Қолкүрес ойынының басты шарттары:
Столдың шетіне қарама – қарсы екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылайша ұстасқан екі ойыншы мұғалімнің белгісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай қарсыласының тіреулі қолын жығуға ұмтылады. Білегі жығылған ойыешы жеңіліп ойыннан шығады.
Бұл ойынды олимпиадалық немесе айналмалы деп аталатын жүйемен өткізуге болады.Қол күресі (Армрестлинг) спорты ежелден бері қызық әрі қиын спорт түрі болып табылады.1952жылы Калифорнияның Петалума қаласында ең бірінші осы спорт түрі жандана бастаған.Бұл спорт түрінің жандануына үлес қосқан алғашқы адамдардың бірі америкалық журналист Билл Соберанес болып табылады.Ол ең алғаш 1952ж Петалума заплында қол күресінен (Армрестлингтен) жарыс өткізіп халықтың ыстық ықыласына бөлене отырып осы спорттың дамуына себепші болды.Қазірдің өзінде Петалума қаласында әр жылдың қазан айының екінші сенбісінде қол күресі өткізіліп отырады.1962жылы Билл мен Дейв Девото бірінші әлем чемпионатын өткізген.Осылайша бұл спорт түрі қазіргі кезде өз федераиясын құрып,аудандық,облыстық,республикалық,халықаралық деңгейде өткізіліп отырады.Қазіргі күнде қол күресі «армрестлинг»деген атаумен белгілі.Бұл сөз ағылышын тілінен «arm»-қол, «wrestling»-күрес деген мағынаны береді.Арместлинг спорты қазіргі күнде Олимпиада ойындарында кірмесе де,бұл спорт студенттер,оқушылар,үлкендер,қарттар,мүгедектер арасында өткізіліп отырады.