kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лтты? ойын – халы? м?расы

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лтты? ойын – халы? м?расы Саба?ты? ма?саты: Білімділік - Хал?ымызды? ?лтты? ойындарыны? ?алай ?алыптас?анды?ы, оны? атадан бала?а, ?лкеннен – кішіге м?ра болып жал?асып отыр?анды?ы туралы ма??лмат беру Дамытушылы? - ?лтты? ойын т?рлеріні? мазм?нын т?сіндіре отырып, жарыс т?рінде к?рсетіп, ?ызы?ушылы?тарын арттыру Т?рбиелік - Ата бабамыздан бізге жеткен ба?а жетпес байлы?ымыз, асыл ?азынамыз ?лтты? ойын екендігін біліп ?суге, денсаулы?ын шы?дай т?суге т?рбиелеу ?олданыл?ан к?рнекіліктер: ?лтты? ойын т?рлері салын?ан сурет, ?лтты? ойын?а байланысты буклет, музыкалы? аспап Саба?ты? ж?ру барысы: ?йымдастыру б?лімі 1. О?ушыларды? саба??а назарын аудару Кіріспе с?з: Хал?ымызды? тарихи – м?дени м?раларыны? т?рлері сан алуан. Соларды? ?ай – ?айсысы да адам?а, соны? игілігіне ?ызмет етуге ба?ыттал?ан. Осындай аса ??нды м?дени игіліктерді? бірі – ?лт ойындары. Б?гінде ойынды адам баласы жаса?ан жеті кереметті? ?атарына сегізінші етіп осы ойынны? аталып ж?руі де жайдан – жай емес. Б?рын ел ?ор?аушы батыр, жауынгер, халы? ?айраткерлері, ойын ?стінде к?рінеді. Сол ойын ар?ылы шыны?ып, ?зіні? бойында?ы таби?и дарынын шы?дай т?седі. ?лт ойындары осылайша атадан – бала?а, ?лкеннен – кішіге м?ра болып жал?асып отыр?ан. Ойын тек адамны? дене к?ш – ?уатын молайтып, оны шапша?ды??а, д?лдікке т. б. т?рбиелеп ?ана ?оймай, адамны? а?ыл – ойыны? толысуына, есейіп ?суіне де к?п пайдасын тигізеді. Манашы?лы Т?я?пай жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап ж?ріп ол бала кеудеге а?ыл ойлайды» - деп т?йіндейді. Б?дан к?ретініміз ойын тек к??іл к?теру мен ермек ?шін жасалма?ан, ?айта халы?ты? жазу ?нері ?лі дамыма?ан, о?у орны болма?ан кезде ?з ?рпатарын ?мірге ?зірлеу м?мкіншіліктерін пайдаланатын іс – ?рекет ?ызметін ат?ар?ан. ?аза?ты? ?лт ойындары та?ырып?а ?те бай ж?не алуан т?рлі болып келеді. Ал, балалар кім ?андай ?лтты? ойын т?рлерін біледі. Балалар: к?кпар, к?рес, те?ге алу, жамбы ату, аударыспа? М??алім: Б?л ойындарда ?андай мінез – ??лы?та болуды ?ажет етеді деп ойлайсы?дар? Балалар: ?жеттікті, батылды?ты, шапша?ды?ты, табандылы?ты, тап?ырлы?ты М??алім: Олай болса балалар келесі кезекте ойын т?рлеріне байланысты жатта?ан ?ле? жолдарына кезек берейік. ?зір титтей бойымыз ?зір бала? ойымыз Тек ?уамыз ойын біз ?зарады бойымыз Толысады ойымыз ?йткені біз к?н санап ?сіп келе жатырмыз 10 – ?а тол?ан батырмыз Кел, ?анекей, келі?дер Тамашаны к?рі?дер Бізде ?ызы? ойын бар Барлы?