең бастысы – ұлттық идеяның тұғыры айқындалып, қазақ тілінің мәңгілік тіл екендігі айтылды. Шынымен-ақ, қазақ тілі – ұлт тірегі. Дәл осы «Мәңгілік Ел» ұғымы ұлтты ұйыстырып, болашаққа бет алған бағдарымыздың дұрыстығына кепіл бола алады. Сондықтан келешегіміз кемел болуы үшін – бәсекеге қабілетті мемлекет болуымыз шарт. Қазақ тілі – ортақ құндылығымыз. Қазақ тілі – мемлекетімізде өмір сүретін ұлттар мен ұлыстар ұйытқысының кепілі болуы қажет.
Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар.
«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар. — Алматы, «Алматыкітап» баспасы, 2005. — 368 бет.
2. Сыздықов С.М., Селиверстов С.В., Сыздықова Ж.С., Джаферсой Н., Кара А., Қабылдинов З.Е. Н.Назарбаевтың еуразиялық идеясы және түркі кеңістігі. Ұжымдық монография. — Астана, «Сарыарқа» баспасы, 2011. — 404 бет.
3.Зиябек Қабылдинов. Астана ақшамы, Тегі асыл ел тарихын түгендейді, 10.02.2014ж.
4. Бас редактор: Ерлан Сыдықов. «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналы, — Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. — 108 бет
5. «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», атты халыққа арнаған жолдауы. « Егемен Қазақстан» газеті, 2014, 17 қаңтар