Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Болашақ» ортаңғы тобы.
Күні:
Білім беру саласы: Денсаулық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Ұлттық ойындар.
Мақсат- міндеттері: Ұлттық ойындарының мазмұнын, ережелерін және ойнау тәсілдерін үйрету.
Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікті дамыту. Балаларға ұлттық ойындарды меңгертіп, оларды дұрыс ойнауға жаттықтыру
Әдіс- тәсілдер: көрсету, түсіндіру, жаттықтыру, ойнау.
Қажетті көрнекі құралдар: Орамал, жалауша.
Үштілділік компонент: жалауша- флажок, жалауша- flag.
Іс-әрекет кезеңі
Дене шынықтыру нұсқаушысының іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы
Балалар саппен музыка ырғағымен адымдап жүргізіп, бір түзудің бойына тұрғызамын.
Сәлеметсіздерме балалар?
Қане балалар, бір- бірімізге деген жаксы тілегімізді айтайықшы.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы тандаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгіге біргеміз.
Жарайсыңдар балалар.
Балалар сендер жайлауға барғыларың келе ме?
Жайлаудағы үлкен ата- әжелерімізден ұлттық ойын туралы мағлұмат жинап келейік.
Олай болса жолға шығайық.
Балалар оңға бұрыл, солға жүріп бас, біздерге жайлауға жеткенше әртүрлі кедергілер кездеседі. Жерде жатқан талдардан адымдап аттап жүреміз, енді тезірек бұталар астымен жүгіріп өтейік, сол жақтарыңа қараңдаршы аттар жайылып жүр, аттың жүрісін салайықшы,балалар алдымызда қоян қашып барады, қояндарша секірейікші балалар. Міне, балалар жайлауымызға да жеттік. Жарайсыңдар балалар, енді жай жүріспен жүріп, терең тыныс алып шығарамыз.
Саппен адымдап жүріп, сапқа тұрды.
Сәлеметсізбе.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы тандаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгіге біргеміз.
Ия.
Оңға бұрылады! Солға бұрылады.
Адымдап жүрді.
Бұталар астынан жүгіріп өтті.
Аттың жүрісін салды.
Қояндарша секірді.
Жай жүріспен жүріп, терең тыныс алып шығарды
Іздену- ұйымдастырушы
Қане балалар қолымыздан ұстап, шеңбер жасап, таза ауада денемізді шынықтырып алайық.
1. Б.ж-н.т қол белде, басты 4 рет оңға, 4 рет солға айналдырамыз.
2.Б.ж- аяқ иық кендігінде қолды иыққа қойып 4 рет алдыға, 4 рет артқа айналдырамыз.
3.Б.ж-н.т оң қол жоғары,сол қол төмен. 1-2 қолды артқа сермеу, 3-4 қолды ауыстырамыз.
4.Б.ж-аяқ иық бойында, қол кеуде алдында шынтақтан бүгулі, 1-2 қолды артқа сермеу, 3-4 – қолды жазып сермеу
5.Б.ж- аяқ иық бойында, қол төмен, 1-2 денені оңға ию, 3-4 с.с солға ию
Бір орында қос аяқпен секіру.
Балалар қараңдаршы жайлау қандай әдемі. Көптеген киіз үйлер тігілген. Киіз үй жанында отырған ата- әжелерімізден ұлттық ойындар туралы сұрап білейікші.
Ата көптеген ұлттық ойындар адамды жылдамдыққа, ептілікке, ойлау қабілетін арттыруға,өнерлі болуға, күштілікке үйрететінін айтып берді. Ұлттық ойынның түрлері: «Тоғызқұмалақ», «Ақсүйек», «Көкпар», «Аударыспақ», «Қыз қуу», «Соқыр теке»т.б.мазмұнын, ережелерін және ойнау тәсілдерін айтып берді.
Ұлттық ойын:
Олай болса, «Соқыр теке» ойынын ойнайық. Дөңгелене тұрайық, ортаға орамалмен көзі байланған ойыншыны шығарамыз.Бұл‑ «соқыртеке».Оны үш рет бір орында тұрғызып үш рет айналдырамыз да,қоя береміз. Жан‑жағындағы ойыншылар енді келіп бұны сыртынан түрткілей бастаймыз.Көзі байланған ойыншы түрткен баланы ұстап үлгеруге тырысуы керек.Ұстап алған соң оның атын атайды. Енді ұсталған ойыншы
«соқыртеке»болады.Ойын осылайша жалғаса береді.
Тыныс алу жаттығуы:
«Паровоз»-б. қ. қолды шынтақ тұсынан бүгіп, алма- кезек қозғалтып, «Чух-чух-чух» деп бөлме ішінде жүреміз.
Шеңбер жасайды.
Б.ж-н.т қол белде, басты 4 рет оңға, 4 рет солға айналдыру
Б.ж- аяқ иық кендігінде қолды иыққа қойып 4 рет алдыға, 4 рет артқа айналдыру.
Б.ж-н.т оң қол жоғары,сол қол төмен. 1-2 қолды артқа сермеу, 3-4 қолды ауыстыру
Б.ж-аяқ иық бойында, қол кеуде алдында шынтақтан бүгулі, 1-2 қолды артқа сермеу, 3-4 – қолды жазып сермеу
Б.ж- аяқ иық бойында, қол төмен,1-2 денені оңға ию, 3-4 с.с солға ию
Бір орында қос аяқпен секіру.
Соқыр теке ойынын ойнады. Ортаға көзі байланған ойыншы шығып, сыртынан түртпектеген баланы ұстап, ойыншылар ауысып отырды.
Бастапқы қалып, қолды шынтақ тұсынан бүгіп, алма- кезек қозғалтып, «Чух-чух-чух» деп бөлме ішінде жүрді.
Рефлексивті –түзетуші
Балалар біздер қайда бардық?
Қандай ұлттық ойын ойнадық?
Ойын ұнадыма балалар?
Өте жақсы. Барлықтарыңда жақсы қатыстыңдар.
Осымен ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды сау болыңыздар!
Жайлауға.
«Соқыр теке»
Ия, ұнады.
Сау болыңыз
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ұлттық ойындардың көптеген түрлерін.
Игереді: Ұлттық ойындардың ойналу ережесін.
Жасай алады: Ұлттық ойындарды ойнай алады.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Тукабаева Л.Г.