ы? ден ?ойы?дар Атты баптап Т?семіз біз к?кпар?а К?ш болмаса ?зі?де ?аларсы? аунап к?к ша??а Бір ?ыз о?ушы ойын шартын т?сіндіреді. Ер балалар к?кпар ойынын ойнайды. Б?йге міне басталды ?осылдым менде шетінен Озып шы?сам егерде ?жем с?йер бетімнен Бір ?ыз о?ушы ойын шартын т?сіндіреді. ?ал?ан о?ушылар б?йге ойнына ?атысады. Ала алмаса? те?гені Маза? ?ылар к?пшілік Ілу ?шін те?гені Керек екен ептілік Бір ?ыз о?ушы ойын шартын т?сіндіреді. Екі топ те?ге алу ойынын к?рсетеді. Кімні? к?зі ?ыра?ы Жамбы ату?а шы?ады Кім тигізсе жамбы?а Сол еліні? ?ланы Бір о?ушы ойын шартын т?сіндіреді. Екі топ жамбы атудан жарыс?а т?седі. Палуан болу о?ай ма ?ажет о?ан к?п айла Сол ?шін біз аянбай К?п к?рестік к?галда Бір о?ушы ойын шартын т?сіндіреді. Ойыншылар к?реске шы?ады. Біздер шымыр, ж?йрік те Ойынменен шыны?ты? Еп ?ана емес бірлікте Керек екен соны ??ты? Ж?ргізуші: ?аза?ты? ?лтты? ойындарыны? к?птеген т?рлері бар. Б?л ойындар бос уа?ытты к??ілді ?ткізуге, денсаулы?ты шы?дай т?суге, хал?ымызды? ?дет – ??рпын, салт – санасын біліп ?суге, тілді дамыту?а к?п ж?рдемдеседі. Осындай ойын т?рлеріні? бірі – ж?мба? айту. Б?л ойын – ?ол бос кезді? б?рінде айта беруге болады. Ж?мба? айту ой – ?рісті ке?ейтуге, сауатты молайту?а ?лес ?осады. Оны? шешуін табуда бала ізденеді, с?райды, ойланады. Осыны? б?рі сауатын ашады. Б?л ойынды ?лкендер де балаларда айтады. Б?л ойын кішігірім саба?, д?ріс. К?не, олай болса біз де осы ойынды ойнап к?рейік. Жыл?а дер ем а?пайды Жылан дер ем ша?пайды (Ар?ан) Алты ая?ты, т?рт к?зді Екі ауызды, бір с?зді Ынтыма?ты ел кезді ( Ат мінген адам) К?ліксіз ?мір с?рмейді ??мыры жаяу ж?рмейді (Ер то?ым) ?орытынды с?з: Сонымен ?лт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, ?ткен мен б?гінгіні байланыстыратын ба?а жетпес байлы?ымыз, асыл ?азынамыз. Сонды?тан оны ?йренуді? к?нделікті т?рмыс?а пайдалануды? ма?ызы ?те зор. Ойын адамны? алдынан ?мірді? есігін ашып, оны? творчестволы? ?абілетін оятып, ?міріне ?штаса береді. Ойынсыз а?ыл – ойды? ?алыпты дамуы да жо?, болуы да м?мкін емес. Ойын д?ниеге ?арай ашыл?ан ?лкен жары? терезе іспетті, ол баланы? рухани сезімі жасампаз ?мірімен ?штасып, ?зін ?орша?ан ортаны тану ар?лы т?сінік алады. Ойын дегеніміз тынысы ке?, алыс?а ме?зейтін, ойдан – ой?а жетелейтін, адам?а ?иялымен ?анат бітіретін осындай ?ажайып н?рсе, а?ыл – ой жетекшісі, денсаулы? кепілі, ?мір тынысы. Алматы облысы, К?ксу ауданы,Рахметолла Тол?ымбек?лы атында?ы орта мектеп ??лсейтова Жанар ?ыдыр?ызы
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лтты? ойын – халы? м?расы»

