Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс "Волейбол"»
«№8 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Сыныптан тыс
Тақырыбы: «Волейбол»
Орындаған: Г.О. Жақаева
Тексерген: Г.М. Кесикбаева
2016-2017 оқу жылы
«Бекітемін»
ДЖОІМ: Э.Х. Ескулова
Жарыстың барысы
2016-2017 оқу жылындағы 9-11 сыныптар арасындағы волейболдан жарыстың өтілу барысы
І. Мақсаты
- оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
- денешынықтыру және спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттау
- жасөспірімдерді нашақорлыққа қарсы бағытта тәрбиелеу
ІІ. Жарыстың өтетін орны мен уақыты
2016 жылдың 11 қазан күні 9-10-11 сынып қыздар арасында волейболдан мектепішілік жарыс өткізіледі. Команданың құрамы 8 ойыншыдан тұрады. Жарыстың басталуы сағ: 15.00 – де.
ІІІ. Жарыстың өткізілу тәртібі.
Жарыс қазіргі ереже бойынша үш кезеңмен өткізіледі. Топтардан үздік шыққан командалар ақтық топтарын құрайды.
ІҮ. Жарыс жеңімпаздарын марапаттау.
Жарыс жеңімпаздары және жұлдегерлері мақтау қағаздарымен марапатталады.
Пән мұғалімі: Г.О. Жакаева
Сыныбы: 9 “А,Ә”, 10 “А”, 11 “А”.
Өткізілген күні: 11.10.2016 ж.
Өткізілетін орны: Спорт зал
Сабақтың тақырыбы: “Волейбол”
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жылдамдыққа, ептіліке баулу, спорттық ойындарды ойната отырып, спортқа деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды ойын кезінде әдептілікке, достыққа, сыйластыққа, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тор көзі, доптар, ысқырғыш.
Сабақтың түрі: жарыс
Сабақтың тәсілі: топтық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Жарысқалы отырған оқушылар ортаға келіп сап түзейді.
ІІ. Ойын шартын түсіндіру.
Екі команданы 1-2 сапқа түзелтіп ортаға тұрғызып, кезек – кезек допты тор көзден өткізіп ойнату.
Бұл даекі командаға бөлінеді, әр команда келесі тұрған ойыншыға допты өткізеді.
Екі топты екі жаққа тұрғызып, доп ойнатқызу.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Жеңімпаз командаларға әр түрлі мадақтау қағаздарымен марапаттау.