мол ізгілікті экологиялық білім мен мәдениеті жоғары
жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Табиғат туралы даналық сөздер, нақыл сөздер.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі 5 сыныптар аралығында өтетін «Жұлдызды сәт» географиялық сайысына қош келдіңіздер.
1-жүргізуші. Адаммен табиғат әрқашанда егіз. Ата – бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал - байлық» деп өсиет еткені тегін емес. Балалар, сендер білесіңдер күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғатымыздың бізге тартқан сыйы. Сондықтан біз табиғатты қорғауымыз қажет. Табиғатты қорғау әр адамның азаматтық борышы.
Сайысқа қатысушылар 5 сынып оқушыларынан құралған екі топ «Табиғат», «Экология».
ІІ. Сайыс шарттары.
1-кезең. Таныстыру (әр топ өздерін таныстырады).
2-кезең. «Бой сергіту»(«Табиғат» тобына 10 сұрақ, «Экология» тобына 10 сұрақ)
3-кезең. «Кім көп біледі». «Табиғат» тобы су қадірі туралы 7 мақал – мәтел, «Экология» тобы Жер қадірі туралы 7 мақал – мәтел.
4-кезең. «Сен білесің бе?» (Ауа райы туралы халық болжамдары)
«Табиғат» тобы Жазға байланысты 7 болжам. «Экология» тобы Қысқа байланысты 7 болжам.
5-кезең. «Биік шың» (топ жетекшілеріне 10 сұрақ)
6-кезең. «Біз қандай тыйым сөздерді білеміз?»
«Табиғат» тобы Орман – тоғай, жасыл – желекке байланысты тыйым сөздер. «Экология» тобы Жан – жануарларды аялау, қорғауға байланысты тыйым сөздер.
Ендеше сайысымызға қатысып ерінбей еңбектеніп жүрген алғыр оқушыларымызға сәттілік тілейік. Сонымен бірге сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар!
Көзге түсер жүйріктер бағасымен,
Суда ағар таулардың саласымен.
Тек сәттілік, қатысыңдар сайысықа,
Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыспа.
Оқу керек, білім керек қашанда,
Ол болмаса сайыс деген сайыс па? – дей отырып сайысымызды бастайық.
1-кезең. Таныстыру (екі топ ортаға шығып өздерін таныстырады) 10 ұпай.
2-кезең. «Бой сергіту» екі топқа сұрақтар қойылады, 1 сұрақ 1 ұпай.
«Табиғат» тобына:
Табиғатты оқып үйренудің әдістері? (Өлшеу, бақылау, тәжірибе жасау)
Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшын ғалымы? (И.Ньютон)
Тіршілік пайда болған ғаламшар? (Жер)
Жердің қатты қабаты? (Литосфера)
Дүниежүзінде неше материк бар? (6)
Жердің ішкі құрылымы қандай қабықтардан тұрады? (Жер қыртысы, мантия, ядро)
Ең үлкен мұхит? (Тынық мұхиты)
Қазақ халқы ежелден табиғат тылсымын меңгере білген, оның ыстығына күйіп, суығына көнген. Ата – бабаларымыз арттарына табиғат жайлы әр түрлі өсиет сөздер, мақал – мәтелдер және тыйым сөздер қалдырып кеткен.
3-кезең. «Кім көп біледі?» мақал – мәтелдер
«Табиғат» тобы су қадірі туралы 7 мақал – мәтел.
«Экология» тобы Жер қадірі туралы 7 мақал – мәтел.
4-кезең. «Сен білесің бе?» (Ауарайы туралы халық болжамдары).
«Табиғат» тобы Жаз мезгіліне байланысты 7 болжам.
«Экология» тобы Қыс мезгіліне байланысты 7 болжам.
Білгенге білім – байлық, бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
Үйренесің өнер – білім- өшпес мұра,
Таусылмас тау кенінің ордасындай – деп сайысымыздың келесі кезеңін жалғастырайық.
5-кезең. «Биік шың» (топ жетекшілеріне 10 сұрақ)
«Табиғат» тобы жетекшісіне
Жаратылыстану пәнін ұнатасың ба?
Жеке жұлдыздардың тобы? (Галактика)
Тау мен тау кездесе ме? (Жоқ)
Солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз? (Темірқазық)
Неше жасыңда ән айттың?
«Мантия» қандай мағына береді? (Жамылғы)
«Туған жер алтын бесік» деген пікір дұрыс па?
Жазда қар жата ма? (Жоқ)
Аюмен бетпе – бет кездестің бе?
Бізді қоршаған орта? (Табиғат)
«Экология» тобы жетекшісіне
Ғарыштық денелер туралы ғылым? (Астрономия)
Адам мен адам кездесе ме? (Иә)
Күнге жақын ғаламшар? (Меркурий)
Неше жасыңда атқа міндің?
Тірі денелерді ата? (Бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер)
«Құстың ұясын бұз» деген пікір дұрыс па?
Исаак Ньютонмен кездестің бе?
Алғашқы қазақ ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
Балық жерде тіршілік ете ме? (Жоқ)
Жаратылыстанудан не үйрендің?
6-кезең. «Біз қандай тыйым сөздерді білеміз?»
«Табиғат» тобы Орман – тоғай, жасыл – желекке байланысты тыйым сөздер.
«Экология» тобы жан – жануарларды аялау, қорғауға байланысты тыйым сөздер.
Қорытынды: Міне, біз «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан оқушыларымызды анықтайтын кезге де жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Біздің білімдегі жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болғандарыңызға көп рахмет.