Ұлттық ойын – халық мұрасы

Сабақтың мақсаты: Білімділік - Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы,

оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып

отырғандығы туралы мағұлмат беру

Дамытушылық - Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде

көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелік - Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл

қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай

түсуге тәрбиелеу

Қолданылған көрнекіліктер:

Ұлттық ойын түрлері салынған сурет, ұлттық ойынға байланысты буклет, музыкалық аспап

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

1. Оқушылардың сабаққа назарын аудару

Кіріспе сөз:

Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бүгінде ойынды адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жай емес. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді. Манашыұлы Тұяқпай жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала кеудеге ақыл ойлайды» - деп түйіндейді. Бұдан көретініміз ойын тек көңіл көтеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта халықтың жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде өз ұрпатарын өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын іс – әрекет қызметін атқарған. Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі болып келеді.

Ал, балалар кім қандай ұлттық ойын түрлерін біледі.

Балалар: көкпар, күрес, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ

Мұғалім: Бұл ойындарда қандай мінез – құлықта болуды қажет етеді деп ойлайсыңдар?

Балалар: өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, табандылықты, тапқырлықты

Мұғалім: Олай болса балалар келесі кезекте ойын түрлеріне байланысты жаттаған өлең жолдарына кезек берейік.

Әзір титтей бойымыз

Әзір балаң ойымыз

Тек қуамыз ойын біз

Ұзарады бойымыз

Толысады ойымыз

Өйткені біз күн санап

Өсіп келе жатырмыз

10 – ға толған батырмыз

Кел, қанекей, келіңдер

Тамашаны көріңдер

Бізде қызық ойын бар

Барлығың ден қойыңдар

Атты баптап

Түсеміз біз көкпарға

Күш болмаса өзіңде

Қаларсың аунап көк шаңға

Бір қыз оқушы ойын шартын түсіндіреді. Ер балалар көкпар ойынын ойнайды.

Бәйге міне басталды

Қосылдым менде шетінен

Озып шықсам егерде

Әжем сүйер бетімнен

Бір қыз оқушы ойын шартын түсіндіреді. Қалған оқушылар бәйге ойнына қатысады.

Ала алмасаң теңгені

Мазақ қылар көпшілік

Ілу үшін теңгені

Керек екен ептілік

Бір қыз оқушы ойын шартын түсіндіреді. Екі топ теңге алу ойынын көрсетеді.

Кімнің көзі қырағы

Жамбы атуға шығады

Кім тигізсе жамбыға

Сол елінің ұланы

Бір оқушы ойын шартын түсіндіреді. Екі топ жамбы атудан жарысқа түседі.

Палуан болу оңай ма

Қажет оған көп айла

Сол үшін біз аянбай

Көп күрестік көгалда

Бір оқушы ойын шартын түсіндіреді. Ойыншылар күреске шығады.

Біздер шымыр, жүйрік те

Ойынменен шынықтық

Еп қана емес бірлікте

Керек екен соны ұқтық

Жүргізуші: Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Бұл ойындар бос уақытты көңілді өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – санасын біліп өсуге, тілді дамытуға көп жәрдемдеседі.

Осындай ойын түрлерінің бірі – жұмбақ айту. Бұл ойын – қол бос кездің бәрінде айта беруге болады. Жұмбақ айту ой – өрісті кеңейтуге, сауатты молайтуға үлес қосады. Оның шешуін табуда бала ізденеді, сұрайды, ойланады. Осының бәрі сауатын ашады. Бұл ойынды үлкендер де балаларда айтады. Бұл ойын кішігірім сабақ, дәріс.

Кәне, олай болса біз де осы ойынды ойнап көрейік.

Жылға дер ем ақпайды

Жылан дер ем шақпайды (Арқан)

Алты аяқты, төрт көзді

Екі ауызды, бір сөзді

Ынтымақты ел кезді ( Ат мінген адам)

Көліксіз өмір сүрмейді

Ғұмыры жаяу жүрмейді (Ер тоқым)

Қорытынды сөз:

Сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Алматы облысы,

Көксу ауданы,Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектеп

Құлсейтова Жанар Қыдырқызы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?лтты? ойын – халы? м?расы

Автор: ??лсейтова Жанар ?ыдыровна

Дата: 29.02.2016

Номер свидетельства: 300450


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства