Сабақтың барысы | І. Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Спорт жетекшісінен оқушылар жөнінде мәлімет алу. Журнал бойынша тексеру. Спорт киімдерін тексеру. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсаты мен мазмұнын түсіндіру. Сапта орындалатын жаттығулар. Бір орнында оңға, солға бұрыл, кері айнал. | 5 мин | Сабақты уақтылы бастау, форма кимеген оқушыларға ескерту жасау. |
Дайындық бөлімі | ІІ. Спорт алаңында айнала жүгіру. Жалпы дамыту жаттығулары. Б.қ. Аяқ арасы иық кең – де, қол мықында 1 – 4 мойынды оңға, солға қарай айналдыр. Б.қ. Аяқ арасы иық кең – де, қол иықта 1 – 4 иықты қолмен бірге алға, артқа айналдыр. Б.қ. Аяқ арасы иық кең – де, қол кеуде тұсында 1 – 2 қолды артқа соз, 3 – 4 оңға, солға қарай кер. Б.қ. Аяқ арасы иық кең – де, қол мықында 1 – 4 белді оңға, солға қарай айналдыр. Б.қ. Аяқ арасы иық кең – де, қол тізеде 1 – 4 тізені қолмен бірге ішке, сыртқа айналдыр. | 10 мин | Жүгіру кезінде өз жолымен жүгіруін қадағалау. Қолдың артқа керуін қадағалау. Тізені ішке, сыртқа айналдыруын ескерту |